Зерттеу кӛздері: философтардың, педагогтар мен психологтар еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және кӛпсатылы оқу орындарының оқу үдерісіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқу құралдары), педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті
құжаттары, университеттік білім беру жағдайында оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша жинақталған әлемдік озық тәжірибелер және автордың педагогикалық, ғылыми іс-тәжірибелері алынды.