62
замат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты.
Жә, біз өзіміздің бойымыздағы сегіз зәррә аттас сипатымызды ол Алла тағаланың
сегіз ұлығ сипатынан бас бұрғызып, өзге жолға салмақпенен біздің атымыз муслим
бола ала ма? Болмаса керек. Жә, ол сегіз сипатына сипатымызды һәм ол аттары
бірлән ағламланған фиғыл құдаға фиғлымызды ертпек неменен табылады, қалай-
ша табылады, оны білмек керек. Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа мұқтаж
емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш
сипаттар бірлән тағрифлап
танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағрифатулла
қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел
білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре алмайды.
...Құдай табарака уатағала кітаптарда
сегіз субутия сипаттары бірлән, уә тоқсан
тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла тағаланың затия
субутия уә фиғлия сипаттары дүр. Мен мұнда сіздерге төртеуін білдіремін. Оның
екеуі – ғылым, құдірет. Сегіз сипаттан қалған алтауы – бұларға шарх. Ол алтауы-
ның бірі – хаят. Яғни, тірлік. ...Бірі – тәкуин, яғни барлыққа келтіруші деген сөз»
(Абай, Тол. жин.).
«Енді олай болса, айтқандай қылып білдіретұғын құдіреті және басар, сәмиғ,
яғни көруші, естуші деген» (Абай, Тол. жин.).
Қазақ әдеби тілінің он бес томдық сөздігінде бұл сөзді «көруші, ұғынушы,
түсінуші, білуші» деп түсіндірген. Алайда бұл түсіндірме негізгі мағынадан
ауытқып кеткен. Өйткені қазақ тіліндегі «басар» сөзі тек Аллаһ тағаланың сипа-
тын түсіндіруде термин ретінде ғана қолданылған және ол жерде «көруші» деген
мағынаны береді.
Бата. Маңызды іс бастарда, басталған іс нәтижелі аяқталғанда т.б. өзіндік
шартымен, рәсімімен орындалатын тілек айтудың
ерекше формасы ретіндегі қа-
зақ халқының ұлттық этикеті көрінісінің, салт-дәстүрінің бірі. Батаны көбінесе ел-
жұртқа сыйлы, үлкен жастағы, ағайын арасында жолы үлкен адам береді. «Бата»
сөзі араб тіліндегі «Фатиха» сөзінің өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Олай
деуге түркі халықтарында қол жайып дұға жасағаннан кейін бетті сипаудан алдын
«Фатиха» сүресін оқу дәстүрі болған. Қазақ тілінде «Фатиха» сүресін «Батиха» не-
месе «Батиқа» деп те айтатын болған. Араб тіліндегі ح «хә» әріпі қазақ тіліне енген
сөздерде көп жағдайда «ә» әріпімен беріледі немесе түсіп қалады. Мысалы, әрекет,
әуіз сөздеріндегі «х» әрпі түсіп қалған. Содан «бата» сөзі шыққан болуы мүмкін.
«Жауға шапқанда сізге батагөй, дуагеріңіз болайын» (С.Бақбергенов Қан тозаң).
«Бата жасалып, дастарқан жиналысымен екінді намазын өтемекке үйдегілер
тысқа шығып дәрет ала бастады» (М.Абдірахманов, Көктем.).
«Айтқанынша Сайынның Қобыланды бата береді:
«Алла ашсын жолыңды.
Ұзын қылсын қолыңды!
Танып жүргін, е, балам,
Оның менен солыңды!» (Батырлар жыры).
Батиқа. «Фатиха» сүресі. Құран кәрім кітабының бірінші сүресі. Қазақ тілін-
63
де «Батиқасын берді» деген тіркес бар.
Ол «бір адамға немесе бір іске сәттілік тілеп, Құдайдан дұға жасау» деген
мағынаны береді.
«Жарықбас молда батиқасын берді» (Ә.Нүрпейсов, Шығ.).
Батин.Батын. Ішкі жан дүние. Араб тілінде نطاب «батин» сөзі «ішкі» деген
мағынаны береді. «Батин» сөзін сопылық бағыттағы мәтіндерде жиі кездестіруге
болады. Сопылық таным бойынша, сыртқы іліммен қатар ішкі ілім де бар. Адам-
ның жан дүниесі арқылы көз жеткізетін ақиқаттарына осы батин ілімі негіз болады.
«Парһійзгар супылардың жолыменен,
Құдайға құлшылықта ғибадатым.
Айырушы Алла бар, не
ғамым бар,
Адамның ішкі сырын, заһар, батын» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
«Сіздің батиныңыз таза болмағы ол иман болып, бұл заһир ғибадатыңыз
иманды болған соң ғана парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңы-
здағы иманның көлеңкесі, һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйы-
рылған» (Абай, Тол. жин.).
Ал Кашафи Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир
және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жыл қызмет еткендігі
туралы мәлімет береді («Егемен Қазақстан»).
Бәдәл. Хадис ілімінде қолданылатын термин. لدب – ауыстыру, алмастыру. Ол
«әбдәл» (لادبلأا) деп те аталады. Хадис ілімінде кітап жазған бір ғалымның шейхы-
ның шейхына басқа бір қысқа жолмен, яғни сәнадпен жету. Мысалы: Имам Муслим
Яхиядан, ол Мәликтен, ол Нәфиғтен, ол Ибн Омардан риуаят еткен хадисін Мәлик-
тен басқа бір қысқа сәнадпен риуаят ету.
Достарыңызбен бөлісу: