Муканова асель сериковна


Онтология – бұл концептуалды сызбаның көмегімен білімнің белгілі бір саласын көлемді әрі нақты формалдау болып табылады; Пәндік облыс



бет4/42
Дата05.09.2022
өлшемі5,36 Mb.
#38480
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Онтология – бұл концептуалды сызбаның көмегімен білімнің белгілі бір саласын көлемді әрі нақты формалдау болып табылады;
Пәндік облыс – 1) шешілетін есептің қатысы бар адам қызметінің нақты сферасы; 2) білімдер базасы арқылы сипатталатын немесе моделденетін нақты әлем бөлігі.
Сан есімзаттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
Семантика – тіл бірлігінің мағынасын зерттейтін ғылым.
Семантикалық желі – бағытталған граф түріндегі заттық аймақтың ақпараттық моделі.
Семантикалық гиперграф – онтологияның түсініктері мен қатынастары гиперграф арқылы бейнеленген символдар тізбегі болса.
Семантикалық талдау – мәтінді оның жекелеген элементтері мен байланыстарын мағыналық мазмұн тұрғысынан талдау.
Синтаксиссөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым.
Синтаксистік талдау – табиғи немесе формалды тіл лексемаларының (сөздер) сызықты тізбегін оның формалды грамматикасымен сәйкестендіру үрдісі.
Сөз түбірі – сол сөздің лексикалық мағынасын беретін және қосымшаның алдында болатын сөз бөлігі.
Сөз түрленуі – сол лексеманың сөз пішімінің жасалуы, олардың грамматикалық мағыналары әртүрлі болады.
Сөз түрленуінің траекториясы – сөз түрленудің үдерісі.
Сөз тіркесі – толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуы.
Сөзжасам – бір түбірлі сөздерден жаңа сөздердің туындауы.
Сұрақ-жауап жүйесі – табиғи тілде сұрақ қабылдауға және жауап беруге қабілетті ақпараттық жүйе. 
Сын есім – заттың түсін, салмағын, сапасын, қасиетін, сипатын, көлемін, (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.
Табиғи тіл – адамдардың өзара байланыс жасауы үшін қолданылатын тіл.
Табиғи тілдік мәтін – твбмғм тілде құрылған мәтін.
Табиғи тілді өңдеу – мәтіндерді табиғи тілде талдау үдерістерінің жиынтығы, оларды түсіну және мәтіндерді синтездеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет