Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет97/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200
Истибра ءاربتسا – іш дәрет алғанда нәжіс шыққан жерді, әсіресе, зәр шыққан-
нан кейін мұқият тазалау.Үрпі бойындағы несеп жолын сығып тастау. Фиқх ілімінің 
«Дәрет» тарауында қолданылатын термин (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат). 
Истижмар رامجتسا – дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің 
орнын судан басқа шариғат рұқсат берген тас, кесек секілді затпен тазалау. Фиқх 
ілімінің «Дәрет» тарауында қолданылатын термин (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғи-
бадат).
Истиқама ةماقتسا – туралық. Аллаһқа иман келтіруден ауытқымай, шариғат-
та тыйым салынған істерден аулақ болып, Одан басқаға құлшылық жасамай, тек 
Жалғыз Аллаһқа бойсұнуда табандылық таныту.
Истимнә ءانمتسا – онанизм, ер адамның жыныстық қатынасқа түспей 
шәуетін шығаруы.Фиқх ілімінің «Ғұсыл» тарауында қолданылатын термин 
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истинбат طابنتسا – Құран кәрім мен Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне 
және басқа да шариғат үкімдері мен заңдарына негізделген тұжырым. Немесе діни 
мәтіндерден үкім шығару жолы.


133
Истинжә ءاجنتسا – дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің ор-
нын сумен не шариғат рұқсат берген затпен тазалау. Фиқх ілімінің «Дәрет» та-
рауында қолданылатын термин. Шариғатта истинжә құралы ретінде су, тас, ке-
сек немесе әжетхана қағазы сияқты нәжісті өзіне сіңіріп алатын кез келген затты 
қолдануға болады. Тек сүйек пен малдың тезегін пайдалануға тыйым салынған 
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истинзәһ هازنتسا – дәрет сындырғанда киімді, денені нәжістен, әсіресе зәрдің 
шашырауынан сақтау (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истиншақ قاشنتسا – оң қолмен мұрынға су алып барып, оны демменен ішке 
тартып, сосын сол қолмен сіңбіріп тастау (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истисқа ءاقستسا – қуаңшылық кезде Аллаһтан жаңбыр жаудыруды тілеп жа-
мағатпен оқитын екі ракағатты намаз. Ол қазақ тілінде «тасаттық» деп те аталады.
Истифта ءاتفتسلاا араб тілінен аударғанда «пәтуа сұрау» дегенді білдіреді. Ша-
риғатта белгілі бір мәселенің діни немесе шарғи үкімін жауапты мамандарынан 
сұрау деген мағына береді. 
Истихада (истихаза) ةضاختسا – нифас және хайыздан басқа уақытта әйелдерге 
келетін қан. Оны «бұзылған қан» деп те атайды. «Истихада» сөзі араб тілінде «ағу-
дың жалғасуы немесе үзілмеуі» деген мағына береді. Шариғатта: әйел адамдарда 
етеккір және нифас кезінен басқа уақыттарда қан келу, яғни қанның мезгілсіз келуі. 
Ол көбінесе әлде бір сырқат себебінен болады және ол құрсақтан емес, тамырдан 
ағады.
Истихара ةراختسا – істің жақсылығын, игілігін сұрау. «Истихара» сөзі араб 
тілінде жақсылықты сұрау, жеңілдетуді талап ету деген мағынаны береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет