Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет87/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200
Зәмзәм құдығы. Меккедегі әл-Харам мешітінің ішінде Қағбаға жақын жер-
де орналасқан зәмзәм суы бар қасиетті құдық. Ол ең алғаш рет Ажар анамыз ұлы 
Исмаилмен бірге сол тұста жалғыз өздері қалғанда Алла тағаланың қалауымен жер 
тепкілеп аштықтан жылап отырған Исмайлдың аяғының астынан атқылап шыққан 
бұлақ болған. Сонда Ажар анамыз оны «зәмзәм» (жинал, жинал) деп бір жерге жи-
нап алғысы келген. Сол уақыттан бері ол құдық «зәмзәм» аталып кеткен. 
Аббас әулетінен шыққан халифа Әбу Жафар Мансұр зәмзәм құдығының айна-


120
ласына мәрмәр тасын орнатқан. Осман әулетінен шыққан сұлтан Сүлеймен Кануни 
зәмзәм құдығы айналасын 1,5 м биік мәрмәрмен қоршап, хауыз салдырды (ҚҰЭ).
Зәмзәм суы. Меккедегі Қағба тасының жанындағы құдықтан алынған қаси-
етті, киелі су.
«Халықтың нұры түскенде, 
Толайым жұрт түгесіп, 
Зәмзәм суын ішкенде, 
Тұла да бойым бекиді» (Қабан жырау, Алтын қазық). 
«Бұл күнде қисайып тұр ханның туы, 
Білесің мен айтпай-ақ өзің мұны. 
Ханымыз бүгіндегі Дербісәлі 
Болып тұр шүбәсіз зәмзәм суы» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Зәннәм – жаннам, тозақ, о дүние.
Зәту Ирқ قرع تاذ – Ирак тұрғындары үшін ихрамға кіретін жері, миқат. Қара: 
миқат.
Зәтун-Нитақайн نيقاطنلا تاذ – Әбу Бәкірдің қызы Әсмәның (Аллаһ әкесі екеуі-
не разы болсын) лақап аты. Бұл теңеу қос белбеудің иесі деген мағынаны білдіреді. 
Себебі ол Пайғамбармен Әбу Бәкір (Аллаһ оған разы болсын) Мәдинаға қоныс ау-
дарар кезде белбеуінің бір бөлігін жыртып алып, оларға арнап жол азық салынған 
қапшықтың аузын байлаған.
Зекет ةاكزلا – зекет. «Зекет» сөзі араб тілінде «өсу», «көбею», «тазалану» және 
«мақтау» деген мағыналарды береді. Ислам шариғатында зекет – жылына бір рет 
байлығы нисапқа толғандардың Құранда аты аталған адамдарға беретін байлығы-
ның белгілі мөлшері. Ал фиқһ ғылымында зекет деп – Аллаһ ризалығы үшін белгілі 
байлықтың белгілі мөлшерін белгілі адамдарға иелендіруді атайды. Зекет – Ислам 
діні тіректерінің бірі. Зекет – өзінің негізгі қажетінен артық, нисапқа толған бай-
лығы бар және қарызы жоқ балиғат жасына толған ақыл-есі бүтін әрбір мұсыл-
манға парыз. Зекет ақшадан, алтын-күмістен, тауардан, бидай, арпа, құрма және 
т.б. дәнді дақылдар мен төрт түлік малдан беріледі. Құранда зекеттен алынған дү-
ние-мүлік кедей-кепшіктерге, міскін-бейшараларға, зекет жинаушыларға, Исламға 
көңілі бұрылушыларға (оларды Исламға тарту немесе имандарын орнықтыру үшін), 
құлдарды азат етуге, алған қарызын өтеуге мүмкіндігі жоқ адамдарға, Аллаһ жо-
лындағыларға және қаржысы таусылған жолаушыларға берілуі тиіс екені айтылған 
(«Тәуба» сүресінің 60-аятын қараңыз).
«Жаныңа ғазап хақ болар: 
Ораза, намаз, зекет, хаж 
Атқарып уақыт тұрмасаң» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 


121
«Қолымды бір тигізсең бұрымыңа. 
Нұрға байсың. Нұрыңнан – зекет, парыз, 
Мен кедеймін, нұр сұрап қылдым арыз» (Ш.Құдайбердиев. Шығ.).
«Бір мал құрбандық шалды немесе садақа берді. Жамалдың себебімен ауыл-
дың балалары да оқыр, өзіміз малдың зекетін берерміз, ақысын ауылмен бірдей 
көрерміз, – деді» (М.Дулатов, Шығ.). 
«Ай, мұсылмандар, жарандар, 
Малыңнан зекет беріңіз. 
Бірлігін хақтың біліңіз, 
Хақ жолымен жүріңіз, 
Пәк болады дініңіз» (Қабан жырау, Алтын қазық). 
«Қажы бармас, малынан зекет бермес
Қайырсыз надан байдың бәрі де өлік. 
Мұнан пайда маған жоқ түсе тұғын, 
Жасымнан әңгімеге болдым жерік» (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Зекетші. Зекет жинаушы, салық алушы. 
«Аллақұлдың зекетшілері бұлардың дария жағасында тігулі тұрған жалғыз 
үйіне шабуыл жасап, тонап кетіпті» (Ә.Әлімжанов, Махамбеттің жебесі). 
«3екетші кетісімен Қашғар қаласының бастығынан арнаулы тексеруші чи-
новниктер келді» (С.Бегалин, Шоқан асулары). 
«Жанкісі бидің зекетшілері турасында айтқан өлеңі қазақтың Қоқанға қа-
раған шақтағы тарихына қатысы бар сөз болғандықтан, бұ да тарихи жыр тобына 
жатады» (А.Байтұрсынов, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет