Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет83/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200
Жәһмия ةيمهجلا – Аллаһ тағаланың есім-сипаттарын мойындамай, оларды 
жоққа шығарған адасқан ағым. Бұл ағымның негізін әл-Жаһм ибн Сафуан қалаған.
Жебе тартысу – арабтар жәһилият дәуірінде бір мәселе бойынша пікірта-
ласқа түскен адамдардың арасындағы дауды шешу үшін қолданған тәсіл. Арабтар-
да ер кісілер арасында дау-дамай, талас-тартысты шешу үшін әрқайсысы жебеге 
есімдерін жазып, оларды араластырып, сосын жебе суырысатын.
Жеңсіз көйлек. Кебін.
«Бұл Құданың құдіреті
Ағашатқа мінгізді,
Кемеде жүрген жалғызға
Жеңсіз көйлек кигізді» (XVIII-XIX ғғ. қаз. поез.).
Жеребе ةعرق (қурға) – бірдемеге кезек алу үшін не арадағы дауды әділ шешу 
үшін біртүстес нәрсені жасырын алудың атауы.
Жизя ةيزجلا – мұсылман мемлекетінде тұрған кітап иелерінің (яһуди және 
христиан) мұсылман үкіметіне төлейтін жан салығы.
Жимағ عامجلا – жыныстық қатынас.
Жинаят ةيانجلا – шариғат бекіткен заңды бұзу, қылмыс жасау. 
Жисм. Дене. Ақида іліміндегі «Иләхият» тарауында қолданылатын термин. 
«Жисм» деп физикалық бөлшектерден құралған денені айтады. Дене жауһар-
лардан құралады, ал құралған дененің пішімі, кейпі, бейнесі бар, сол нәрселерді 
«ғарад» дейді. Демек, дененің негізі – жауһарда (преонда), жауһардың жиынтығы 
– дене, оның бейнесі, иісі, түсі, дәмі – ғарад. Ақиқатында, Алла тағала жисм емес. 
Тіпті кейбір адасқан топтардың айтқаны сияқты «Алла тағаланың денесі бар, бірақ 
басқа денелер сияқты емес» деп те айтуға болмайды. Өйткені Құран мен сүннетте 
мұндай мәлімет (яғни сипат) берілмеген (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Жиһад داهجلا – жиһад, күрес. «Жиһад» сөзінің тілдік мағынасы күрес, қай-
раткерлік, бар күш-жігерін жұмсау дегенді білдіреді. Ал шариғатта Жиһад – Аллаһ 
тағаланың сөзі ұлық болу үшін жан-тәнімен, бүкіл байлығын жұмсап, тер төгіп, 
қызмет ету, Аллаһ жолында қайраткерлік таныту. Имам Ибн Хажар әл-Асқалани: 
«(Жиһад дегеніміз) – кәпірлерге қарсы күреске күш-жігер жұмсау. Сондай-ақ бұл 
сөз өз нәпсісімен күресу, шайтанмен күресу, зұлымдықтармен күресу мағына-
ларында да қолданылады. Нәпсімен күресу туралы айтар болсақ, ол дін істеріне 


116
қатысты ілім үйрену мен алған ілімді амалға қолдану және бұл ілімді басқаларға 
жеткізуде көрініс табады. Шайтанмен күресу болса, ол шайтан адам көңіліне са-
латын күмәнділерге және шайтан әдемі көрсеткен шақуаттар мен ләззаттарға қар-
сы тұрудан тұрады. Кәпірлермен күрес қолмен(яғни соғыспен), қаржылай, тілмен 
не жүрекпен(яғни олардың әрекеттеріне қатысты ашық немесе құпия тілмен не 
жүрекпен көзқарасын білдіру арқылы) іске асады. Ал зұлымдықтармен күрес ал-
дымен қол (яғни күш-қуат), сосын тіл, сосын барып жүрек арқылы болады», – деп 
түсіндіреді. Демек, жиһад тек қарулы соғыстан тұрмайды, оның ауқымы кең. Ал 
қарулы соғысқа келсек, ол ресми басшының бұйрығымен, шынайы ниет, түзу мақ-
сатта ғана дұрыс болып табылады. Бұған қоса қарияларды, әйелдер мен балаларды 
және бейбіт дін қызметкерлерін өлтірмеу сияқты бірқатар тыйымдарды ұстану тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет