Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет85/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200
Жұма намазы ةعمجلا ةلاص – аптасына бір рет жұма күні бесін намазының уақы-
тында жамағатпен оқылатын екі ракағатты парыз намаз.
Жұмақ – жаннаттың бір аты.
Жүзінен оқу. Құранды кітапқа қарап оқу.
Жүніптік ةبانجلا – ғұсыл құйынуды міндеттейтін жыныстық қатынастан не ұй-
қыда шәует бөлінгеннен кейінгі т.с.с. жағдай.
Жүніптік –жыныстық қатынастан кейінгі немесе басқа да себептерден дене-
ден мәнидің шақуатпен бөлінгенінен кейінгі адамның халі.
Жүніп адам – денесінен шақуатпен мәни бөлінген адам.
Жүніп بنجلا – жыныстық қатынастан немесе ихтиләм болғаннан кейін жуын-
баған адам.
Жын نجلا – Аллаһ тағаланың түтінсіз оттан жаратқан, әртүрлі бейнеге ене 
алатын, адамдар секілді таңдау еркі бар, саналы мақұлық. Жындар да мұсылман 
және кәпір болып бөлінеді.
З
Забихулла. «Аллаһтың құрбандығы». Аллаһтың елшісі Исмаил пайғамбар-
дың лақап аты. Оны әкесі Ибраһим пайғамбар Аллаһтың бұйрығымен құрбандыққа 
шалуға ниеттенген кезде Аллаһ оның ниетінің шынайлығын тексергеннен кейін 
Исмаилдың орнына жаннаттан қошқар түсіреді. Сондықтан Исмаил пайғамбарды 
«Аллаһтың құрбандығы» деп атап кеткен.
«Жәннатул пердаусиден қошқар келіп
Көңілі қызыл гүлдей өскен жері. 
Тауында сол Минаның құрбан шалып
Ысмағұл забихулла дескен жері. 
Қажылар, зиярат қып көріп қайттың
Көшпелі алтындардың көшкен жері» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Забурروبز – Аллаһ тағаланың Дәуіт пайғамбарға түсірген кітабы.
«Керейдің төрт биі: Көкен, Бейсенбі, Құлыбек, Топан деген адамдар. Құнан-
бай Керейдің төрт би сайлағанын дәріптеп былай депті: Құдайдан түскен үлкен 
кітап төртеу еді: Таурат, Забур, Енжіл, Құран. Құдайдың ең жақын періштесі төртеу 


118
еді: Жабырайыл, Ғазырайыл, Ысрафил, Микайыл. Мұрсал пайғамбарлар – Құдай-
дың ең жақын досы – төртеу еді: Мұса, Дауыт, Ғайса, Мұхамбет. Мұхамбет пайғам-
бардың серігі – төртеу еді: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Ислам дінін таратқан 
имам төртеу еді: Ахмет, Мәлік, Шайхи, Ағызам» («Жұлдыз» ).
Заққум. Заққұм. موقز – тозақтағы күнәкарлар азық ететін жемісі удай ащы 
ағаш. Алла тағала Құран кәрімде: «Негізінде, (тозақтағы) заққум ағашы – күнәһар-
дың тағамы! (Кәпірлердің) іштерінде балқыған жездей қайнайды, ыстық судың қай-
нағанындай! («Духан» сүресі, 43-аят).
Замана – мұсылмандық құқықтағы кепілдік түрі; қарыз алушы қарыз беруші-
ге қарызын уақтылы қайтара алмаған жағдайда қарыздар кісінің жауапкершілігін 
басқа біреудің өз мойнына алып, төлеуге міндеттенуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет