Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет34/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   200
Әзалда. Әу баста. Аллаһ тағаланың есім сипаттарының әу бастан болған-
дығын, ол сипаттардың басталуының басы жоқ, әзалдан барлығын білдіреді. 
Қара: Әзәли.
«Мәңгілік құдіреттің әзалда, 
Әркімге болса тағдыры. 
Сол тағдыры біткенше
Пенденің қалмас қабдылы» (Бабалар сөзі).
Әзәзіл. ليزازع «Әзәзіл» сөзі – көне ибрит тілінен араб тіліне енген кірме сөз. 
Ол кейін діни әдебиеттер арқылы араб тілінен қазақ тіліне кірген. Бұл сөздің түпкі 
мағынасы туралы нақты мәлімет жоқ, әртүрлі болжамдар бар. Бір деректерде ол 
«Аллаһтың күші» деген мағына береді деп келген. Әзірейіл – Ібілістің дұрыс жол-
дан тайып, жаннаттан қуылғанға дейінгі аты. Ол көп жағдайда адамдарды дұрыс 
жолдан тайдырушы, азғырушы, арбаушы мағыналарында қолданылады. Қазақ әде-
биетінде жиі кездесетін сөз. 
«Жебірейіл ақ көгершін болып көрінген екен, Адамата мен Хауананы азғы-
руға Әзәзіл ұжымаққа келгенде, жылан сүгіретінде көрінген екен деген сияқты» 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 
«Көңіліне сайтан салды бұл пиғылды
Әзәзіл азғыруға қандай шебер. 
Патша қас қылуға бел байлады, 
Қылсам деп осы бастан мұндай өнер» (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
«Түн баласы түнерген түн жамылған
Аллаға емес, әзәзілге табынған. 
Інжілді өртеп, табанға сап Құранды, 
Әділдікті күткен ессіз қарыннан» (М.Жұмабаев, Шығ.). 
«Әзәзіл» сөзі қазақ тілінде түпкі мағынасымен бірге ауыспалы мағынада да 
қолданылады. Ол рухани азған, дұрыс жолдан тайған, шайтанның азғыруына ерген 
пасық адамға, арандатуға, опасыздық танытуға, имансыздыққа да қолданылады. 
«Бір әзәзілдің өсегіне еріп, өз қуанышыма балта шауыппын мен бейбақ» 
(Б.Момышұлы, Шығ.). 
«Сұмдық-ай, бүйте берсе ұрғашы атаулы құтырған иттей көзі қанталап иесі-


49
нен безер болар, қыз-қырқын әзәзілдік жолға түсер болар», – деген алып-қашпа сөз 
су жыландай сүйреңдеді» (С.Жүнісов, Ақан Сері). 
«Содырлы сойқандардың біріне-бірі айтатын әзәзілдік өсиеті қандай болаты-
нын ашып береді» (М.Әуезов, Әр жыл).
Әзәлдан. Әу бастан. Мәңгі болған, бастауы жоқ. Бұл ақида ілімінде Аллаһ 
тағаланың есім-сипаттарына қатысты қолданылатын термин. Яғни Аллаһ тағала әу 
бастан болған, Оның бар болуының бастауы жоқ, Ол Мәңгі. Қазақ тілінде бұл сөз 
«бұрыннан келе жатқан», «көнеден бар» деген мағыналарды беру үшін де қолданы-
лады. 
«Дос болған соң әзалдан 
Әмірді тәрк еттің деп 
Құдірет мұны шам алған» (Базар жырау, Шығ.). 
«Хәтте, елдің тізгінін 
Босатып алғансыз ба, алдияр? 
Әбілхайыр ханды әләздан 
Аруақты деп естуші ек» (Т.Ахтанов, Шырағың.).
Әзәли. Мәңгі, мәңгілік, жойылмайтын, бар болуының бастауы жоқ, өмірлік, 
өшпейтін. 
«Егер барлыққа келтірмегі бір өз алдына сипат болса, Алла тағаланың сипаты 
өзіндей қадым, һәм әзәли һәм әбәди болады да, һәмишә барлыққа келтіруден босан-
баса, бір сипаты бір сипатынан үлкен я кіші болуға жарамайды» (Абай, Шығ.). 
Матуриди мазһабының көрнекті ғалымы имам әл-Бәздауи: «Ақиқатында, 
тәкуин және ижәд (бар қылу) Алла тағаланың сипаты, хадис (кейін болған) емес. 
Бәлки, ол ғылым, құдірет сипаты сияқты әзәли. Мүкәууан, мәужуд (жаратылыс) 
нәрсе тәкуин емес. Жарату да Алла тағаланың сипаты, ол – хадис емес. Рахма (мейі- 
рімділік), ихсан (жақсылық жасау), ризқ (ризықтандыру) және мағфира (кешіру) 
сынды ісіне қатысты сипаттардың барлығы Оның әзәли сипаты болып есептеледі. 
Ал әшғари мазһабында Алла тағаланың ісіне қатысты бұл сипаттар ғылым, хаят 
сияқты зәти қадим сипатына жатпайды» деп, екі мәзһаб арасындағы айырмашылық 
бір мазһабтың «тәкуин» сипатын Алланың әзәли сипатына жатқызса, екінші мәзһаб- 
тың Алланың зәти қадим сипатына жатпайды деумен ерекшеленетінін сөз етеді 
(С.Оқанұлы, http://mazhab.kz).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет