Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет40/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200
Әһлу әл-бәйт تيبلا لهأ – Мұхаммед пайғамбардың жанұясы, ет жақын туыс- 
тары және олардың ұрпақтары.
Әһлу әл-китаб باتكلا لهأ – кітаб иелері. Ислам дінінде мұсылмандардан басқа 
Аллаһ тағала оларға кітап түсірген үмбетті «кітаб иелері» деп атайды. Олар: яһуди-
лер мен христиандар.
Әһлу сунна уәл-жамаға. Әһлү-сүннет уәл жамағат. ةعامجلاو ةنسلا لهأ – 
Мұхаммед пайғамбардың сүннеті мен мұсылман жамағатымен бірге жүретін мұ-
сылман үмбетінің негізгі бөлімі. Сәләф имамдардың ұстанымы тафуид болып та-
былады, себебі олардың басым көпшілігі тафуид жасаған, бірақ кейбір мәселелерде 
тауил жасаған. Ал хәләф имамдардың ұстанымы тауил болып табылады, себебі ба-
сым көпшілігі тауил жасаған, бірақ тафуид жолын ұстанғандары да болған. Қалай 
болғанда да тафуид пен тауилдің екі жаққа да қатысы бар, әһлү-сүннет уәл жамағат 
ұстанымы болып саналады (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Әфақ аумағы. Әфақ аумағыقافآ ةقطنم– Миқаттың сырт жағы. Қажылық амал-
дарын бастау үшін ихрамға кіретін бес миқаттан тысқары барлық жерлер «Әфақ 
аумағы» деп аталады. 
Әфақи يقافأ– Әфақ аумағының тұрғыны.
Әранә–әнә انأ – انرأ – бұл екі сөз хадис ілімінде сәнадта келген адамдардың 
бір-біріне хабарды жеткізгендігін білдіретін انربخأ әхбәранә, яғни «бізге хабарлады» 
сөзінің қысқартылған түрі. 
Әфрад دارفأ – «фәрд» сөзінің көпше түрі. Араб тілінде «фәрд» сөзі «жалғыз», 
«дара» деген мағына береді. Хадис ілімінде фәрд: шексіз фәрд және қатысты фәрд 
болып екіге бөлінеді. Қатысты фәрдтің бірнеше түрі бар: 1) Сенімді адамның ха-
дисті жалғыз өзі риуаят етуі. Мысалы: «Оны пәленше дегеннен басқа ешқандай 
сенімді адам риуаят еткен жоқ» деген сияқты. 2) Белгілі рауиден белгілі рауидің 
жалғыз риуаят етуі. Мысалы: «Оны пәленшеден тек қана пәленше риуаят етті» де-
ген сияқты. Егер осы хадисті басқа рауиден басқа келесі бір рауи риуаят етсе де, 
алғашқы сәнадта жалғыз рауи бар деп есептеледі. 3) Бір елді мекеннің немесе бір 
жақтың адамдары ғана риуаят еткен хадис. Мысалы: «бұл хадисті тек қана Мекке 
немесе Шам тұрғындары ғана риуаят еткен» деген сияқты. 4) Бір елді мекеннің 
тұрғындары ғана екінші бір елді мекеннің тұрғындарынан риуаят еткен хадис. Мы-
салы: «бұл хадисті Мәдина тұрғындарынан тек қана Басра тұрғындары риуаят ет-
кен» деген сияқты. 
Әшір. Ай есебі бойынша жылдың басы – мухаррам айының оныншы күні. 
Қара: ашура.


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет