Мухитдинов на печать indd


Әл-Бақи. Әл-Бақи – Алла тағаланың есімі. Мағынасы: Алла тағала мәңгі- бақи бар болады, Оның соңы болмайды.  Бақилық



Pdf көрінісі
бет43/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Әл-Бақи. Әл-Бақи – Алла тағаланың есімі. Мағынасы: Алла тағала мәңгі-
бақи бар болады, Оның соңы болмайды. 
Бақилық. О дүниелік. 
Бақилық болу. Қайтыс болу, о дүниедегі мәңгілік мекенге аттану.
Бақиғ. Бақиғ عيقبلا– Мұхаммед пайғамбар мешітінің жанында орналасқан үл-
кен қорым. Онда Айша анамыз, Осман ибн Аффан мен көптеген сахабалар (Аллаһ 
оларға разы болсын), имам Мәлик және басқа да үлкен-үлкен имамдар мен көрнекті 
ғалымдар жерленген.
Балиғ. Балиғат жасына толған адам. 
«Және де бай қызы тоғыз жаста балиғ болды» (М.Дулатов, Шығ.). 
«Түзеткен Бекшора хан Әбименен, 
Біледі балиғ түгіл сәбименен. 
Сәждеде бір Аллаға тағат қылған 
Хисапсыз ғалымдары кәріменен» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Балиға. Балиғат. Ұл мен қыздың тұрмыс құруға болатын жасы. 
«Балиғаға толмай өлген балаға жаназа оқып жерлегеннен басқа, ешқандай ас 
беру деген болмайды» (Ы.Алтынсарин, Таңд.). 
«Ұл баласы жоқ үйлер қыздарын жастайынан еркекше киіндіріп, еркекше 
тәрбиелейтін. Ондай қыздар балиғаға толғанша өздерін еркекпіз деп санайтын да, 
шетінен өжет, өткір келетін» (І.Омаров, Шабыт.). 
«Балиғаға толды дейтін он екі жасынан бері мешітте оқылатын жұма нама-


61
зынан қалып көрген емес» (С.Әбілқасымұлы, Оспан батыр).
Балиғат. Балиғат غولب – шариғат бойынша өз іс-әрекетіне жауап беріп, діни 
парыз-міндеттерін толық орындауға кірісетін ересектік. Балиғат ер балаларда мә-
нидің ағуымен, қыз балаларда етеккірдің келуімен басталады. 
Балиғатқа толу. Балиғатқа толу – адамдарға шарғи үкімдерді орындау мін-
деті жүктелетін жасқа толу. Шариғат заңы бойынша, ер бала ихтиләм арқылы, қыз 
бала хайыз қанын көрумен балиғатқа толады. Біздің аймақта ер балалар шамамен 
он екі жастан, қыз балалар тоғыз жастан балиғатқа толады деп есептеледі. Егер их-
тиләм болмаса және етеккір келмесе, ер балаға да, қыз балаға да һижра жыл санауы 
бойынша, он бес жасынан намаз оқу және басқа да шариғат талаптарын орындау 
парыз болады. 
Бап. Ислам дінін таратушы уағызшылар мен ғалымдардың есімдеріне тірке-
се қолданылып, олардың діни лауазымын көрсететін сөз. 
«Сайрамда бар сансыз бап. Ең үлкені Арыстан бап» («Қазақст. мект.»). 
Қара: баб. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет