Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет41/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200
Б
Баб. Орта ғасырларда Орта Азияда бұқара халық арасында ислам дінін уағы-
здаған, діни білімдері терең ғұламалардың құрметті атағы. باب «баб» сөзі араб тілін-
де қақпа, есік деген мағыналарды береді. Алайда ғалымдарға, машайыхтарға беріл-
ген бұл лауазымның араб тілінен енгендігі күмән тудырады. «Баба» сөзінен шыққан 
болуы да мүмкін. 
Бабтар қазақ даласының оңтүстік өңірінде халық тарапынан өте жоғары құр-
метке ие болған. Қожа Ахмет Иасауидің баб атағын алған шәкірттері халыққа ис-
лам дінін, араб жазуын үйретуге ден қойып, мектеп-медреселер салдырған (ҚҰЭ).
Бай. Ислам шариғатындағы Зекет тарауында «бай» сөзінің арнайы терминдік 
мәні бар. Шариғат заңы бойынша,қолында бір жыл тұрған, нисапқа жететін, негізгі 
қажетінен артық байлығы бар адам бай деп есептеледі. Кімде-кім осы анықтама-
дағы сипатқа сай келсе, ол адам байлығының зекетін шығаруы тиіс және басқаларға 
оған зекет беруге болмайды.
Байа. Бойсұнуға және бағынуға ант беру. Араб тіліндегі ةعيب «байғат» сөзінің 
бір варианты. 
Байа қайсыбір адам билігін көпшілік алдында мойындау рәсімі ретінде кең 
тараған. Бағынуға келісудің белгісі ретінде ант беруші ант алушымен алақан ұры-
стыру жоралғысын жасайды. Әдет-ғұрып ретінде байа діни басқару орныққан жер-
лерде күні бүгінге дейін сақталған (Ислам энцикл.).
Байғат. Байғат ةعيب – келісім анты. Ислам мемлекеті басшысына бағы-
нуға, шығарған заңдарына мойынсынуға келісім беру. Ислам әлемінде бұл рәсім 
Мұхаммед пайғамбардың қазіргі уақытта болған. Бұл термин сира және тарих 
пен ислам саясатына қатысты жазылған кітаптарда жиі қолданылады.Қазақ әдеби 
тілінің он бес томдық сөздігінде «байғат» сөзінің көнерген сөз екендігі көрсетілген 
және оның тағзым, құрмет деген мағыналарда да қолданылатындығы айтылған. 
«Байғат етсін бабамның хақ жолына, 
Дінінен рәсуа болып айырылмасын» (Бабалар сөзі).
Осы жердегі «байғат» сөзі «бойсұну», «бағыну» деген мағыналармен қатар 
«құрмет», «тағзым» деген мағыналарды да қамтиды. Бұл «байғат» сөзінің араб 
тіліндегі түпкі мағынасының ауқымы кеңейіп, жаңа реңге ие болғандығын көрсе-
теді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет