82
Ғариб әл-хадис ثيدحلا بيرغ – хадис ілімінің бір саласы. Бұл салада хадистің
мәтінінде аз қолданылатын және мағынасы көмескі сөздер зерттеледі.
Ғаріп. Ғарып. Ислам дінінде бұл дүниеде адам өзін уақытша сезінуі, өзін жо-
лаушы есебінде ұстануы «ғаріптік» деп аталады.
«Мұхаммед пайғамбар: «Бұл дүниеде ғаріптей не жолаушыдай бол», – деген»
(Сахих әл-Бұхари).
«Ғаріп» сөзі ауыспалы мағынада басына ауыртпалық түскен, көмектесер жа-
нашыры жоқ, бейшара, мүсәпір адамға да қолданылады.
«Басына ғаріптік түсті.
Қиыншылық, ауыртпалық келді.
Не ғаріптік десе де,
Енді түсті басыма,
Жетім қалды-ау жасында» (XVIII-XIX ғғ. қаз.ақын.).
«Арман етпе, жас күнің көп,
Игілік көр, ерге бар!
Бұл
заманның қашқыны деп,
Мен ғарыпты есіңе ал!» (Абай, Тол. жин.).
«Бәріне де түсінем,
Бәрін білем,
Бірақ білмен өзімнің әлімді мен...
Атақтан да қашпайық, даңқтан да,
Бірақ Құдай бізді оған жаратқан ба?!
Кімдер
көмек болады ғарыптарға,
Даңқтылар әкесін танытқанда?» (М.Мақатаев, Шығ.).
Ғарыш. Аршы. Аллаһтың тағы.
«Сәждеге
баршалары басын қойып,
Қорыққаннан ғарыш ағланы барып құшты» (Мәшһүр Жүсіп, Шығ.).
Ғаса. Аса, асатаяқ. Діни әдебиеттерде Мұса пайғамбардың жыланға айналып
кететін асатаяғы болған. Бұл – оның пайғамбарлығының белгісі, яғни муғжизасы
еді. Ол осы асатаяқты жыланға айналдыру арқылы Мысырдағы сиқыршылардың
көзбояушылығын әшкере етіп, олардың иманға келуіне септігін тигізді. Діни қисса-
ларда осы муғжиза болған асатаяқ «Мұсаның асасы» деп те келеді. Ал діни әдебиет-
тер мен діни дастандарда Мұса пайғамбарды «Кәлимуллаһ», «Кәлим Алла» деп
атайды.
«Ғасаңды
кәлим Алла маған берсең,
Жүзігін Сүлейменнің
қолға кисем;
Жасымда
жиырмадағы қатар қойып
«Ал, таңда» десе мұның қайсын сүйсең» (Шәңгерей, Өлеңд.).
83
Ғасаба. Асаба. Олар: әке, ата, баба, ұл, ұлдың ұлы, шөбере ұл, туған ұл бауыр,
туған ұл бауырдың ұлы, әкесі бір ұл бауыр, әкесі бір ұл бауырдың ұлы, туған көке
(әкесінің ұл бауыры), әкесі бір көке, қыз ұлмен бірге, ұлдың қызы ұлдың ұлымен
бірге, туған қыз бауыр туған ұл бауырмен бірге, әкесі бір қыз бауыр әкесі бір ұл ба-
уырмен бірге және туған немесе әкесі бір қыз бауыр қызбен бірге (Ж.Жүсіпбеков,
Исламдағы мирас).
Ғасабалық. Ғасаба жолмен мирастан үлес алу. Бұрын құл болып кейіннен
азат қылынған адамға немесе оның ғасабалықпен алатын еркек мирасқорларына
тиісті мирас алу себебі (Ж.Жүсіпбеков, Исламдағы мирас).
Достарыңызбен бөлісу: