Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет57/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200
Әл-Ғани. Бай. Алла тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі. Ол «өте бай, еш-
кімге мұқтаж емес» деген мағынаны береді. Қазақ тілінде бұл сөз терминдік мағы-
насында тек дініи еңбектерде ғана, әсіресе ақида саласы бойынша жазылған кітап-
тар мен мақалаларда кездеседі. Ал басқа шығармаларда тілдік мағынасында, яғни 
«бай», «ауқатты», «күйлі» деген мағыналарда қолданылады. 
«Ғани болсаң мақтанба
Көзіңді сал малы азға. 
Ризық берер бір Құдай, 
Жарлы болсаң тағы азба»(Кердері Әбубәкір, Қазағым.). 
«Қыз алмақ, қыз ұзатпақ хақтың жолы, 
Той етіп, шапан алмақ көптің жолы. 
Жарасар барға – шүлен, нарға – кілем, 
Құрысын бұл жаһанда жоқтың жол. 


80
Інісі Дербісәлі құдай ақы 
Дүнияға ғани жеткен екен қолы» (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
Ғанима. Олжа. Дін жолындағы жорықтарда жаулардың қолға түскен 
мал-мүліктері. Араб тілінен енген «ғанима» сөзі қазақ тілінде фонетикалық (ғани-
бат, ғанибет, ғанимат, ғанимет, ғанимет) және мағыналықөзгеріскеұшырап «рақат 
күй», «бақытты жай», «жарасты», «жақсы» деген тілдік мағыналарда қолданылады. 
«Соғысты қай тұстан бастау керек екенін Жәнібек баласы Қасыммен келіспек 
болғанда шешесі Жағанды ала отырғанды ғанипат көрді» (І.Есенберлин, Шығ.).
Ғар. Үңгір. Қазақ тіліне бұл сөз Мұхаммед пайғамбарға алғашқы уахи келген 
Хира ғарының (үңгірінің) атымен байланысты кірген. Кейін жалпы «үңгір» мағы-
насында қолданылып кеткен. 
«Әзірет пайғамбардан артық жасамаймын деп 63-те ғарға (үңгірге) кіріп, 
қалған жасын сонда өткізіпті-мыс. Ғардың астымен өзге қалалардағы Арыслан бап, 
пәлен баптармен қатынасып тұрыпты-мыс» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Ғарад. Ақида іліміндегі «Иләхият» тарауында қолданылатын термин. «Ға-
рад» деп – заттың кездейсоқ ауысқыш қасиеттерін айтады. Ғарад өздігінен тұр-
майды. Қандай да бір дененің жауһарлардан (преондардан) жиналып, белгілі бір 
пішімге енуі – ғарад, демек адамның күлу, ашулану, ренжу, дәм, иіс, түс сияқты 
көріністерін «ғарад» дейді. Шынтуайтында, Жаббар Хақ ғарад емес. Алланы қан-
дай да бір пішімге, кейіпке енгізуге немесе «Өзіне лайықты кейпі бар» деп ай-
туға болмайды. СебебіАлла тағала кейіптелуден, пішім мен көлемде болудан пәк» 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Ғарапа. Арапа. Арафа. Құрбан айтының алдыңғы күні. Һижра жыл санауы 
бойынша зул-хижжа айының тоғызы «Арафа күні» деп аталады. Өйткені бұл күнде 
қажылыққа кеткен адамдар қажылықтың ең маңызды парызын өтеу үшін Арафа 
жазығында болады. Елде қалған мұсылмандардың бұл күні ораза ұстағандары – 
сүннет. 
«Сол күні қажылар Ғарафат тауына барып, құрбандық шалып, ғарапат күнін 
өткізіп, қажылық ырымын жасайды» (С.Мұқанов, Шығ.).
Ғарасат. Араб тіліндегі ةصرع «арса» сөзінің көпше түрі تاصرع «арасат» сөзі-
нен алынған. Ол араб тілінен аударғанда «үлкен аула», «үйлер арасындағы ашық 
кең алаңқай» деген мағыналарды береді. Діни мазмұндағы шығармаларда «арасат» 
сөзі Қиямет күні адамдар қайта тірілгеннен кейін, есеп тапсыру үшін жиналатын 
орын деген мағынаны береді. 
«Алданып қапияда қалмай жырақ, қаупің зор бола қойсаң ғарасаттан. Пейіш- 
тен басқа қызық ойламайсың секілді мың жасаған әкім ұлықпан» (О.Шораяқов).
Діни наным бойынша, ол күн өте үрейлі, қорқынышты болады. Тіпті адам өз 
анасы мен баласына да қарамайды. Ғарасат күнінің осындай сипатына байланыс- 


81
ты «сұрапыл», «сұмдық азап», «алапат үрей», «зор ауыртпалық» деген ауыспалы 
мағыналарда да қолданылады. 
«Басылмапты қалың нөсер аспаннан
Қайысыпты жер ғарасат басқаннан. 
Алақандай оған одан пана таба алмай, 
Теңселіпті ағыл-тегіл босқан жан» (А.Нысаналин, Көзайым). 
«Шаяндікі де құр көргірлік қой деймін, шамалы күн тұз-дәмі ортақ болған 
серігіне жаны ашып шошудан гөрі не ғарасат, ғапыл оқиға өткенін білуге құмар 
секілді» (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас.).
Ғаршы. Ғарыш, Аршы. 
«Білгірсіп жұртқа жөн сілтер
Дін бұзған кейбір дүмшелер 
Келгендей кеулі ғаршыдан» (Базар жырау, Шығ.). 
«Ермегі емессің сен еріккеннің, 
Оңаша жүр екенсің көріп келдім. 
Бір ауыз лебізіңе ынтызар боп
Ғаршыдан қанат қаққан періштеңмін» (С.Омаров, Сәукен). 
Ғариб. Хадис ілімінде қолданылатын термин. «Ғариб» بيرغلا – «бөтен», 
«алабөтен», «жат», «таныс емес» деген мағыналарды береді. Хадис ілімінде «ға-
риб» депсәнадтың бір немесе бірнеше сатыларында тек бір ғана рауи риуаят еткен 
хадисті айтады. Ғариб хадистің сәнадында келгендей мәтінінде де келуі мүмкін. 
Ғариб мутлақ (шексіз) және нисби (қатысты) болып екіге бөлінеді. 1. Мутлақ 
(шексіз) ғариб: егер хадис сәнадының түпкі, негізгі сатысында бір ғана рауи бол-
са, оны «мутлақ ғариб» хадис деп атаймыз. Яғни жалғыз ғана сахаба риуаят еткен 
хадис. Мысалы: Омар жалғыз өзі риуаят еткен «Амал ниетке қарай...» деген хадис.
2. Нисби (қатысты) ғариб. Егер хадистіңсәнадының алғашқы сатыларында бірнеше 
рауи болып, кейінгі сатыда бір ғана рауи болса, ол хадисті «нисби (қатысты) ғариб» 
деп атаймыз. Яғни бірнеше адамнан бір ғана адам риуаят еткен хадис. Мысалы: 
Мәлик әз-Зуһриден, ол Ибн Әнәстән риуаят еткен хадисте Пайғамбар (саллаллаһу 
алайһи уа сәлләм) Меккеге кірген кезде басында رفغم (муғаффар) дулығасы болған 
екен. Бұл хадисті әз-Зуһриден тек қана Мәлик риуаят еткен. Қара: фәрд және афрад 
دارفلأاو درفلا .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет