Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет93/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   200
    Бұл бет үшін навигация:
  • Икрам
Ижтиһад داهتجا – белгілі бір мәселенің үкімін білу үшін Құран мен сүннеттен 
және басқа да шарғи дәлелдерден аталған мәселеге қатысты дәлелді табу жолында 
іздену, зерттеу жүргізу. 
Ақида негіздерінде (Усулул иғтиқад) ешқандай қарама-қайшылық (хилаф) 
болмайды. Ол Алланың барлығы, бірлігі, жаратылған нәрселерге ұқсамауы, естуі, 
көруі, мәңгі бар екені сияқты негізгі мәселелерді қамтиды. Осы мәселелерде ижтиһад 
жүрмейді. Ал ақида тармақтарына (Фуруғул иғтиқад) келсек, бұған байланысты ға-
лымдар арасында лафзи (яғни сөздің қойылымы жағынан) қайшылық (әртүрлі пай-
ымдаулар) бар. Сондықтан бұл мәселелерде ғалымдар арасында ижтиһад болған 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Изар رازإ – белден төменгі киетін киім аты. Қажылық кезінде киетін екі ақ ма-
таның белден төменгі бөлігі. Қайтыс болған адамның белінен төменгі жағын орауға 
арналған матаның аты.
Икрам ماركإ – сыйлау, құрметтеу.
Иқала ةلاقإ – жасалған келісімшартты бұзуға екі тараптың бірінің өтініш біл-
діруі. Егер келісімді бұзуға өтініш білдірген тараптың өтінішін екінші тарап қабыл 
алса, шариғатта иқала жасауға рұқсат етіледі. 
Иқама. Иқамат, қамат. Иқама ةماقإ – парыз намазының басталғаны туралы 
азанның сөздері секілді сөздермен хабарлау. Қаматтың (немесе иқама) сөздері дәл 
азанның сөздері сияқты айтылады. Тек «Хәййя ъаләл фәләх! Хәййя ъаләл фәләх!» 
дегеннен кейін «Қад каматис-салаһ! Қад қаматис-салаһ!» (Намаз басталды! Намаз 
басталды!) деген сөздер қосылады (Р.С. Мухитдинов, Фиқх әл-ғибадат).


128
Илә ءلايإ – ер адамның белігілі бір мерзім ішінде әйелімен төсек қатынасына 
түспеймін деп ант беруі. Ислам шариғатының «Азаматтық кодекстерді» зерттейтін 
«Әл-Ахуал әш-шахсия» (неке, талақ) тарауында қолданылатын термин. 
Иләһи. Құдайлық. Аллаһтың атымен, Құдайдың атымен.
Задында, Құран-Кәрімдегі мүтәшәбих аяттардың мән-мағынасы мұсылман-
дар үшін иләһи сынақ-тын. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 
аталмыш аяттарды ашықтамаған, алғашқы ақжал толқын – сахабалар, табиғиндер, 
таба-табиғиндер мүтәшәбих аяттарға тафуид, яғни талдау жасамастан, мәнмағына-
сын Хаққа қалдыратын (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы). 
«– Иләһи, әмин! – деді Өстемір әзірет қол көтеріп. Самсаған саусақтың ішін-
де Кәдірбаевтың да қолы бар еді» (Б.Майлин, Азамат.). 
«Иләһи әмин, тәңіріңнің құлағына шалынғай... Өмірлі бол, ұлым!» 
(Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). 
Иләһият. Ақида ілімінің Құдайтануға арналған үлкен тарауы. 
«Иләһият – хақтану ілімі, Алла тағалаға қатысты міндет (уәжіп), қайшы (мұс- 
тахил) және мүмкін (жәйіз) мәселелерді қарастырады» (Р.Батталұлы, Құран эгзеге-
тикасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет