5. Глоссарий
Үштілділік
Толеранттылық
Құзіреттілік
Ұлттық құндылықтар
Салт –дәстүрлер
4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ҚР – Қазақстан Республикасы
ҚР МЖМББС – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарты
ЖОО – жоғары оқу орны
БОПмӘ – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
ҚРБжҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АТ – ақпараттық технология
АТК– ақпараттық техникалық компьютер
ОӘК – оқу-әдістемелік кешен
ОАО –
|
Оқу - ақпараттық орта
|
ЭОҚ
|
–
|
Электронды оқыту құралы
|
АБТ
|
–
|
Ақпараттық-байланыс технологиялар
|
БҦҦ –
|
Біріккен Ұлттар Ұйымы
|
5
Кіріспе
Зерттеудің кӛкейкестілігі: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушылар үшін: «баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу; коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту», – деп кӛрсетілген. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесіне кӛшуге және олардың біліктілігін арттыру үшін ақпараттық технологияларды пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет, – екені нақтыланып берілген [1]. Бұл бүгінгі жоғары оқу орындарының алдына болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін ақпараттық технологияларды барлық пәндерді оқытуда пайдалануды талап етеді.
Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – бұл ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы ұлттық білім сапасын арттыруды кӛздеп отыр. Жоғары оқу орнының күрделі де маңызды бір мәселесі студентті болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, жоғары білім беру оқытушылары үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты ӛлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кӛтерілу» - деп атап кӛрсетілді [2]. Мұның ӛзі еліміздегі білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастырып оқыту мақсатына байланысты еліміздің жоғары оқу орындарының алдына білім сапасына ӛзгерістер енгізу мәселесін міндеттейді.
ЮНЕСКО-ның шешімімен әлемдік білім саласында екі маңызды бағдарламалардың ӛзара кірігуі нәтижесінде («Ақпарат бойынша жалпы бағдарлама» және «Информатика бойынша үкіметаралық бағдарлама») 2000 жылы «Ақпарат бәрі үшін» бағдарламасы жарық кӛрді [2]. Аталған бағдарламада білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды әсіресе, телекомуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтар мен кешендерді пайдаланып оқыту ерекше орын алатыны баса айтылған. Бұдан шығатын қорытынды болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үдерісінде пайда болатын мәселелердің шешімін табу үшін кәсіби білім мен біліктілікті қалыптастыруды қажет етеді.
Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: жоғары оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, ӛз кезегінде оқыту бағдарламаларын ӛзгертуді сондай-ақ студенттердің алатын білім сапасын кӛтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді кӛздейді, – деп кӛрсетілген [3]. Мұның ӛзі жоғары оқу орнында болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін, ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алатын, дамытатын,
6
ақпараттық технологияларды инновациялық үдеріс ретінде пайдалана білуді
міндеттейді.
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ бастауыш
сыныпмaмaндapының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты – қазіргі қоғамның талабына сай, ӛз еркімен шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қойылып отырған талапқа сәйкес келуімен сипатталады.
Ақпараттандыру – ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық үдеріс[4].
Сонымен бірге, ақпараттандырудың педагогикалық үдеріске де тікелей қатынасы бар, ӛйткені білім алушылардың ақпараттануы, олардың білім, біліктіліктерінің құзыреттілігін құрайды.
Жоғары оқу орнында білім беруде болашақ бастауыш сыныпмaмaндapының
ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқыту үдерісінде жүзеге асыруда, оның ӛзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу қажет. Бұл ӛз кезегінде болашақ бастауыш сыныпмaмaндapының ең алдымен ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзіндік білімін жетілдіру, ӛзін-ӛзі жүзеге асыру, бақылау мен бағалаудағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырумен сипатталады.
Болашақ бастауыш сыныпмaмaндapының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана білудің жоғары деңгейде болуы, олардың сапалы білім алуы, білікті маман ретіндегі кәсіби дайындығына қойылатын талаптардың бірі болып отыр.
Қазақстан ұлттық энциклопедиялық сӛздігінде: «коммуникация (латынша communicatio – ортақ етемін, байланыстырамын, сӛйлесіп пікірлесемін) – 1) қатысым – 1) қатысым жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; 2)сӛйлесу, ақпарат беру. Коммуникация, негізінен, танымдық қызмет атқарып, тілдің кӛмегімен жүзеге асырылады» деген мағынаны білдіреді [5].
Философиялық сӛздікте:коммуникация – біреумен кеңесу –«Мен»-нің ӛзін басқадан табуына кӛмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философияның категориясы- делінген [6].
Зерттеу тақырыбымыз бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, ақпараттық технологиялар ғылыми еңбектерде әрқырынан қарастырылып, ұлы ойшылдар мен ағартушылар, белгілі философтар, психологтар мен педагогтар зерттеулеріне арқау болған.
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мaмaндapдың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың мәні мен мазмұны ерте заманнан бүгінге дейін философтар, психологтар, педагогтардың кӛзқарастарында орын алып, бүгінгі күні қоғам талабына сай жүйеленіп келеді. Гегель[7], Аристотель [8], Б.Рассель[9], Г.Лейбниц [10], Дж.Локк[11], шығыс ғұламалары әл-Фараби [12], Ибн-Сина философ [13], Ж.Баласағұн [14], және қазақ ойшылдары А.Құнанбаев [15],
7
Ы.Алтынсарин [16] еңбектерінен бастау алғанына зерделеу барысында кӛз жеткізілді.
Шетел ғалымдары «құзыреттілік», «құзырлылық» ұғымдарының педагогикалық және психологиялық аспектілерін Р.Арнольд [17], Г.Влуменштейн [18], Дж.Равен [19], К.Роджерс [20], И.В.Роберт [21], қарастырған.
– болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері Ф.Ш.Оразбаева [22], С.Р.Рахметова [23], А.Е.Жұмабаева [24], З.Б.Бейсенбаева [25], Ж.Т.Дәулетбекова[26], А.Жапбаров [27], Ә.С.Әлметова [28], Ж.Н.Сулейменова [29] т.б. еңбектерінде зерделенген.
болашақ мамандарының ақпараттық технологиялар негізінде түйінді құзіреттілігін дамыту мәселелеріне байланысты отандық ғалымдар әр
қырынан зерттеулер жүргізген Н.А. Асанов [30], А.Ж. Қайдарова [31], А.Қ. Құсайынов [32], Қ.Г. Құдайбергенова [33],К.У.Қунақова [34], Н. Катаев [35],
М.З.Джанбубекова [36], Қ.М.Нағымжанова [37], А.Қ.Рысбаева [38], Б.А.Тұрғынбаева [39], еңбектерінде орын алған. Сонымен қатар зерттеу
тақырыбымызға байланысты жүргізілген ғылыми еңбектерге тоқталсақ:
– ақпараттық технологияны пайдалану арқылы студенттер мен оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері Г.Қ.Нұргалиева [40],
Т.О.Балықбаев [41], Ж.А.Қараев [42], Ж.У.Кобдикова [43], К.З. Халықова [44] Б.Абықанова [45] т.б.;
– оқу үдерісін жетілдіруде құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі болашақ мамандардың ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды Е.Ы.Бидайбеков [46], Д.М.Жүсіпалиева [47], К.М.Беркімбаев [48], А.Сағымбаева [49], Б.Т. Барсай [50], Г.И.Бейсенова [51], Л.П.Әбішева [52], Б.Т.Кенжебеков[53], С.М.Кеңесбаев [54], Б.А.Досжанов [55], Г.У.Сыздыкбаева [56], А.Т.Чакликова [57] және т.б. әрқырынан зерттеген.
– білім беру саласында ақпараттандырудың түрлі аспектілері ТМД елдерінің ғалымдары оқыту үдерісінде құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік мәселелерінің теориясы мен әдістемесі, құзыреттілік мәселесімен арнайы айналысқан ғалымдар: А.В.Хуторский [58], И.А.Зимняя [59], В.А.Сластенин [60], В.С.Гершунский [61], В.В.Краевский [62],В.П.Беспалько [63], Е.В.Бондаревская [64], М.В.Кларин [65], В.М.Монахов [66], Е.С.Полат [67], В.А.Ситаров [68], И.С. Якиманская[69] және т.б.
Авторлардың еңбектеріне жасалған талдаулар құзыреттілік ұғымына берген анықтамаларының бір бірін толықтыратыны байқалды. Психологиялық тұрғыда құзыреттілік - белгілі бір ұғымдық жүйенің болуын талап ететін практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті, пайда болған мәселелер мен міндеттерді шапшаң шешуге мүмкіндік беретін ойлаудың типі, түсіну қабілеті.
Ақпараттық технология педагогикалық ұғым ретінде болашақ мaмaндapдың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бір бӛлігі ретінде қарастырылып, олардың сапалық кӛрсеткішін сипаттап, теориялық және практикалық даярлығының біртұтастығын қамтамасыз етеді.
8
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын бір жүйеге келтіріп, олардың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау мәселелері толық шешілмей отыр.
Дегенмен, жоғарыда аталған еңбектерді теориялық тұрғыдан талдау, олардың ақпараттық технологиялар арқылы болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселелерінің әр қырынан зерттелгені атап ӛтіліп, біз қарастырып отырған мәселенің ғылыми тұрғыда әлі де болса, шешімін таппай отырғандығын дәлелдейді. Сонымен
қатар, ақпараттық технологиялар негізінде болашақ мaмaндapдың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздерінің айқындалмауы және оларды тәжірибеде жүзеге асыратын әдістемелік нұсқаудың жоқтығы арасындағы қарама-қайшылықтар туындап отыр. Осы аталған қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу тақырыбын
Достарыңызбен бөлісу: |