68
«Бог один» деп бетінен сүйіп қара.
Бесмілла әмір зибал, кәләм, қашап,
Інім де, һәм дінім де Аллаға хас» (Ақан Сері, Шығ.).
Бесін намазы رهظلا ةلاص – күн ауғаннан кейін оқылатын намаз. Бесін намазы
төрт ракағат сүннет, төрт ракағат парыз және екі ракағат сүннет намазынан тұрады.
Бесін намазы күн тас төбеден ауғаннан бастап, әр заттың көлеңкесі күн тас төбе-
де тұрған кездегі көлеңкесін алып тастағанда, өз бойынан екі есе болғанға дейін
жалғасады (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Әбу Разин: «Нәфиғ ибн әл-Әзрақ Ибн Аббасқа (Аллаһ әкесі екеуіне разы бол-
сын) келіп: «Бес уақыт намаз Құранда (бар) ма?» – деп сұрады. Ол (Ибн Аббас):
«Иә», – деп, «Кеш батарда...» («Рум» сүресі, 17-аят) шам намазы, «таң атарда» таң
намазы «...және кешкілік» («Рум» сүресі, 18-аят) екінті намазы, «және түс кезін-
де» бесін намазы (деп осы аяттарды) оқыды және «құптан намазынан кейін ...»
(«Нур» сүресі, 58-аят) деген аятты оқыды», – деп айтқан (Әл-Хаким ән-Найсабури.
әл-Мустадрак).
«Ақсақалдар әңгімесі біткен кезде, бесін намазы да болып қалған екен»
(С.Сейфуллин, Шығ.).
Қазақ тілінде осы бесін намазының уақытына байланысты бірнеше сөздер
кездеседі.Күннің тас төбеден ауып, бесін намазы кіретін уақытты «бесін мезгілі»
деп атайды.
«Сәске түстен бесінге шейін Смағұл екеуміз аласұрып, жуан сырғауылды ара-
мен кескіледік» (С.Сейфуллин, Тар жол.).
«Бесінге дейін біздің әскерлердің санынан асып кетуі мүмкін, – деді әмір-
лердің бірі» (Ә.Кекілбаев, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: