65
Бәну Исрайл ليئارسإ ونب – Исрайл ұрпақтары, яһудилер.
Бәну надир. Бәну надир – мұсылмандармен одақтастық келісімін бұзғаны
үшін һижраның 4 жылы Мәдинадан қуылған яһуди тайпасы. Тарих және сира кітап-
тарында кездесетін атау.
Бәрекелді. Бәрекелде. Бәрекелді. Бұл – араб тіліндегі الله كراب «бәрака Аллаһу»
(Аллаһ берекесін берсін) тілек мағынасындағы сөздің қазақ тілі заңдылықтарына
бағынып, өзгерген түрі. Мұсылмандық әдеп бойынша, бір адамның жақсылығын
көргенде рақмет айту үшін не оған жақсы тілек тілегенде «Аллаһтың саған бере-
кесі болсын» деп дұға жасайды. Сол тілек араб тілінде الله كراب «бәрака Аллаһ» деп
айтылады.
«Тоты құстай таранып,
Жан-жағына қаранып,
Қыз Назым сонда сөйледі:
Бәрәкә Алла, арыстан,
Ер өледі намыстан» (Қамбар батыр).
«– Уә, бәрәкә Алла, рақмет, – деп хазірет, араб үнімен көмейін толтыра сөй-
леп» (Д.Әбілов, Ақын.).
Керімберді Мітісбектің жол көргендігіне сүйсініп: «Бәрекелде, бәрекелде»,
– деп көтермеледі. Қазақ тілінде «бәрекелді» сөзі мақтау, мадақтау, көңілін көтеру
және рухтандыру мақсатында да қолданылады.
«Түгел адам баласы я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмай-
тұғыны болмайды» (Абай, Тол. жин.).
«Жарайсың, берекелді, замандасым,
Құмандай күзетерміз оттың қасын» (Айтыс).
Сонымен қатар бұл сөз қазақ тілінде ауыспалы мағынада адамның бір пікірін
қолдағанда немесе оның ісіне таң қалғанда да одағай сөз ретінде қолданылады.
Бәрекелді, сол дұрыс байлау болар.
«– Ал жеңілдік жасаушылар нақтылы орындарда отырған дәл жауапты
адамдар ғой, – деді Көлбаев» (М.Әуезов, Өскен өрк.).
«Әп, бәрекелді, сүйтіңдер, шырақтарым» (М.Иманжанов, Менің махабб.).
«Бәрекелді, мақтанбас нәрсеге мақтанады екенсің. Жарайды, бір балық ұстап,
сен-ақ мұратқа жете қойшы» (А.Байтанаев, Асан).
Достарыңызбен бөлісу: