Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет96/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200
Ирһас صاهرإ – негіз, бастама, нышан. Ирһас шарғи термин ретінде «пайғам-
барлықтың алғашқы белгілері мен нышандары» деген мағынада қолданылады.
Ислам ملاسإ – Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға түсірген барша адам-
затқа соңғы дін ретінде таңдаған діні.
Иснад دانسإ – хадисті риуаят етушілердің (жеткізушілердің) жүйелі тізбегі. 
Қара: сәнад.
Иснад әл-али يلاعلا دانسلإا – жоғарғы иснад. Хадис ілімінде хадисті риуаят 
етуші адамдардың санының аз болуы «иснад әл-али» деп аталады. Жоғары иснад-
тың екі түрі бар: قلطملا ولعلا шексіз жоғары: хадистіңсәнады көп адам риуаят еткен 
хадиске қарағанда, Пайғамбарға (саллаллаһу алайһи уа сәлләм) дейінгі хадистің 


132
сәнадында өте аз адамдар бар иснад. Бұған қарама-қарсы шексіз төмен иснад қол-
данылады. يبسنلا ولعلا қатысты жоғары: хадистіңсәнады хадис имамдарының біріне 
жетіп тоқтаған иснад. Мысалы: Имам әл-Бұхариге немесе Муслимге дейін басқа 
сәнадында көп адам бар хабарға қарағанда сәнадында аз адамдар бар хабар. 
Иснад ән-нәзил لزانلا دانسلإا – төменгі иснад: сәнадында адамдар саны тура сол 
хадистің басқа сәнадындағы адамдар санынан көп болған иснад. 
Исра ءارسإ – Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарды пырақпен (бурақ) 
Меккеден Қудусқа бір түнде алып баруы. Бұл жайлы «Исра» сүресінің 1-аятын-
да және «Нәжм» сүресінің 12-17 аяттарында баян етілген. Бұл оқиға пайғамбар-
лықтың 11-жылы, яғни һижрадан бір жарым жыл бұрын шамасында болған. «Исра» 
сөзі араб тілінде түнде жол жүру деген мағынаны береді.
Исраил ұрпақтары, исраилдіктер – яһудилер. Құран аяттары мен хадистерде 
және пайғамбарлар қиссаларында жиі кездеседі. Құран кәрімде: «О, Исраил ұр-
пақтары! Менің өздеріңе берген нығметімді естеріңе алыңдар. Әрі Маған берген 
серттеріңде тұрыңдар, сонда Мен де сендерге берген уәдемде тұрамын. Және тек 
Менен ғана қаймығыңдар» («Бақара» сүресі, 40-аят).
Исрафил. Ақырзаман болғанда сүр үрлейтін періште. 
Ақырзаман болғанда Исрафил сүрді бірінші рет үрлегенде, аспан мен жер-
дегі бүкіл тіршілік атаулы қиямет қайымның басталуымен тіршілігін тоқтатады
яғни өледі. Ал екінші рет үрлегенде қайта тіріліп, қабірлерінен шығады да, махшар 
алаңына жиналады (С.Сейтбеков, Иман негіздері).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет