Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет72/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Екінді намаз. Екінті намазы. Бесін намазынан кейін оқылатын төрт ракағат-
ты парыз намаз, парыз намазының алдын бекітілмеген төрт ракағат сүннет намазы 
да бар.Екінті намазының уақыты бесін намазы аяқталғаннан кейін басталып, күн 
толық батқанға дейін созылады (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
«Баймен бірге бірадар, сопы, ақсақалдар да ере шығып, бір-бір құманмен 
екінді дәретіне дайындалды» (І.Жансүгіров, Шығ.). 
«Бата жасалып, дастарқан жиналысымен екінді намазын өтемекке үйдегілер 
тысқа шығып дәрет ала бастады» (М.Абдірахманов Көктем.).
«Қаладан шыққан жолаушылар жолда еш жерде тоқтамастан суыт жүріп оты-
рып, екінті кезінде, алыстан шұбартып көрінген қалың ауылға қарай ат басын бұр-
ды» (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш.). Қара: аср намазы.
Екінші отырыс. Үш не төрт ракағатты намаздардағы «аттахият» және «са-
лауат» дұғаларын оқу үшін соңғы отыру «екінші отырыс» немесе «соңғы отырыс» 
деп аталады. «Екінші отырыс» намаздың парыздарына жатады. Сондықтан екінші, 
яғни отырысқа отырмаған адамның намазы бұзылды деп саналады.
Елші (расул) لوسر – жаңа шариғат уахи етіліп, соны халыққа жеткізу міндеті 
тапсырылған Аллаһтың таңдаулы құлы, пайғамбар. Елшіге жаңа шариғат жүкте-
летіндіктен, оның дәрежесі пайғамбардан жоғары деп есептеледі.
«Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құдайдың елшісі 
пайғамбарымыздың хадис шарифі, хайруннас мән янфағұннас деген» (Абай, Тол. 
жин.). 
«Елші болып пайғамбар келді бастап, 
Дүзеткен хақ Мұхаммед дінді қоштап.
Солардан асыл ғалам жари болған,
Төрт жар мен он екі имам жүмлә асхаф» (К.Әбубәкір, Қазағым).
«Иман дегеніміз бір ғана инанбақтық емес, сен Алла тағаланың бірлігіне, 
Құранның Оның сөзі екендігіне, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллалаһү ға-
лайһи уәсәлләм Оның тарапынан елші екендігіне инандық» (Абай,Тол. жин.).
Елшілік. Діни әдебиеттерде Пайғамбарлардың Аллаһтың дінін адамзатқа 
жеткізу миссиясы «елшілік» деп те аталады.
Еммәт. Үмбет. Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді «еммат» 
сөзінің сөйлеу тіліндегі варианты деп көрсетілген. Алайда түсіндірмеде келтірген 
тіркестен оның «еммат» сөзінің емес, «үмбет» сөзінің сөйлеу тіліндегі варианты 
екендігін байқауға болады.
«Қырылды біздің шеркес, сансыз дұшпан,
Қабыл ал, жалғыз мен ғой қалған достан.
Үйіңе кіргіз мені! – расул куә,
Өлгенше еммәтіңді сірә ұмытпа» (XVIII-XIX ғғ. қаз. ақын.).
Енжіл. Інжіл. Иса пайғамбарға түсірілген кітап.


103
«Керейдің төрт биі: Көкен, Бейсенбі, Құлыбек, Топан деген адамдар. 
Құнанбай Керейдің төрт би сайлағанын дәріптеп былай депті: Құдайдан түскен үл-
кен кітап төртеу еді: Таурат, Забур, Енжіл, Құран. Құдайдың ең жақын періштесі 
төртеу еді: Жабырайыл, Ғазырайыл, Ысрафил, Микайыл. Мұрсал пайғамбарлар – 
Құдайдың ең жақын досы – төртеу еді: Мұса, Дауыт, Ғайса, Мұхамбет. Мұхамбет 
пайғамбардың серігі - төртеу еді: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Ислам дінін та-
ратқан имам төртеу еді: Ахмет, Мәлік, Шайхи, Ағызам» («Жұлдыз» ).
Ережеп. Ражаб. Ай күнтізбесі бойынша жетінші ай. Ол – ислам дінінде қаси-
етті саналатын төрт айдың бірі. 
«Қасиетті ережеп айы өтіп, ауыз бекітер рамазан айы басталған» (С.Жүнісов, 
Ақан Сері.).
Ешен. Ишан. Орта Азия мен Қазақстанда жиі қолданылатын діни лауазым. 
Діни ілімі терең, артынан ерген шәкірттері көп ғалымға қолданылған.
«Қаладағы қарақожа ешен ел аралап жүр екен. Қолы тисе, жарықтықты 
Науатқа Құран түсіруге шақыру керек еді» (К.Баялиев, Дегелек.).
«Бабата тағы сондай сан ата бәрі де әулие ешендердің мазарлары орнаса да, 
арғы көне замандардан, әр дәуірден келе жатқан кәрі кенттер екені даусыз» 
(М.Әуезов, Алғы шептегілер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет