131
сені жарату тәкуин сипатымен жүзеге асады (С.Сейтбеков, Иман негіздері).
«Ирада» сөзі қазақ ойшылдарының еңбектерінде де кездеседі. Алла тағала-
ның сифат субутия деген жеті сипаты. Әуел – хаят яғни тірі-ді, біздің ақылымыз
жетпейтін тірлікпен алим болушы-ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм
бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар
көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес, ирадат тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен
нәрсесін тілеген уақытында дүниеге шығарушы, такуин жоқтан бар етуші-ді, кәләм
сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жетпейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті
тілмен, әріппен, дауыспенен емес (А.Мұқашева, Ыбырай Алтынсарин, Өмірі мен
шығармалары).
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінде Аллаһ тағаланың есім-сипаттарына қа-
тысты көптеген термин келген. Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет,
Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкуин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ға-
замат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың
сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим
бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары
бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалай-
ша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж
емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән тағрифлап
танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағрифатулла
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды.
...Құдай табарака уатағала кітаптарда сегіз субутия сипаттары бірлән, уә тоқсан
тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия
субутия уә фиғлия сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның
екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауы-
ның бірі – хаят. Яғни, тірлік. ...Бірі – тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз
(Абай, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: