Мухитдинов на печать indd


Биғса ةثعب – миссия, пайғамбарлық міндеттің келуі. Мұхаммедке пайғамбар- лықтың келуі.  Бидғат



Pdf көрінісі
бет50/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   200
Биғса ةثعب – миссия, пайғамбарлық міндеттің келуі. Мұхаммедке пайғамбар-
лықтың келуі. 
Бидғат ةعدب – дінде негізі жоқ жаңа құлшылық пен діни жоралғы. Яғни Құран 
мен сүннетте негізі жоқ, шариғат амалы деп енгізілген жаңалық. Ондай бидғат-
тар Мұхаммед пайғамбардан жеткен таза дінді бұзатын болғандықтан, тыйым са-
лынған, онымен амал жасауға болмайды. 
Бидғатшы – дінге шариғаттан негізі жоқ жаңалық енгізуші және бидғат амал-
ды жасаушы адам.
Билләһи. Аллаһтың атымен ант ішу. 
«Сіз «Әмәнту билләһи кәмаһуа би әмсайһи уасифатиһи» дедіңіз. Ол есім 
Аллалар һәмма ол Алла тағаланың фиғыл ғазимләрінің аттары, олардың мағына-
сын біл» (Абай, Тол. жин.). 
«Абай далам, көңілің жабықпасын, 
Мұхтар болып даңқыңды анықтасын. 
Жаңа заман бұлбұлы Бибігүлдің, 
Биігінде, билләһи, шарықтасын, 
Сайрауынан бұлбұлың жалықпасын!» (М.Мақатаев, Шығ.). Қара: Бәлләһи.
Бинамаз. Бейнамаз.Намазы жоқ адам, намаз оқымайтын адам. 
«Молдалар азан айтқанда, 


70
Бинамаз ұйқтап жатқанда, 
Ақ сәлделі бір адам 
Жетіп келді қасына, 
Таянып келді басына» (Батырлар жыры). 
«Бақыт қайдан келесің? – 
Ораза, намаз оқымас, 
Алланың атын тоқымас
Бинамаздан келемін» (Қабан жырау, Алтын қазық). 
Әл-Бинә ала ас-саләһ. Әл-Бинә ала ас-саләһ (намазды қайта жалғастыру) 
ةلاصلا ىلع ءانبلا – намазда тұрып дәреті бұзылған кезде, дәретін жаңартып, намазын 
жалғастыру. Ханафи мазһабында намазда тұрғанда күтпеген жерден намаз оқушы-
ның ықтиярынан тыс дәреті бұзылса, ол дәретін жаңартып, намазын дәретін бұзған 
жерден қайта жалғастыруына болады, бірақ намазды қайта бастау абзал. Мысалы, 
намаз оқып тұрып, мұрны қанап кетсе, ықтиярынан тыс жел шығып кетсе т.с.с. 
Мұнда дәретін бұзғаннан бастап, дәрет алып, қайта намазға тұрғанға дейінгі уақыт-
та сөйлемеу шарт. Егер ол осы уақыт аралығында сөйлеп қойса, намазын басынан 
бастайды. Шафиғи мазһабында намаз оқып тұрып дәрет бұзылса, намаз қайта оқы-
лады. Оны дәретін жаңартып келіп жалғастыруға болмайды.
Бисмилла. Бисмелда. Бисмилләһ الله مساب – «Аллаһтың есімімен» деген мағы-
нада. Ислами әдепте кез келген істі Аллаһтың атымен бастаған жақсы. Діни түсінік 
бойынша, Аллаһтың атымен басталған істе береке болады. Яғни кез келген істі 
бастарда бір Аллаһқа жалбарынып, сол істің берекесін сұраған жақсы. Сондықтан 
қазақ тілінде «бисмилла» сөзі белгілі бір істің не сөздің басы деген мағынада да 
қолданылады. 
«Бислиллә, әуелі аққа сана айтпақ, 
Оның үшін салауат Рәсуліміз аққа дос болған. 
Жүмләдан бұрын жаратып 
Халыққа нұры пәш болған» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
«Ағузу» менен «бисмиллә» 
– Әрбір сөздің бастауы» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«– Бисмиллә! Бисмиллә, – деп бар даусыммен нығырлап үш рет айттым» 
(Б.Соқпақбаев, Өзім тур.). 
«Бисмиллә деп сөйлесем
Тілге жәрдем бере көр, 
Тіл жаратқан жәләлім. 
Жанға жәрдем бере гөр, 
Жан жаратқан жәләлім» (Үш ғасыр.).


71


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет