Мухитдинов на печать indd


Әл-Ғафу وفعلا «Әл-Ғафу» Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі. Ол  «кешірімді» деген мағынаны береді. Ғафур



Pdf көрінісі
бет60/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200
Әл-Ғафу وفعلا «Әл-Ғафу» Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз атының бірі. Ол 
«кешірімді» деген мағынаны береді.
Ғафур روفغ «Әл-Ғафур» Аллаһ тағаланың тоқсан тоғыз есімінің бірі. Ол «Аса 
Кешірімді», «Ерекше Жарылқаушы»деген мағыналарды береді.
«Өлімге бердің басты ыңғайланып
Ақырет жабдығын жеп, соны ойланып. 
Ия Ғафур, ия Рахман деген Алла, 
Жүгірдің Байтулланы жеті айналып. 
Байтулла қара жабу төрт бұрышты
Көргенде Байтулланы көңілің өсті. 
Есіңнен мал, жан шығып кетіп еді-ау, 
Дариядан бері өткен соң, сонда түсті.
Айналдың Байтулланы көбелектей, 
Қарамай жолдағыны баса көктей» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
«Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим, 
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән 
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды» (Абай, Тол. жин.).
«Түзікті бейіске шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп айта тұра
пендесінің біреуін жақсылыққа мейірлендіріп, біреуін жаманшылыққа мейірлен-
діріп... тұрады екен. Осының бәрі Құдай тағаланың ғайыпсыз, мінсіз, ғафур ра-
химдағына, әділдігіне лайық келе ма?» (Абай, Тол. жин.).
Ғашәрән. Ғашаран. رشع «Ғашәрән» сөзі араб тілінде «он», «ондық» деген 
мағына береді. Діни мәтіндерде тірі кезінде жаннатпен сүйіншіленіп қойылған 
Мұхаммед пайғамбардың он сахабаларына қатысты қолданылады. 


85
«Бірақ әулиелердің де бәрі бірдей тәркі дүние емес еді, ғашәрән-мүбәшәрадан 
қазрет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Әбудқас үшеуі де үлкен байлар 
еді» (Абай, Тол. жин.).
Ғайяр. Ғаяр. Қызғаншақтық. «Ғайяр» сөзі араб тілінде «қызғану» деген 
мағынаны береді. Ислам дінінде ер адам өзінің жақын анасы, әйелі, әпке-қарын-
дастары мен қыздарын өзге еркектерден қызғанып, оларды қоруы «ғира» деп, ал 
оларды қызғанушы ер адам «ғайяр» немесе «ғаюр» деп аталады. Бұл сөздің қазақ 
тілінде терминдік мағынасымен қатар тілдік мағынасы да қолданылады. Қазақ әде-
би тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді «аяр» деп түсіндірген. Алайда келтір-
ген мысалдардан ол сөздің «қызғаншақ» деген мағынада қолданылғандығын аңға-
руға болады. 
«Ақтар ғаяр жау, рақымсыз жау дейді екен ол әкеме, – деді Асан ажары бұ-
зылыңқылап, ата жауымыз олар, қанаушылардың қамытын біздің мойнымызға қай-
та кигізбек» (Т.Нұртазин, Үлкен жолда). 
«Еліңе барғаныңша босатпағын, 
Өзі ғаяр, есіркеп сөз қатпаған. 
Әсте айтқан сөзінің шындығы жоқ
Үйір қылып қасына жолатпаған» (Ғашық-наме).
«Біздерді алдап келер дүние ғаяр, 
Сөйтіп жүріп адамға уын жаяр. 
Қолыңды жарты сағат босатпайды, 
Бірін тапсаң, тұрады бірі даяр» (Шал ақын, Өлеңд.). 
«Болған соң өзі бұзық қиял, қызық көзі
Түзелсін атаусыз боп не ғып өзі? 
Әлі де ренжітіп көрейін деп, 
Ал мынау ғаярсынып айтқан сөзі» (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет