Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет69/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Дүние аспаны. Жеті қат аспанның жер бетін көмкеріп тұрған ең төменгі қа-
баты. Ислам дінінде жеті қат аспан бар. Ол турады Құран кәрімде көп айтылған. 
Жеті аспанды қат-қабат қылып жаратқан (Алла). Сен (ей, адам) Аса Мейірімдінің 
жаратылысында ешбір сәйкессіздік көрмейсің. Жанарыңды қайта сал: бір сызат 
көрер ме екенсің? («Мулк» сүресі, 3-аят).
Дүре соғу. Қылмыскердің жон арқасын қамшымен не шыбықпен ұру. Ислам 
шариғатының қылмыстық кодекстерді зерттейтін саласы «Әл-Уқубат әш-шарғия» 
немесе «Худуд» тарауында қолданылатын термин. Шариғатта адамға жала жа-
бушыға (қазф), зина жасаған бойдақ адамға, ішімдік ішкенге және т.б. қылмыс жа-
сағанға дүре соғу жазасы белгіленген.
Дұрыс жол. Бұл тіркес діни мәтіндерде «Құран аяттары мен Мұхаммед пай-
ғамбардың сүннетінде көрсетілген жолмен Құдайға құлшылық ету» дегенді біл-
діреді. Ислам діні арқылы Алла тағала адам баласына жаңаша өмір сүрудің дұрыс 
жолдарын көрсетті, адам өзі өмір сүріп отырған қоғамның қай жолда дамитынына 
жауап беретінін білдірді («Егеменді Қазақстан»). Қара: тура жол.
Дін. Құдайға деген сенімді белгілі бір рәсімдер, жоралғылар, құлшылық жа-
сау тәсілдері арқылы жүйелейтін, адамның рухани жетілуін реттейтін адамзат қоға-
мындағы күрделі әрі маңызды мәдени сана.
«Дін жолын бекем ұстауды үлгі етемін деп Құнанбай аға сұлтан боп тұрған 
күнде Қарқаралы қаласында мешіт салдырған» (М.Әуезов, Әр жыл.). Қазақ тілінде 
«дін» сөзімен байланысты тіркестер өте көп.
Дін аман. Асылы, ислам дінінен шығып кетпей дін талаптарын толық орын-
дауға жағдай бар және дінді ұстануға ешқандай қысым жоқ кезде қолданылады.
Бұрынғы өткен заманда, 
Дін мұсылман аманда. 
Он сан ноғай елінде 
Шаншар хан атты ханы бар (Батырлар жыры).
Кейін ауыспалы мағынада «сау-саламат», «шығын жоқ», «ешқандай келеңсіз 
жағдайға душар болған жоқ» деген мағыналарда қолданылып кеткен. 
«Кетпей, келмей дүние тұра алар ма,
Жаз да кетті-ау сағынтып тірі адамға. 
Жасыл шекпен жамылған төрем менің,
Ауыл-аймақ, ел жұртың дін аман ба?» (М.Мақатаев, Шығ.). 
Дін жолы. Дінде көрсетілген нұсқауларға, діни тағылымдарға сай өмір сүру. 
Қазақ әдеби шығармаларында дін жолы ретінде «ислам діні тағылымдары» қабыл 
етіледі.
Дін ислам. Ислам діні. Алла тағаланың Мұхаммедті пайғамбар әрі елші етіп 


99
жіберу арқылы барша адамзатқа түсірген соңғы діні.
«Дін исламның жолындағы пенделер иманның хақиқатын білсін» 
(Абай, Тол. жин.). 
«Бұхара баратұғын базарымыз, 
Жақын боп дін исламға таза жүрміз. 
Алып кеп ұламадан молда сақтап, 
Айтылар әр ауылдан азанымыз» (Айтыс).
Дін мұсылман.Ислам діні. Яғни мұсылманның діні.
«Бұрынғы өткен заманда, 
Дін мұсылман аманда. 
Он сан ноғай елінде 
Шаншар хан атты ханы бар» (Батырлар жыры).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет