247
Хасад دسحلا – көреалмау, біреудің қолындағы нығметтің кетуін армандау. Ол
жүрек ауруларына жатады. Егер біреудің нығметін кетіруге дене мүшелері аралас-
са, істеген ісіне қарай күнә алады.
Хасан хадис نسحلا ثيدحلا – сахих хадистен төмен, дағиф хадистен жоғары дәре-
жедегі, дәлел ретінде жарайтын хадистің түрі. Ол иснад-тізбегі аяғына дейін үзіл-
меген, әділ (не сенімді), бірақ есте сақтау қабілеті нашарлау риуаятшы жеткізген,
қайшылығы және кемшілік-кінәраты болмаған хадис. Егер хадистіңсәнады (тізбегі)
үзілмей әділ, бірақ есте сақтау қабілеті әлсіздеу рауи арқылы жеткен болса және
ол хадис шәз және муғалләл болмаса, ол хадис «хасан хадис» деп аталады. Яғни
хадисті риуаят етуші адамның есте сақтау қабілеті әлсіздеу болса, бірақ ол әділ
өтірік айтпайтын адам болса және оның жеке риуаят еткен хадисі жарамсыз (дағиф)
хадистер тобына жатпайтын болса, ол хадис хасан хадис деп есептеледі. Хасан ха-
дистің сахих хадистен айырмашылығы тек рауидің есте сақтау сипатының әлсіздеу
болуында. دانسلإا نسح иснады хасан хадис. Бұл хадистіңсәнадындағы рауилерді зерт-
теп, хадис сәнадының хасан екендігін анықтағаннан кейін айтылады. Және бұл тер-
мин хадистің мәтінінің хасан екендігін білдірмейді. Өйткені хадистіңсәнады хасан
бола тұра, мәтінінде шәз немесе иллә болуы мүмкін. Сол үшін иснады хасан хадис
хасан хадистен төменгі дәрежеде тұрады. Бұл терминді көбінесе Хаким ән-Найса-
бури «Мустадрак» атты хадис жинағында қолданады. Егер Хаким хадисті иснады
хасан деп, хадистің шәз немесе муғалләл екендігін атамай кетсе, ол хадис мәтінінің
де хасан екендігін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: