Діні бөлек. Екінші тарапқа оның ұстанатын діні басқа болғанда қолда-
нылады.
Діни әдебиеттер. Дін тақырыбында жазылған еңбектер. Ислам дініндегі не-
гізгі діни әдебиеттерге Құран кәрім кітабы, Мұхаммед пайғамбардың хадис жи-
нақтары жатады. Бұл екеуінен басқа сира кітаптары, фиқһ, тафсир, ахлақ, діни қис-
салар мен өзге де діни тақырыптарды қамтыған әдебиеттерді жатқызуға болады.
Діни ғимараттар. Діни құлшылықтар өтеуге арналған ғимараттар. Оған
мешіт, қылует, михраб, мінбер, мешіттен бөлек салынған мешіт мұнарасы секілді
орындар жатады.
Діни дастандар. Діни тақырыптарды насихаттайтын, діни тұлғаларды дәріп-
тейтін жыр-дастандар.
Діни дәстүрлер. Халықтың тұрмысынан, өмір сүру салтынан бекем орын
алған дінге негізделген дәстүрлер. Оған жаңа туылған сәбиге азан шақырып ат қою,
шілдехана тойын жасау, сүндетке отырғызу, сырға салу, неке қию секілді дәстүрлер
жатады.
Діни қисса. Діни тұлғалардың батырлығын, адамгершілігін, бастарынан өт-
кізген ауыртпашылықтарын жырлайтын қиссалар.
Діни лауазымдар. Діндегі атқаратын қызметтеріне немесе діни ілімінің дең-
гейіне қарай берілетін лауазымдар. Оған муфти, имам, ахун, ишан, молда, дамолла,
қари, азаншы, пір, мурид және т.б. жатады.
Діни мереке. Дінде көрсетілген, тойлауға шақырған мерекелер. Ислам дінін-
де ең үлкен діни екі мереке бар. Олар: ораза айты мен құрбан айты. Осы екеуінен
100
басқа мұсылмандар Мұхаммед пайғамбардың туған күні маулидті те үлкен мереке
ретінде қарсы алып, көптеген игі шаралар ұйымдастырады.
Діни оқу орны. Дінді үйрететін оқу орындары. Ислам дініндегі діни оқу
орындарына медреселерді, мешіт жанынан ашылатын сауат ашу курстарын, мем-
лекеттің лицензиясымен ашылған ЖОО мен медресе-колледждерді жатқызуға бо-
лады.
Діни уағыз. Адамдарға дін тақырыбында сөз қозғап, үгіт-насихат жүргізу.
Оларға діни талаптарды түсіндіруге, шариғат көрсеткен жолды баяндауға арналған
уағыздар. Жалпы, қазақ тілінде «уағыз» деген сөздің өзі дінмен тікелей байланыс-
ты.
Дінсіз. Белгілі бір дінді ұстанбайтын, діни жоралғыларды мойындамайтын,
Құдайға сенбейтін адам. Қазақ тілінде «дінсіз» сөзі ауыспалы мағынада «қатыгез»,
«мейірімсіз» деген мағыналарда да қолданылады.
«Жіберді әлгі қапты жерге атып,
Антұрған шал дәулетке қалды батып,
Қап жерге түскеннен соң дінсіз кәпір
Арқанды алып кетті жұла тартып» (Абай, Тол. жин.).
Діншіл. Діншіл адам. Дініне берік, шариғат талаптарын толық орындауға ты-
рысатын, өзгенің ала жібін аттамайтын Құдайға сенгіш адам.
«Тәпсірші, дінші сопының кітабын да оқыдым.
Тазартып талай қоқымын,
Түзеттім дінді шалыстан» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
101
Достарыңызбен бөлісу: |