60
мағынаны береді және «фәни» сөзінің антонимі ретінде қолданылады. Қазақ тілін-
де «бақи» сөзі «ақыреттік өмір» деген мағынасымен бірге «өмір бақи», «бақилық
болды», «ғұмыр бақи», «бақиға кетті», «бақиласу» сияқты тіркестер мен үлгілерде
жиі кездеседі.
«Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей,
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей» (Абай, Тол. жин.).
«Сыбызғы, сырнай, қызық әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер,
Бақи санап жүргенің бәрі фәни,
Өкініш сонда қалар, өмір өтер» (ХХ ғ. қаз.ақын.).
«Інгендей ыңыранған тұлыбына,
Қош қызым, бақи! – дейді сұлық ана.
Мамалап енді оны атайтын тек
Шекер мен, тірі болса ұлы ғана» (Ж.Молдағалиев, Жиырма бес).
Достарыңызбен бөлісу: