Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет84/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200
Жоғарғының түрлері. Хадис терминологиясында қолданылатын термин.
ولعلا ماسقأ (ақсам әл-ълуу). Жоғарғының бес түрі болады. Олар: 1. Пайғамбарға са-
хихсәнадымен жақын болу. Яғни пайғамбарға дейінгісәнадтың адамдары аз әрі са-
хих болуы керек. Бұл жоғарғы хадистің ең абзал түрі. Оны кейде «шексіз жоғары» 
деп те атайды. 2. Хадис ілімінің бір имамына жақын болу. Мысалы: Имам Мәликке 
жақын болу. Бұл жерде десәнадтың сахих болуы шарт. 3. Алты сахих кітаптары-
ның немесе басқа да сенімді кітаптардың бірінің риуаятына жақын болу. 4. Рауидің 
ерте қайтыс болуымен жоғары болу. Мысалы: бір Ахмад деген кісіден Зейд және 
Махмуд деген екі кісі хадисті риуаят етті. Ал Зейдтан Абдуллаһ ал Махмудтан Әли 
осы хадисті риуаят етті. Зейд Махмудтан бұрын қайтыс болады. Сонда осы ха-
дистің Зейд арқылы жеткенсәнады Махмуд арқылы жеткенсәнадынен жоғары бола-
ды. Имам Нәуәуи: «Хакимнен Байһақи одан үш адам риуаят еткен хадис Хакимнен 
Әбу Бәкр ибн Халәф одан үш адам риуаят еткен хадистен жоғары. Себебі Байһақи 
458 һ.ж. ал Әбу Бәкр ибн Халәф 487 һ.ж. қайтыс болған», – деді.
Жуз. Бөлік, бөлім. ءزج «жуз» сөзіараб тілінде«бөлім», «бөлік» деген мағына-
ларды береді. Ол Құран ілімінде және хадис ілімінде екі түрлі мағынада қолданы-
лады. Құранның отыздан бір бөлігі «жуз» деп аталады. Ол қазақ тілінде «пара» 
деп те қолданылады. Ал хадис іліміндехадис рауилерінің бірінің ғана риуаяттарын 
қамтыған немесе бір ғана тақырыпты терең зерттеу үшін жазылған кітап деген 
мағынада қолданылады. 
Жумадә ахира ةرخلآا ةدامج – ай күнтізбесі бойынша 6-шы айдың аты.
Жумһур. Көпшілік. Ғалымдар арасында белгілі бір мәселе төңірегінде пікір 
алшықтығы болғанда көпшілік ғалымдардың ұстанымын «жумһур ғалымдардың 
пікірі» деп айтады.
Жухфа (Рабиғ) ةفحج– Мекке мен Мәдинаның орта тұсындағы, Мәдинаның 
оңтүстік-батысында шамамен 250 шақырым қашықта Қызыл теңіз жағалауына 
жақын орналасқан елді мекен. Ол Сирия, Палестина, Ливан және Иордания тұрғын-


117
дары үшін ихрамға кіретін жер, миқат болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет