Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру


- екінші сатыда осы ерекшеліктердің қайсысы кейін субъектіні қанағаттандыра алатындығы (әрекет мотиві) туралы білімдерді алу жүзеге асырылады; -



бет16/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Muldabekova disss

- екінші сатыда осы ерекшеліктердің қайсысы кейін субъектіні қанағаттандыра алатындығы (әрекет мотиві) туралы білімдерді алу жүзеге асырылады;
- үшінші сатыда әрекеттердің негізгі құрылымдық жақтарының үйлесімділігі мен олардың әрекеттерді орындау тәртіптеріне сәйкестігі туралы білімдер алынады;


  • тӛртінші сатыда білімдерді қолдану шеберліктерін алу жүргізіледі;




  • бесінші сатыда әрекеттерді тез арада орындау нұсқауларын қалыптастыру жүзеге асырылады.

Мақсаттылық, саналылық, жоспарлық, қорытындылау, толықтық, дербестік, тұрақтылық пен жағымды қатынастар – жеке тұлғаның субъектілік ерекшеліктерінің қалыптасқандығының кӛрсеткіштері болып саналады.


Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісіндегі болашақ мамандардың субъектілік бағыты оған ӛзінің болашақтағы кәсіби әрекеттерін толығымен қабылдап, оларды практикалық қайта ӛңдеу пәніне айналдыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұндай бағыт болашақ маманға ӛзінің жеке мүмкіндіктерін, болашақта тұлғалық ӛсуін саналауға ықпал етеді, білім алушыны шығармашылық ізденіске итермелейді. Субъектілік бағыттың маңызы кәсіби білім берудің қазіргі жағдайында аса үлкен, ӛйткені педагогқа да, кәсіби әрекеттердің кез келген субъектісіне де ең жоғары талаптар қойылады: ол сан алуан кәсіби мәселелерде тез бағдар алуы керек, қажет
болғанда ӛз әрекеттері саласын ӛзгертуі, ӛз мамандығын үнемі жетілдіріп
отыруы керек.Субъектілік бағыт аспектілерінің бірі мотивация, оның болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы
48

маңызы ӛте зор. Әдетте мотивация қандай да бір әрекеттер нәтижелеріне жетуге ықпал ететін қозғаушы күш ретінде түсіндіріледі. Сан алуан мотивтердің ішінен кӛбінесе сыртқы және ішкі мотивтер ғана аталады.


Л.М.Фридман бойынша, «Егер мотивтердің әрекетпен байланысы болмай, бірақ оны тудыратын болса, онда олар осы әрекетке қатысты сырттай деп аталады; ал егер мотивтер әрекеттің ӛзімен тікелей байланыста болса, онда
олар ішкі деп аталады» [113]. Ішкі мотивтер субъектінің танымдық қажеттіліктерімен, таным үдерісінен алынған қанағаттанумен байланысқан. Ішкі мотивацияның басым болуы білім алушының болашақ кәсіби әрекеттерді меңгеруі үдерісіндегі ӛз белсенділігін кӛрсетуімен сипатталады.
Автордың пікірін қорытындылайтын болсақ, оқу пәні мазмұнын меңгеру мақсат емес, басқа мақсаттарға жетудің құралы болса, онда әрекет сырттай мотивацияланған болып есептеледі. Бұған сынақтан ӛту, дипломды, шәкіртақыны, мақтау алу, оқытушының талаптарына бағыну мақсатында тапсырманы орындау жатады. Сыртқы мотивацияда білімдік мақсат қойылмайды, білім алушы таным үдерісінен шеттеп қалады. Оқытылатын пәндер білім алушы үшін іштей қабылданған, іштей мотивацияланғандар емес, ал оқу пәндерінің мазмұндары тұлғалық құндылық бола алмайды.
Э.Ф.Зеер кәсіби бағыттылық бойынша білім алушылардың бірнеше типтерін атайды. Олар: - бірінші типке тұлғаның таңдаған мамандыққа сейкестігі жағдайын, басым, жетекші мотивтер мен кәсіби әрекеттердің мазмұндары арасындағы байланысты білдіретін жағымды кәсіби бағыттылықтағы коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талаптанатын білім алушылар жатады. - екінші типке мамандықты таңдауда ӛз таңдауларын толығымен анықтамаған білім алушылар жатады. Олар үшін екіұштылық, ал кейде мамандыққа деген жағымсыз қарау мен болашақта жоғары оқу орнында оқуды жалғастыру, сондай-ақ алған мамандығы бойынша одан әрі жұмыс істеу араларындағы коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талаптанатын кейде керісінше қарайтын білім алушылар жатады. - үшінші типке ӛз мамандықтарына жағымсыз қарайтын білім алушылар жатады. Олардың таңдау мотивациялары жоғары білімнің қоғамдық құндылықтарымен анықталған. Оларда болашақ мамандықтары туралы ұғым мүлдем жоқтың қасы. Мұнда жетекші мотив әрекеттің ӛзінің қажеттілігін емес, онымен
байланысқан әртүрлі жағдайларды білдіреді. Бағыттылықтағы коммуникативті құзыреттілікті меңгеруге талпынбайтын білім алушылар жатады, - деген тұжырым жасаған [114]. Автордың пікірін қорытатын болсақ, біздің зерттеу жұмысымыз бойынша бірінші типтегі білім алушылар педагог мамандығын жүрегімен қалап келетін білім алушылар болуы керек,- деп санаймыз.
Ал екінші типтегі білім алушыларға оқытушылар мен эдвайзерлер тарапынан таңдаған мамандығы туралы оң пікір қалыптастыратындай жұмыстар жүргізіп, олардың педагог ретінде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету қажет. Ал, үшінші типтегі білім алушылар бұл мамандыққа кенеттен, ӛзінің қалауынсыз, тосыннан келгендер жатады.
49

Олардан келешекте жақсы мұғалім шығады деп айта алмаймыз, яғни ондайлар мамандықтары туралы әрі қарай білімін жалғастырмайды, ӛйткені таңдаған мамандығын жақсы кӛрмеген адамнан жақсы педагог шықпайды.


А.Г.Асмоловтың пайымдауынша, білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру олардың жаңа білім деңгейімен келесі кезеңдерді қамтиды:I – функционалды және қарапайым сауаттылық; II – жалпы білім;


  1. – кәсіби құзыреттілік;IV – кең мәдениеттілікті меңгеру;V – жеке менталитетінің қалыптасуы [115]. Бұдан шығатын қорытынды осы үш кезеңнен болашақ маманның даярлығында оның нақты кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруда нәтижелі әрі бәсекеге қабілеттілігінің кӛрсеткіші болып табылатын коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптастыруды басты назарда ұстау қажеттігінің, әсіресе функционалды сауаттылықтың болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын басты талап екенін ескере отырып, зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан қарастырсақ, қалған үш кезеңді осы бірінші кезеңнің аясында қалыптастыруға болдады, - деген тұжырым жасаймыз.

И.Ф. Харламов мұғалім құзыреттілігінің бірнеше сатысын бӛліп кӛрсеткен: I – педагогикалық дағды, оқушыларды табысты оқыту мен тәрбиелеуді сауатты кәсіби деңгейде жүзеге асыру үшін оқыту мен тәрбиелеудің маңызды


жүйесін және оқу-тәрбие үдерісін іске асыру дағдысы мен іскерлігін бірлестікте жетік меңгеруімен сипатталады;II – педагогикалық шеберлік, оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткізу іскерлігіпедагогикалық теорияның тәжірибеде тиімді қолданылуы нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісінің табыстылығымен сипатталады.III – педагогикалық шығармашылық,
мұғалімнің инновациялық шеберлігінен кӛрінеді [116]. Бұдан кӛріп отырғанымыздай, бірінші деңгей негізгі болып саналады, ӛйткені онсыз білім беру жүйесі табысты болмас еді. Ол бір жағынан мұғалімдердің іс-әрекетінде теориялық білімнің тәжірибеде жеткілікті түрде кӛрініс беруіне, екінші жағынан ӛзінің кәсіби іс-әрекетінде үнемі жетілу үстінде болатынымен сипатталады. Ал, үшінші жағдайда шығармашылықпен әрекет ететін мұғалім ӛзінің кәсіби құзыреттілігін инновациялық технологияларды тәжірибесінде қолдана алатынымен сипатталады.
Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде оқытушылардың кәсіби құзыреттілік ұғымы даярлық сапасына қойылатын талап немесе теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден ӛткізілген кәсіби шеберлігінің маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, болашақ бастауыш мектеп мамандарының комуникативтік құзыретттілігі олардың білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, тұлға мүмкіндігін бағалаудың ӛлшемін мақсатына сай қарастыру болып табылады.
Жасалған теориялық талдауларға сүйене отырып, ақпараттық технологиялар
арқылыболашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың келесі ерекшеліктері айқындалды:


  • біріншіден, білім сапасын арттыруда қазіргі қоғам талабына және Болон үдерісіне енуге байланысты мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру стандарттарын қайта қарап, оны жетілдіру бағытында жұмыстар жасалуы тиіс.

50

Әлемдік білім кеңістігіне енуге байланысты шетел ғалымдарымен бірігіп, модульдік білім беру бағдарламаларының әзірленіп, пилоттық режимде тәжірибеге енгізілуі. Аталған бағдарламада коммуникативтік құзыреттіліктің алға шығуы тиіс.




  • екіншіден, кредиттік оқу жүйесімен оқытуда сапалы білім беруден алдыңғы қатарға шыққан шетел тәжірибелерін оқып үйрену. Шетелдік гуманитарлық бағыттағы педагогикалық университтеттермен оқытушыларды шетелге тәжірибе алмасуға, іс-тәжірибеден ӛтуге жіберуді практикаға енгізу үшін келісімшартқа тұру, ақпараттық технологиялар негізінде шет тілін бастауыш деңгейдің бірінші сыныбынан бастап оқыту мәселесін зерделеу;

– үшіншіден, қазіргі педагогикалық технология, ағылшын тілін оқыту әдістемесі, бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың теориясы мен технологиясы пәндері мазмұны жағынан бірін-бірі толықтыратындықтан Болон үдерісінің талабына сәйкес ірірлендіру немесе шоғырландыру қажет деп санаймыз. Кредит санын кӛбейтіп, дуалды білім беруді жүзеге асыруды қолға алуды жоғары оқу орны тәжірибесіне енгізу;


– тӛртіншіден, педагогикалық практиканы ұйымдастыруды күшейту қажет. Практикаға бӛлінген сағаттардың азаюына байланысты практиканың да мамандарды дайындаудағы рӛлінің тӛмендеуіне әкеліп отырғаны белгілі. Ал, білім алушылардың теориялық білімін тәжірибеде пайдаланудың бірден-бір кӛзі практика екенін барлығымыз жақсы білеміз. Мұғалім мамандығының қыры мен сырын, технологиясын, механизмін үйренетін кезі де осы практика. Сондықтан практиканың үздіксіз жүруіне баса мән беру керек;
– бесіншіден, мамандандыруды білім алушылардың меңгеретін мамандықтарына сәйкес келешекте мұғалімдік қызметінде тәжірибеде қатар алып жүруіне лайықтысын таңдауына мүмкіндік туғызу. Мысалы: 2013-2014 оқу жылынан бастап, бастауыш деңгейдің 1-сыныбынан шет тілі оқытылып жатқандықтан болашақ бастауыш сынып және шет тілі мұғалімі мамандығын алатын білім алушыларға ақпараттық технологиялардың түрлері мен оны пайдаланудың әдістемелерін тереңірек меңгерту үшін арнайы курс бағдарламасын әзірлеп тәжірибеге енгізу.
– алтыншыдан, педагогикалық жоғары оқу орындарында дайындалатын мамандықтар бойынша қазақ тілінде оқитын білім алушылар үшін электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын дайындауды қолға алу қажет. Бұл электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарға жауап беретіндей сапалы дайындалуы керек. Болашақ мамандардың келешекте сапалы білім алуының басты құралы оқулық десек, оны дайындауда сол пән бойынша ғылым жетістіктері мен жаңалықтары басшылыққа алынуы тиіс;
жетіншіден, педагогикалық жоғары оқу орнының профессорлары мен
оқытушылары ӛздерінің білімін жетілдіруде шетел оқу орындарынан тәжірибеден ӛтумен қатар, ӛз пәндері бойынша ақпараттық технологияларды кеңінен пайдлануға мүмкіндік жасалу қажет деп есептейміз.

51

1.3 Болашақ мамандардың ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың қҧрылымдық-мазмҧндық ҥлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет