Диccepтaция қҧpылымы. Диccepтaция
кipicпeдeн, eкi бӛлiмнeн, қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұpaды.
Кіріспе бӛлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың кӛкейкестілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, объектісі,
нысанасы, болжамы мен міндеттері, әдіснамалық негізі,
негізгі идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы,
практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалары, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі,
оның мақұлдануы, тәжірибеге енгізілуі баяндалады.
«Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың тeopиялық негіздері» деп аталатын бірінші бӛлімде «ақпараттық технологиялар», «коммуникативтік құзыреттілік» ұғымдары теориялық тұрғыда ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар негізінде нақтыланып, оқыту үдерісінде білім алушылардың ақпараттық технологияларды саралап қолданудың
ерекшеліктері айқындалып, зерттеу мәселесінің әдіснамалық негіздеріне сүйенілген үлгісі жасалды.
«Бoлaшaқ мaмaндapдың aқпapaттық технологиялар арқылы кoммуникaтивтiк құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндіктері» атты екінші бӛлімде зерттеу мәселесінің қазіргі жағдайы талданып, ақпараттық
технологияларды қолданудың
әдістемесі дайындалып, зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен олардың қорытындылары келтіріледі.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері бойынша алынған тұжырымдар сипатталады.
Қосымшада зерттеу барысында пайдаланылған диагностикалық материалдар беріледі.
13