Мулдабекова Камчат Тулюгиновна АҚпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік қҦзыреттілігін қалыптастыру



бет15/63
Дата09.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#30449
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Muldabekova disss

кӛпшілік алдында сӛйлеу аспектісі - сӛйлеу жоспарын дайындайды,

кӛпшілік алдында сӛйлеу нормаларын: (кідіріс, логикалық екпін, интонация, сӛйлеу қарқыны, т.б.) сақтайды;




  • диалог аспектісі пікірталасқа қатысады, топтық жұмысқа қатысушылармен диалогқа түседі;




  • ӛнімді топтық қатынас аспектісі - оқушылар ӛз идеяларын түсіндіреді, ұсынады, ӛзге топ мүшелерінің идеяларына ӛз кӛзқарастарын дәйектейді [24].

29

Біздің зерттеу тақырыбымыз тұрғысынан талдайтын болсақ, бастауыш сыныптардан шет тілін оқыту тәжірибеге енгізілгендіктен, қазақ тілін оқытуда қалыптастырылатын коммуникативтік құзыреттіліктер ағылшын тілін оқытуда да қалыптастырылуы тиіс, - деп санаймыз.


Г.Уәйісованың ойынша, бастауыш сыныптарда грамматикалық ұғымдарды меңгертудің тиімді әдістемелік жағдайларына тӛмендегілерді жатқызады:


      • оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл проблемалық әдіс деп аталады. Кез келген жаңа грамматикалық ұғымды меңгерту барысында оқушылардың психологиялық-физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне қарай проблемалық жағдай туғызу мұғалімнің шеберлігіне байланысты:




  • сӛзге немесе сӛйлемге қатысты оқушылардың лингвистикалық кӛзқарасын дамыту. Оқушыларға бастауыш сыныптарда берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең басты мақсатқа – олардың ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатына бағытталуы тиіс;




  • ӛтілген грамматикалық ұғымдардың айқын және кӛмескі белгілерін меңгерту;




    • жаңа меңгерілген ұғымда бұрын ӛтілген грамматикалық ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру.

Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп атайды; - жаңа меңгерілген грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру. Жаңа тақырыпты меңгертудің бұл әдісі, біріншіден, оқушылардың ӛткен сабақтардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді; - грамматикалық ұғымдарды кӛрнекі құралдар кӛмегімен меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді. Тақарыптың сипатына қарай кӛрнекілікті түрлендіріп, пайдалану қажет [103]. Біз автордың құнды тұжырымын ағылшын тілінде грамматиканы меңгертуде аталған әдістемелік жағдайларды басшылыққа алу қажет, - деп санаймыз.


Б.А.Тұрғынбаева бойынша, белсенді оқыту формаларын шартты түрде эвристикалық (шығармашылық, бағдарламалық емес, жаңаша шешім
қабылдауға бағытталған), бағдарламалық (алгоритмдік, белгілібір бағдарламамен, тәртіппен орындалатын) деп бӛліп қарастырған. Мұндағы басты айырмашылық бағдарланатын формалар мен әдістер үшін нақты алгоритм не ереже түзіледі, ал шығармашылық үшін ғылыми негізделген модель немесе схема жасалады, - деп тұжырым жасаған [39]. Бұдан шығатын
қорытынды белсенді оқыту формаларын бағдарламалық оқытудан эвристикалық оқыту формасына кӛшуге бағдарлау қажет. Сонда ғана біз болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыпастыра аламыз.
Л.К.Қарабаева тілдік білімді бағалау тілді білуге талап қойған кезде қолданылатын құрал ретінде анықталып, тілді үйрену бойынша әрекетін дамытуға және ынталандыруға бағытталған тетіктің маңызды қызметін орындайтындығын айта келе, шет тілдерді меңгеру деңгейі мен оны бағалаудың жолдарын кӛрсете алған [104]. Бүгінде елімізде шет тілін бастауыш сыныптардан бастап оқытылып жатқандықтан, тілді үйретуге бағытталған
30

тетіктерді әрбір болашақ бастауыш сыныптың мамандары меңгеруі тиіс. Бұл ӛз


кезегінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бір жолы болып табылады.
Ал, Г.М.Қасымова аударушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін жан-жақты іс-әрекетте қалыптастырудың тәсілдерін, жүзеге асыру жолдары мен тиімділігін айқындаған [105]. Коммуникативтік құзыреттілік студенттерді бақылаудан ӛзіндік бақылауға, әлеуметтік дамытудан ӛзіндік дамуға, монологтан диалогқа, түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін кұрайтын педагогикалық үдеріс шеңберінде білім беру парадигмасының ӛзгеруімен байланысты жүзеге асырылады. Негізгі мәселе – мұғалім мен оқушы арасындағы комуникативтік қарым-қатынас. Педагогикалық коммуникативтік қарым-қатынас, қарым-қатынастың ерекше түрі, «кәсіби категориясы» болып табылады. Ол әрқашан білім беруші, дамытушы және тәрбиеленуші қызмет атқарады.
В.А.Кан-Калик: «Педагогикалық коммуникативтік қарым-қатынас
тәрбиелеу, оқытудың мақсаты мен міндетін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін және педагог пен білім алушылардың ӛзара әсерін айқындайтын әдістер мен құралдардың жиынтығы». В.А.Кан-Калик оқытушының коммуникативтік іскерліктері қатарына: адамдар алдына сӛз сӛйлей білу, қарым-қатынасқа түсе
білу, түрлі жағдайларды туғыза отырып, шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру, оқу және тәрбие үдерісінде дұрыс, бір бағыттағы қарым-қатынасты құрып, оны басқара білу іскерлігін атайды.
В.А.Кан-Каликтің оқытушының коммуникативтік іскерліктері пікірі бойынша, педагог ӛзінің іс-әрекетімен, жүріс-тұрысы, сӛйлеуі арқылы тәрбиеленушіге тірегі болуы керек. Оқытушының коммуникативтік іскерлігінің нәтижесі оқытушы сӛзінің нақтылығы, түсініктілігі, кӛңілге жағымды үні, дауыс ырғағы, сӛздерінің анықтылығы, мейірімділігі мен тартымдылығы, міне осының барлығы ұстаздың студентке ықпал ету әсерінен кӛрінеді [95]. Бұдан шығатын қорытынды білім алушылармен қарым-қатынас жасай отырып, педагог оның және тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды; құндылық бағдары,
тұлғааралық қарым-қатынасы, іс-әрекеті туралы ақпаратты алады. Коммуникативтік қарым-қатынас педагог пен білім алушылардың біріккен әрекетін реттейді, ӛзара әсерін қамтамасыз етеді, педагогикалық үдерістің тиімді ӛтуіне септігін тигізеді.
Г.И.Щукинаның пікірі бойынша: «коммуникативтік қарым-қатынас оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мен бекітуіне маңызды әсер етеді» [106]. Тәрбиеленушіге сенім арту, оның танымдық ізденуіне қолдау жасау т.б. білім алуға деген қызығушылықтарын тудырады, ынталандырады. Бірқатар ғалымдардың айтуынша, педагогтар практика жүзінде қарым-қатынас ортасын құра отырып, онда тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелейді, әрі педагогқа әрі тәрбиеленушіге ӛзін-ӛзі қалыптастыруына мүмкіндік береді. Бұл университет қабырғасында әрбір болашақ маманнан коммуникативтік қарым-қатынас мәдениетін меңгеруді талап етеді, сонда ғана оларға педагог ретінде қалыптасуына мүмкіндік туады.
31

В.А.Кан-Калик, Е.Д.Никандров: «кәсіби-коммуникативтік педагогикалық қарым-қатынас деп педагог пен тәрбиеленушінің ӛзара әсерлесу жүйесін түсінеміз; яғни, ақпарат алмасу, тұлғаны тану, тәрбиелік әсер ету», - деген анықтама берген. Авторлар коммуникативтік қарым-қатынастың дәстүрлі ӛзара байланысқан үш функциясын бӛліп кӛрсеткен. 1. Коммуникативтік (ақпарат алмасу); 2. Перцептивті (адамдардың бір-бірін тануы, қабылдауы); 3.Интерактивті (біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру, реттеу) [95]. Педагогикалық қарым-қатынас, ең алдымен, коммуникация қызметін атқарады яғни, ақпарат беріледі, педагогикалық үдеріске қатысушылар арасында ақпарат алмасады.Қорыта келе айтарымыз, коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті іске асыру үшін педагогқа қойылатын талаптар:




  • ойды нақты жеткізе білу; сұрақты дұрыс қоя білу;




  • грамматикалық формада дұрыс сӛйлеу, сӛйлеу мәдениетін меңгеру, тыңдаушысына құлақ асу;




  • түсіндіру, дәлелдеу; сенім арту болып табылады.

Қарым-қатынастың маңызды функциясының бірі – интерактивті функция (ӛзара іс-әрекетті ұйымдастыру және реттеу), басқа сӛзбен айтқанда тәрбиеленушілердің іс-әрекетін басқару, бағыт беру.


Ақпараттық технология арқылы оқыту үдерісіндеболашақ маманның

коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуына бағдарлану білім беру


ұйымдары түлектерінің дайындық сапасын айтарлықтай кӛтереді, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар олардың ӛзіндік субъекті ретінде қалыптасуына бағытталады.
Білім беру практикасында коммуникативтік құзыреттіліктер прагматикалық сипатта болады және ол мыналарға бағытталады:


  • педагогикалық тәжірибеден пайдалыны, керектісін ала білуі;




  • ӛзінің алған білімін тәжірибемен ӛзара байланысын ұйымдастыра білуі және оларды тәртіпке келтіруі;




  • пәнді материалдың мазмұнын зерделеудің ӛзіндік тәсілдерін жасауы;

  • білім алушылар алдында пайда болатын міндеттерді шеше білу іскерлігі;




  • білім алуда ӛздігінен, шығармашылықпен іс-әрекетке түсе білу іскерлігі және т.б.

Болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқыту үдерісін ақпараттық технологиялар арқылыұйымдастыруда танымдық тапсырмаларды орындауда ақпаратты жинақтау барысында ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау барысында ӛзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет, рефлексия арқылы жүзеге асады.


Оқыту үдерісінде мақсат қою, оны жоспарлау болашақ маманнан зеректік, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт, белсенділік, қызығушылық, ӛмірлік белсенді ұстаным сияқты кӛптеген қасиеттерді талап етеді. Сонымен коммуникативтік құзыреттілік талаптарын, сондай-ақ оларды ұйымдастыру

32

жолдарын зерттеу мәселесін тетігін анықтау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:




  • болашақ мамандардың ойлау дербестігін, логикалық, жүйелі ойлауын дамыту арқылы олардың карым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады;




  • танымдық іс-әрекет түрлері тӛменнен жоғары, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттері дамиды;




  • танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру олардың қызығушылығы мен ізденімпаздық, шығармашылықтың қалыптасуына баулиды;

Л.Т.Қожамкұлова «ақпараттық-коммуникативтік икемділік – ақпараттық-коммуникативтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының ӛзгеруіне байланысты ақпараттық-коммуникативтік стратификациялар механизмі», – деп икемділікті құзыреттілік ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады [107]. Демек, құзыреттілік ұғымы білім, біліктілік, дағдының жай


жиынтығы емес, оқу нәтижелерімен қатар білім алушылардың оқу іс-әрекеттеріндегі кәсіби әрекеттің негізі болып табылатын коммуникативтік құзыреттіліктерді меңгеруі, – деп санаймыз.
А.Р.Вербицкийдің пайымдауынша, тұлғаның коммуникативтік құзырлығының қалыптасуының негізгі ӛлшемдерінің бірі, адам серіктесінің қызығушылықтары мен ұстанымдарына сәйкес ӛз ұстанымын бағалауға қабілетті болған жағдайдағы рефлексия болып табылады [73]. Адамның бойында ауызша және ауызша емес қатынас құралдары арқылы әнгімелесушімен қатынас құруға, оның хабарламаларын талдауға, оларға нақты жауап қайтаруға қабілеттері жақсы қалыптасқан болуы ӛте маңызды. Зерттеушілер, коммуникативтік құзырлықты, тұлғааралық қатынастың арнайы ортасында коммуникативтік әсерді құру үшін қажетті ішкі ресурстар жүйесі ретінде анықтады.
А.Б.Добрович коммуникативтік құзырлықты, қатынасқа әрдайым дайын болу деп қарастырады [92]. Бұдан шығатын қорытынды коммуникативтік құзырлықты ғалым сана, ой тұрғысынан түсіндіреді. Адам ойланады, бұл оның сұхбат үстінде жүргенін кӛрсетеді, сондықтан адам әрдайым ӛзінің интуициясына сәйкес айнымалы жағдаятты қарым-қатынасқа түсуде ескеріп отыруы керек. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігі алған білімдерін тәжірибеде, күнделікті ӛмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін сипаттайды. Болашақ мамандардың комуникативтік құзыреттілігі оқыту үдерісінің негізгі сапа кӛрсеткіші ретінде оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жетудегі ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы субъектілік карым-қатынасқа түсе білуі, – болып табылады.
Коммуникативтік құзыреттілік бұл коммуникативтік мәдениеттіліктің бӛлінбейтін құрамдас бӛлігі болып табылады. Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру қоғамдық сұраныстан туындап отырған мәселе болғандықтан, коммуникативтік мәдениеттіліктің жоғары деңгейіне жеткізу үшін үнемі жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан білім
33

берудегі құзыреттілік амалдар қазіргі білім мазмұнының негізі болып отыр. Болашақ бастауыш сынып мамандарының даярлығында білім беру нәтижелерін айқындау білімді меңгертумен ғана айқындалмайды, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешуді де талап етеді. Коммуникативтік құзыреттілікті кәсіби құзыреттіліктің негізі ретінде қарастыруға болады.


В.Б.Кашкиннің пікірінше, коммуникативтік құзыреттілік белгілі коммуникативтік міндеттерді шешу және алға шығару қабілеті: коммуникативтік мақсатты айқындау, жағдятты бағалай алу, серіктестіктің қарым-қатынас мүмкіндігін ескеру, коммуникативтік табыстылықты бағалау, ӛзінің коммуникативті мінез-құлқын жӛндеуге дайын болуы,- болып табылады [108]. Басқаша айтатын болсақ, коммуникативтік құзыреттілік болашақ маманның коммуникативтік ресурстарды тиімді қолдана білуі болып табылады.
Коммуникативтік құзыреттілік қажетті тілдік білімді меңгеруді, адамдардың қоршаған ортамен, топтың жұмыс істеу дағдыларын, ұжымда әртүрі әлеуметтік рӛлдерді меңгеруі және т.б. ӛзара әсер етудің мүмкіндіктерін меңгерумен байланыстырады. Осыларды оқу үдерісінде меңгерту үшін қарым-қатынастың қажетті және жеткілікті шындық объектілері, оларды білім беру салаларының әр деңгейіне сәйкес әрбір пәнді меңгерту үшін жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері


бар. Білім алушылар сауалнамаға жауап беру, хат жазу, ӛтініш жазу,

сұрақ

қою, әңгімелесу және т.б. білуі тиіс, – деп қорытынды жасаған

[46].Зерттеу

тақырыбымыз

болашақ

маманның

коммуникативтік

құзыреттілігін

қалыптастыру

болғандықтан, автордың

пікіріне қосыла отырып,

ішкі

коммуникативті ресурстарды кез-келген жағдайда субъекті мен субъективтінің қарым-қатынасқа түсуінің тиімді жолдарын меңгеруі тиіс, – деп санаймыз. Ӛйткені, коммуникативтік құзыреттілік ӛзара түсіністікке әкелетін екі жақтың пікір, ақпарат алмасуы болып табылады.


П.И.Пидкасистый бойынша, коммуникация адамдар арасындағы байланыстың бір түрі. Коммуникация адамдар арасында ақпарат алмасу, ал кең мағынасында қоғам мен табиғаттың жүйелері арасындағы байланыс. Коммуникациялық үдерісті талдау арқылы келесі негізгі элементтерді бӛліп кӛрсеткен: - адресат – ақпарат кӛзін жіберуші;
-ақпарат – хабарлама мазмұны;байланыс каналы, код немесе ақпарат жеткізу құралы;
-адресат – хабарламаны қабылдаушы; нәтиже – қорытындыда жеткен жетістік [109].
Жоғарыда жасалған талдауларға сүйене отырып, коммуникативтік қарым-қатынас тиімді нәтижеге жету үшін келесі бағыттарды бірнеше кезеңді қамтитынын кӛрсетеміз:


  • қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі (серіктес адамға ықпал ету, қажетті ақпаратты жеткізу, ӛзіне ақпарат алу) басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге қызығушылығын ояту;




  • қарым-қатынасқа түсу мақсатын айқын білу, қарым-қатынас жағдаяттарына бағыттарының болуы;




  • қарым-қатынастың серіктес тұлғаға бағытталуы;

34

- адам ӛзінің не айтатыны туралы алдын ала түсінігінің болуы, ӛзінің қарым-қатынасқа түсу мазмұнын жоспарлауы;




  • кейде саналы, (кейде саналы емес) тұрғыда қарым-қатынасқа түсу барысында нақты құралдарды, тілдік фразаларды, қалай сӛйлеуді, айтуды, ӛзін қалай ұстауды шешуі;




  • серіктестің жауап беру бағасы және оның қабылдау реакциясы, қайта немесе кері байланыс негізінде орнатылған тиімді қатынасты қадағалау;




  • қарым-қатынас әдістерін, стилік түзету бағыттары. Бұл бағыттардың біреуінде кемшілік кетсе, онда қарым-қатынас актілерінде күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмаймыз, сондықтан оларды толық жүзеге асыруға баса назар аудару қажет.

Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бұл бір бірімен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі мен оны орнату қабілеттілігінен тұрады. Болашақ мамандардың тиімді қарым-қатынасқа түсуі: серіктестікте ӛзара қарым-қатынаста ӛзара түсіністігін айқындайды, кез-келген жағдаятты жақсы түсінеді, мәселені шешетін қарым-қатынас құралын, мақсатқа жетуде тілдік ресурстарды ұтымды қолдануды меңгереді.


Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, зерттеу
тақырыбымыз бойынша, болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігі – алған теориялық тілдік білімін тәжірибеде пайдалана білу белсенділігі, болашақта таңдаған мамандығына сәйкес кәсіби даярлығына қатысты қарым-қатынас әдістері, технологиялары мен құралдарын меңгеруде ақпараттық технологияларды саралап, ӛзінің даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларын шеше алатын тұлғаның қасиеттер жиынтығы, – деген ӛз анықтамамызды береміз.
Қорыта келе, әрбір болашақ маман ӛзінің тұлғалық сапасын, дағдыларын жетілдіруге, толықтыруға, сыртқы әлеммен тілдік қарым-қатынастарда ӛз орнын табуға, кәсіби мамандықтарында кездесетін тілдік ерекшеліктерді меңгерген, ӛзінің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша алған білімі мен білігінің негізінде тілді үйрету әдістемесін тәжірибеде шығармашылықпен қолдануда белсенділік танытуға ұмтылуы тиіс, – деп тұжырымдаймыз.

35

1.2 Болашақ мaмaндapдың ақпараттық технологиялар арқылы коммуникативтік қҧзыреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері


«Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы» мен «Бастауыш және орта кәсіптік білімді ақпараттандыру» бағдарламасында білім беруді ақпараттандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды әсіресе, телекомуникациялық технологияларды, электрондық оқулықтар мен кешендерді пайдаланып оқыту ерекше орын алатыны баса айтылған. Осы басым бағыттардан туындайтын міндеттерді шешу білім алушылардың оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы практикалық іс-әрекетте пайда болатын мәселелерді шешімін табу үшін кәсіби білім мен біліктілікті, құзыреттікті қалыптастыруды қажет етеді.
Қазіргі замандағы кәсіби білім беру негізгі екі жағдайда, атап айтқанда, ақпараттандыру мен жетілдіру жағдайында дамып отыр. Егер оны «ақпарат» атты жалпығылыми категориясыз қарастыратын болсақ, онда қазіргі замандағы болмыс біржақты әрі толық болмаған болар еді. Бүгінгі күні адамның әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттері оны жүзеге асыруға қажетті білімдер кӛлемінің шұғыл ӛсуімен қиындап, күрделеніп отыр. Демек, бүгінгі уақытта білім беруді ақпараттандыру постиндустриалдық қоғамның интеллектуалдық базасын құрудың міндетті шарты болып табылады.
А.Д. Урсулдың анықтамасыбойынша ақпараттандыру – бұл «ақпараттық қоғам құру мақсатында ақпарат құралдарының кӛмегімен басқару мен дамудың қоры ретіндегі ақпараттарды меңгерудің жүйелік-әрекеттілік үдерісі және оның негізінде ӛркениет прогресін одан әрі дамытуды жалғастыру. Оның мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы интеллектуалдық әрекеттерді жаппай жетілдіру, постиндустриалды қоғамның талаптарына сай келетін, ой-ӛрісі жаңа типтегі мамандарды дайындаудың сапасы мен тиімділігін түбегейлі кӛтеру, жаңа ақпараттық мәдениетті қалыптастыру»,– болып табылады [110]. Болашақ мамандардың ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін жетік меңгеріп, қоғам сұранысына жауап беретін, бәсекеге қабілетті, коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан, ақпараттық мәдениет пен ақпараттық сауаттылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету кӛзделеді.
Білім беруді ақпараттандырудың заманауи сатысы үлкен сыйымдылықтағы,
тез әрекет ететін тасушылары бар, жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялы, мультимедиалық технология мен виртуалдық шындық жүйесі бар күшті жеке компьютерлерді қолданумен сипатталады. Ақпараттандыру үдерістерін, оның себептері мен әлеуметтік салдарын философиялық түсінуге бүгінгі күні ерекше назар аударылатыны ӛте маңызды.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандырудың кӛптеген әрі әртүрлі міндеттерін атауға болады: оқу үдерісінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану негізінде мамандарды даярлаудың сапасын кӛтеру;
36

оқытудың белсенді әдістемелерін қолдану; оқу әрекеттерін интеллектуалдық және шығармашылық құрайтындарды кӛтеру; білім беру әрекеттерінің әр түрін (оқулық, зерттеушілік) кіріктіру; ақпараттық және коммуникациялық технологияларды білім алушының танымдық әрекеттерін белсендіру мен мотивациясын кӛтеруге ықпал ететін оның жеке ерекшеліктеріне сай бейімдеу; қашықтан оқытудың технологиясын жасау; оқыту үдерістерін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру; болашақ педагог мамандарды кәсіби, арнайы дайындау үдерісінде оқытудың ақпараттық технологияларын енгізу.


Демек, білім беру саласында заманауи ақпараттық технологияларды дидактикалық құрал ретінде, кәсіби әрекеттердегі құрал ретінде, сараптық жүйе мен шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі ретінде, оқыту мен зерттеу әрекеттерін шығармашылық құрайтындарды кӛтеру құралы ретінде бірнеше бағытта қолданылады.
Бүгінгі заманда ақпараттандыру үдерісі білім алушылар мен оқытушылар еңбегінің ӛнімділігін кӛтеру құралы ғана емес, сондай-ақ, адамның кәсіби әрекеттері мен ӛмірінің бір бӛлігі ретінде, қоғам ӛмірінің кӛрінісін қалыптастыратын, әлеуметтік қарым-қатынастар мен үдерістерді реттейтін факторлар ретінде түсіндіріледі. А.И.Ракитов, И.В.Соколова және Ю.А.Яковец атап ӛткендей, ақпараттандыру үдерісі бірнеше бағыттардан тұрады: компьютерлендіру, медиатизациялау және интеллектуалдандыру [111].
Компьютерлендіру ақпараттарды іздеу мен қайта ӛңдеу құралдарын жетілдіруге бағытталған; медиатизациялау ақпараттарды жинау, сақтау мен
тарату құралдарын жаңартудан тұрады; ал интеллектуалдандыру ақпараттарды тудыру мен қабылдауға деген адамдардың білімдері мен қабілеттерін дамытумен, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін кӛтерумен және жасанды зерде құралдарын қолдану үшін мүмкіндіктерді жасаумен байланысты болады.
Компьютерлендіру үдерісі басқа екі үдерістен басым болғандықтан «ақпараттандыру» түсінігінің ӛзін кӛбінесе компьютерлендірумен теңестіреді, бірақ та жоғарыда айтып кеткендей, бұл терминді бұлай түсіну толық емес әрі бір жақты болып табылады. Еліміздегі білім беруді ақпараттандыру үдерісі ӛз жолында бірнеше, арнайы кедергілерді, мәселелерді кездестірді, солардың ішінен ақпараттармен жұмыс істеу тәсілдерінің есептеу техника құралдары мүмкіндіктеріне сай келмейтін инфрақұрылымдардың тиісті дәрежеде дамымауын, ұйымдастырушылық мәселелер мен кадрлық мәселелерді атауға болады.
Білім беруді ақпараттандыру бүкіл білім беру үдерісін қамтитын маңызды фактор болып табылады. Оның дәстүрлі ұстанымдарымен қатар ақпараттық технологияларды жекелендіру, ақпараттық ағымдардың кӛп каналдығы, ақпараттық ӛнімдер мазмұндарын әмбебаптау мен қолдану ұстанымдары да маңызды орын алып отыр. Жекелендіру ұстанымы электрондық ӛнімдермен білім алушылардың жеке жұмыстары үшін жағдай жасауды, түсінікті пайдаланушылық интерфейсті қолдануды, әртүрлі деңгейдегі оқытушылар құрамының болуын білдіреді.
37

Ақпараттық ағымдардың кӛп каналдығы ұстанымы дегеніміз – кӛру, есту сияқты қабылдаудың әр түрлі каналдарына сүйену арқылы ақпаратты беру. Бұларға мәтіндерді, графиктерді, аудио және бейнематериалдарды, сызбалар мен кестелерді қолдану жолдарымен қол жеткізуге болады.


Байланыстың ақпараттық ӛнімдері мазмұндарын әмбебаптау мен қолдану ұстанымдары – бұл логикаға, интерфейске, құрылымға деген жалпы әдістерді жасау, бір бағдарламалық ӛнімнен екінші бағдарламалық ӛнімге оңай кӛшуді жасау мақсатында электрондық материалдар компоненттерінің жиынтығын
құрастыру, сондай-ақ назарды материалдардың сыртқы әсерлері, оны қабалдау формасына емес, оның мазмұндарын қабылдауға бағытта болып табылады.
Білім беру үдерісін ақпараттау үдерісі екінші маңызды үдеріс – модернизациялаумен қатар жүреді. Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беруді модернизациялаудың мақсаты – білім беру жүйесін дамытудың тұрақты механизмін жасау. Экономиканы және әлеуметтік саланы, ғылым, техника мен технологияны, еңбектің федералдық және аумақтық рыноктарын дамытудағы сұраныстары, сондай-ақ оларды дамытудың болашақтағы қажеттіліктері білім беруді модернизациялаудың негізгі факторлары болып табылады. Білім берудің кӛп деңгейлік жүйесін құру, түлектерді еңбекке тартуға кӛмек кӛрсетудің тиімді жүйесін жасау, жұмысты таңдау мәселесі бойынша, сондай-ақ ӛз ісін ашуға қатысты ӛзінің дайын екендігін қалыптастыру модернизациялаудың нәтижелері болуы керек.
Білім беруді модернизациялаудың басым бағыттарының бірі – оның барлық сатыларына ақпараттық технологияларды енгізу. Білім беру ұйымдарында оқыту үдерісінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін және жоғары оқу орындарындағы ғылымға демеу кӛрсететін ғаламтордың ғаламдық желісіне және жергілікті ақпаратты тораптарға қосу, жоғары оқу орындарын заманауи аспаптармен, құралдармен және материалдармен жабдықтау керектігі нақты кӛрсетілген.
Білім беру мен ақпараттық кеңістіктің кеңеюі, адам білімі кӛлемінің тез ӛсуі – болашақ маманның, сондай-ақ педагогтың кәсіби әрекеттерге деген дайындығына қатысты кӛзқарастарды ӛзгертуге әкеледі. Ал кәсіби құзыреттіліктің негізі саналатын коммуникативтік құзыреттілік десек, ол бүгінгі күні осындай дайындықтың кӛрсеткіші болып табылады.
Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан болашақ бастауыш сынып мамандары кәсіби мәселелерді ӛздігінен әрі табысты түрде шешуге ықпал ететін кәсіби білімдерді игерген, шеберліктер мен қарым-қатынас жасаудағы жеке қасиеттердібойына сіңірген, ақпараттық технологияларды меңгерген ӛздігінен, кәсіби жетілуге дайын, ӛзін-ӛзі дамытуға, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға ынталытұлға болуы тиіс.
Кәсіби құзыреттілік негізгі, базалық және арнайы құзыреттілікте байқалады. Негізгі құзыреттіліктер – бұл қазіргі заман болмысында кез келген маманның табысты әрекеттеріне қажетті жалпы кәсіби құзыреттіліктер. Негізгі құзыреттіліктер құрамына мыналар жатады: тұжырымдамалық,
38

аспаптық, құнды-этикалық, кіріктірілген, контекстік, бейімделмелік,


коммуникативтік.
Тұжырымдамалық құрамдас құзыреттіліктер кәсіби педагогикалық әрекеттердің негізгі теориялық негіздерін түсінуден, педагогика ғылымы саласындағы негізгі бағыттарды, философия мен әдістемелерді меңгеру мен теориялық талдаулардан тұрады.
Аспаптық құрамдас құзыреттіліктернегізгі педагогикалық тәсілдер мен шеберліктер, іскерліктерді меңгеруге негізделген.
Құнды-этикалық құрамдас педагогикалық әрекеттердің гуманистік бағыттылығын кӛтерумен, оның қоғам дамуы үшін маңыздылығымен, оның нормалары мен құнды нұсқауларын қабылдаумен сипатталады.
Кіріктірілген құрамдас құзыреттіліктер әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуде педагогикалық теория негіздерін, тұжырымдамалық ойларды практикамен байланыстыруымен сипатталады.
Контекстік құрамдас құзыреттіліктер кәсіби педагогикалық әрекеттер жүзеге асырылатын әлеуметтік, мәдени, ұйымдастырушылық ортаның ерекшеліктерін түсінуден, педагогикалық үдерісте әр адамның ӛзіндік қасиеттерінің кӛріну даралығымен сипатталады.
Бейімделмелік құрамдас құзыреттіліктер педагогикалық үдерістердің
қарама-қайшылықтарын, жағдайлардың әртүрлілігін, әлеуметтік-педагогикалық ӛзгерістердің сипатын, жартылай белгісіздікті, адамдардың мінез-құлықтарының ықтималдық сипатын алдын-ала кӛре білу мен оған дайын болу шеберлігін білдіреді.
Коммуникативтік құрамдас құзыреттіліктер тұлғалар арасындағы байланыста заманауи ақпараттар ағымын, жазбаша және ауызша құралдарды тиімді қолдану, әр түрлі әлеуметтік-рӛлдік педагогикалық бағыттарда диалог жүргізу, әр түрлі адамдардың ӛзіндік ерекшеліктерін, бағыттарын, пікірлерін қабылдай білу шеберліктерін құрайды.
Базалық құзыреттіліктің болуы нақтылы кәсіби әрекеттерге бастапқы қабілеттілік пен оны іске асыруға дайындығын білдіреді. Нақтылы жұмыстың әдістерін, әр түрлі сипаттағы нақты, кәсіби мәселелерді талқылау мен шешуге қатысуды меңгергенде базалық құзыреттілікті иеленуге болады. Әртүрлі сипаттағы базалық құзыреттіліктерді атауға болады. Олар:


    • біріншіден, ӛз саласында нақты материалдармен талдамалы жұмыс істей білу шеберлігі, заманауи ақпараттық технологияларда іздеушілік жұмыс шеберлігі, нормативтік және іс-құжаттарымен жұмыс істеу шеберлігі, зерттеушілік әдістемелерді дайындау тәсілдерін меңгеруі;




  • екіншіден, кәсіби коммуникацияны әртүрлі жағдайда қолдану үшін жазбаша және ауызша сӛйлеуді меңгеру, мақсатқа сай келетін іскерлік коммуникацияны құра білу, басқару және ұйымдастырушылық дағдыларды меңгеру, ӛз ойын дәлелдей білу, командада табысты әрекеттер жасай білу шеберлігі, жауапты бастаманы және кәсіби жетістіктердің тұсаукесерін кӛрсетуге деген ынталылық.




    • үшіншіден, білімді үнемі жаңартып отыруға, ӛздігінен білім алуға және

39

ӛзін-ӛзі жетілдіруге, дамытуға, іске асыруға деген ынталылық.


Арнайы құзыреттілікті дамыту еңбек тәжірибесі мен болашақ маманның қызықты да әрі ол үшін ӛзекті болып табылатын педагогикалық мәселелер
тӛңірегіндегі нақты оқу тапсырмаларының, зерттеу әрекеттерінің, педагогикалық жобалаудың және шығармашылық жұмыстардың үйлесімі арқылы жүзеге асырылады.
В.И.Богословский, О.Н.Шиловалар пайымдауынша, бүгінгі таңда ақпараттық ортаның «коммуникативтік құзыреттілік» түсінігімен кеңею жағдайы тағы бір маңызды түсінік – «ақпараттық мәдениет» түсінігімен байланысты болуында, - деп тұжырым жасаған [112].
Ақпараттық мәдениет дегеніміз – ақпараттармен жұмыс істеу технологияларын және тәсілдерін, іздеу, беру, ақпараттарды ӛңдеу мен талдау дағдыларын меңгеру болып табылады.
Адамның ақпараттық мәдениеті – педагогтың да, білім алушының да білім алу әрекеттеріне қажетті жалпыадамзат мәдениетінің бір бӛлігі, ғылыми білім алу әрекеттері құрамындағы олардың ақпараттық әрекеттерінің сапалы сипаты болып табылады. Ақпараттық мәдениет ақпараттық ортамен ӛзара әрекет етуде білім, дағдылар, шеберліктер мен шартты нұсқаулар кешенінің болуымен сипатталады, ол арнайы ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруда байқалады.
Сауатты педагог ӛзінің ақпаратқа зәру екенін түсінуі керек, оны нақты шешім қабылдау үшін ұқсастыра білуге, таратуға, бағалауға және тиімді қолдана білуге қабілетті болуы керек. Ақпараттық мәдениет ақпараттық әрекеттерге деген қызығушылықта, оның білім алу үдерістеріндегі маңызды рӛлін түсінуде, ақпараттар кӛздерін саналы түрде таңдай білуде және оларды ӛңдеудің алгоритмдерін меңгеруде, дәстүрлі, электрондық, желілік және басқа да ақпараттық қорларды кешенді қолдануда, ӛзін ақпараттарды тасушы және таратушы ретінде сезіне білуде, белсенді ақпараттық мінез-құлықта байқалады.
Сонымен, коммуникативтік құзыреттілік педагогикалық іс-әрекеттерге деген дайындықты заманға сай түсіндірудің негізгі түсінігі болып табылады. Коммуникативтік құзыреттілік – кӛп аспектілі, кең түсінік. Коммуникативтік құзыреттілік – маман ретіндегі педагог үшін «адам-адам» аясындағы кәсіби құзыреттіліктің маңызды құрамдастарының бірі болып табылады, ӛйткені педагогикалық әрекеттердің негізінде коммуникация жатыр.
Бүгінгі күні «коммуникативтік құзыреттілік» түсінігі әртүрлі ғылымдармен: педагогикамен, психологиямен, лингвистикамен және информатикамен кіріктіріле қарастырылып отыр. Әр ғылым шеңберінде бұл түсінікті түсіндіруге деген әртүрлі жолдарды атауға болады.
Психологияда коммуникативтік құзыреттілік тұлғалық ӛзара әрекеттер жағдайының арнайы ортасына қажетті ішкі қорлар жүйесі ретінде қарастырылады (Б.Г.Ананьев, Г.М.Андреева, Н.В.Бордовская, М.С.Каган, А.А.Леонтьев, Л.М.Митина, В.Н.Панкратов, В.Н.Панферов, А.А.Реан, Е.А.Юнина, Н.И.Шевандрин, В.М.Шепель). Бұл тұрғыдан қарастырғанда
40

коммуникативтік құзыреттілік инварианттық жалпыадамзаттық сипаттамалардан да, сондай-ақ мәдени, тарихи шарттылықтардан да тұрады.


Қазіргі уақытта білім берудің ақпараттық технологиялар саласында терминология қалыптасты деп айтуға болады. Егер бірнеше жылдар бұрын әдебиетте «білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар», «білім берудің заманауи ақпараттық технологиялары», «электрондық-коммуникациялық жүйелер, білім берудің құралдары мен технологиялары» сынды синонимдік терминдер кездескен болса, бүгінгі таңда кӛп жағдайларда олар тек бір ғана
«ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» ұғымымен ауыстырылған. Барлық аталған терминдер баспа басылымдарынан бастап қазіргі кездегі компьютерлерге дейін олармен жұмыс істеу құралдарының және тәсілдерінің кең жиынтығын кӛрсетеді. Кӛптеген ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері: олар білім беру тарихы жағынан қарастырғанда жаңа техникалық құралдарға, атап айтқанда жеке компьютерлерге, аудио, бейнеқұралдарға негізделген.
Ақпараттық технологиялар мен білім беру технологиясы ұғымдарын ажыратып алу керек. Әдетте білім беру технологиясы алға қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін тәсілдер, формалар мен құралдар жүйесі деп түсіндіріледі. Ал ақпараттық технологиялар ақпараттық үдерістерді қамтамасыз етуге бағытталады.
Әдетте ақпараттық технологиялар құралдарына микропроцессорлық техника негізінде жұмыс істейтін бағдарламалық-аппараттық құралдар мен тәсілдерді, ақпараттарды жинау, шығару, жинау, сақтау, ӛңдеу мен беру операцияларын қамтамасыз ететін телекоммуникация саласының, ақпараттық алмасу, аудио және бейнетехниканың заманауи құралдары мен жүйелерін жатқызады.
Дидактиканың дәстүрлі түсінігінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім берудің техникалық құралдарының аналогы болып табылады. Педагогикалық технологиялар педагогтың белсенді қатысуымен осы құралдар негізінде жасалады. Ақпараттық технология құралдары ӛте кӛп, оған барлық топтардағы компьютерлер, оларды толықтырушы аппараттар, бағдарламалық жасақтамалар, виртуалдық шындық жүйелері, ақпараттық жүйелер жатады.
Жоғарыда аталған ақпараттық және коммуникациялық технологиялар оқу-тәрбие үдерістерінің барлық деңгейін, білім алушының кӛпжақты дамуын күшейту, болашақтағы ақпараттық қоғам жағдайында жоғары оқу орындары
түлектерін ӛмірге дайындау міндеттерін шешуге, қазіргі қоғамның ақпараттандыру үдерістеріне сай туындаған әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыруға ықпал етеді.
Адам әрекеттерінің барлық аясындағы, сондай-ақ білім берудің объективтік үдерістері ретіндегі ақпараттандыру – қазіргі кездегі жетекші әлеуметтік-экономикалық мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл үдерістің құрамдас бӛлігі ретіндегі білім беруді ақпараттандыру оны қолданушылардың мүдделеріне сай ақпараттарды жинау, ӛңдеу, сақтау, тарату және қолдану
41

мақсатында кіріктірілген бағдарламалық-техникалық құралдардың, тәсілдер мен үрдістердің біртұтас жүйесін білдіреді.


Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы интеллектуалдық іс-әрекеттерді күшейту. Білім беруді ақпараттандыру қазіргі кездегі білім беру парадигмасының шеңберінде болып, оның мынадай: білім берудің үздіксіз,
ашық жүйесін қалыптастыру, білім берудің жаңартылған, сондай-ақ ақпараттандырылған технологияларын қолдану, қашықтан оқыту
технологияларын енгізу арқылы білім алуда ӛз бағытын таңдауға мүмкіндік жасау сияқты ерекшеліктеріне де байланысты болып отыр.
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану білім беруді ақпараттандырудың негізгі шарттарының бірі болып табылатыны айдай анық. Бүгінгі күні бұл технологияларды білім беруге енгізу мәселесін зерттеп жүрген кӛптеген ғалымдар (А.А.Ахаян, В.А.Извозчиков, Т.Н.Носкова, Е.С.Полат, О.Н.Шилова) оларды қолдану бүкіл білім беру үдерісін ӛзгертеді,- деп есептейді.
Ақпараттық технологияларды қолдану салдарынан білім беру үдерісін ӛзгерту негізгі екі бағытта жүргізіледі: білім беруді кеңістіктік пен уақыттық ӛзгерту, сондай-ақ білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің коммуникациялық сипатын ӛзгерту.
Білім беруді кеңістіктік ӛзгерту – бұл білім беру кеңістігін кеңейту, қашықтан ӛзара әрекеттесу мүмкіндіктерінің пайда болуы, білім беру бағыттарының вариативтілігі. Демек, білім беру үдерісінің жаңа кеңістігін ұйымдастыруға деген қосымша талаптар пайда болады: тиісті жабдықтардың, жұмыс орындарының болуы. Осыған байланысты болашақ мамандарды даярлауға деген жаңа талаптар да пайда болады: оларға оқытушының кеңесімен немесе олардың ӛздігінен білім алу бағыттарын жасау, ӛз жұмыс кеңістіктерін ұйымдастыру, ақпараттар ағымында бағдар алу, аса қажеттілерін таңдап алып, дұрыс орналастыра білу шеберліктері қажет. Міне, сондықтан
субъектінің білім әрекеттерін: жоспарлау, болжам жасау, рефлексия

шеберліктері сияқты ерекшеліктері аса қажет.

Білім беруді уақыттық ӛзгерту, ең алдымен, қашықтан әр түрлі
ақпараттармен тікелей және жанама алмасу мүмкіндіктерімен байланысты. Мұндай мүмкіндіктердің пайда болуы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беруді уақытпен ұйымдастыруға деген талаптар қатарының пайда болуын тудырады: ақпараттармен алмасудың уақытша жиегінің шектеулігін есепке алу, коммуникация уақытын нақты жоспарлаудың қажеттігі, ӛзара техникалық-жанама әрекеттер жасағанда уақыттың психологиялық әсерін қабылдауды есепке алу.
Ақпараттық технологияларды қолданумен білім беру үдерістерін ұйымдастырудың кеңістіктік-уақыттық ерекшеліктеріне дәлелдер ретінде, ең алдымен, кәсіби әрекеттерге қажетті білімдер мен шеберліктерді әр түрлі тәсілдермен алу мүмкіндіктерін келтіруге болады. Бір жағынан, олар оқу ақпараттарын сатылай бақылауды жүзеге асыра отырып, дәйекті түрде ұсына
42

білу мүмкіндігін тудырады. Ал екінші жағынан, білім алушылар сол білімдер мен шеберліктерді үдерістер мен құбылыстарды үлгілеу құралдары арқасында осы үлгілерді зерттеу арқылы, яғни процедуралық тәсілмен алады.


Электрондық оқулықтар, тесттік және бақылаушы бағдарламалар, анықтамалар, мәліметтердің оқу қоры, оқу бейнефильмдері сияқты құралдарға сүйену арқылы ақпараттарды ұсынуға болады. Имитациялық үлгілердің, пәндік-бағдарланған ортаның, компьютерлік графика мен компьютерлік үлгілеудің және олардың негізінде жасалған зертханалық практикумдар, тренажерлар мен ойындық бағдарламалардың кӛмегімен үдерістерді үлгілеуге болады. Осындай тәсілмен микро және макродүниедегі, ішкі күрделі техникалық және биологиялық жүйелердегі құбылыстар мен үдерістерді, үлкен және аса кіші жылдамдықпен жүріп жатқан әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік үдерістерді зерттеуге болады. Әр субъектіге ӛзінің білім алу жолын қамтамасыз ететін білім берудің ашық жүйесін құру, әртүрлі деңгейдегі қашықтан білім беру жүйесін құру, дамыту мен жетілдіруге деген талпыныстар бұған мысал бола алады. Сонымен қатар болашақ мамандарды даярлау үшін білім беруді ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуді басқарудың тиімді жүйесін құру мәселесін шешу қажеттілігі туындап отыр.
Кәсіби педагогикалық білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану оған қатысушылардың: оқытушылар мен білім алушылар коммуникация ерекшеліктерінде де із қалдырады. Сӛйтіп, коммуникативтік құзыреттілікті дәстүрлі түсіндіру ӛзгертіліп, кеңейе түседі. Ол үшін:


  • біріншіден, педагогтар коммуникативтікқұзыреттіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана білуі керек, ӛйткені кәсіби әрекеттерді ақпаратсыз іске асыру мүмкін емес;




  • екіншіден, коммуникативтікқұзыреттіліктерді қалыптастыру үшін ақпараттық технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандарды даярлауды қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұрғыда іске асыру қажет.

Сонымен, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін талдау мақсатында әр технологияның кеңістіктік, уақыттық және коммуникациялық ерекшеліктерін қарастырып ӛту қажет.


Ақпараттық технологияларды талдау барысында олардың жіктелуіне
сүйенеміз. Жіктелу бірнеше негіздер бойынша: ақпараттарды беру, мәлімдеменің тілі, кері байланыс мүмкіндігі тәсілдері жағынан жүргізілуі мүмкін. Бірнеше тәсілдерді біріктіру зерттеп отырған технологияларды – аудиовизуалды және компьютерлік – екі топқа бӛлетін, кең мағыналы жіктеуді анықтауға ықпал етті. Аудиовизуалдық технологияларға мысалы
ретінде білім берудің әртүрлі, аудиожазбаларын қолдану сияқты технологияларын атауға болады. Визуалды технологияның мысалы ретінде статистикалық кескіндер, дыбыссыз кино технологияларын жатқызуға болады. Аудиовизуалдық технологиялар білім берудің электрондық оқулық, бейнетаспа, дыбысты кино, оқу кинолары, білім беру теледидары ретінде
43

ұсынылады.


Білім беру үдерісін кеңістіктік және уақыттық ұйымдастыру жағынан бейнетаспа қандай да бір білім беру материалын білім беру міндеттерін орындауға байланысты бӛлшектерге, компоненттерге бӛлу мақсатында жасалады. Сӛйтіп, біртіндеп, қадамдап материалды тиімді меңгеруге қол жеткізіледі, жеке қарқынмен оны ӛздігінен меңгеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Бірінші айырмашылық – оқу мазмұндары ақпараттар қоры және оларды меңгеру бойынша әдістемелік нұсқау болып табылатын, аяқталған, дербес кешендермен (ақпараттық блоктармен) беріледі. Сӛйтіп, білім алушылар мақсатты тұжырымдау, жоспарлау, ӛзін-ӛзі ұйымдастыру, ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі бағалау шеберліктерін қалыптастыра отырып, кӛп уақыт бойы ӛздігінен жұмыс істейді. Бұл оларға ӛздерінің білім мен шеберліктер деңгейін саналап, кемшіліктер мен олқылықтарды кӛре білу мүмкіндігін береді.
Білім беру үдерісін жекелендіру мүмкіндігі әдістемелік нұсқаудан, жеке орындау жұмыстарына арналған бланкілерден тұратын оқу-әдістемелік кешендерді қолдану арқасында жүзеге асырылады.
Бейнетаспамен жұмыс істеу барысында ақпараттық технология ретінде ерекше құралдармен жүзеге асырылады. Компьютерде бағдарлама құру логикасы, сұрақтар, тапсырмалар, әдістемелік қолдау құралдары, ғаламтордың қорлары мен технологияларына кӛшу арқылы кері байланыстың болуын білдіреді. Мұндағы «ақпараттық технология» түсінігінің ӛзі кең түрде түсіндіріледі: бұл субъектінің ӛзімен-ӛзінің іштей диалогы (сұрақтарға жауаптарды ойлап табу, тапсырмаларды орындау, ойлану), сондай-ақ білім алушылардың ӛзара және оқытушымен алынған ақпараттарды талқылауы. Сӛйтіп, ақпараттық технологиялардың формалары ӛзгереді: ең алдымен ол модульдер арқылы, сондай-ақ қосымша интербелсенді кері байланыстар (телефон, электрондық пошта, жеке кездесулер) арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық технологиялардың бұл түрі оқытуды субъект-субъектілікке негізге кӛшіруге ықпал етеді. Оның кӛмегімен білім алушылардың педагогпен әр кездесуге деген алдын-ала дайындықтарының арнайы деңгейіне ӛздігінше, саналы түрде қол жеткізулері қамтамасыз етіледі.
Бейнетаспалар тақырыптары мүмкіндіктерінің әртүрлігі ӛте маңызды: олар бүкіл тақырыпты, арнайы үзінділерді, ұғымдарды, репродуктивтік және шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындау, аналитикалық немесе проблемалық мәселелерді ұсынуға бағытталуы мүмкін. Аудиовизуалды тапсырмаларды құру технологиясы әртүрлі ғылымдардың: психология, педагогика, кибернетиканың жетістіктеріне негізделеді, ӛйткені ол білім алушылардың ой әрекеттерін қалыптастыру, білім алу әрекеттерін басқару идеяларына негізделеді.
Компьютерлік технологиялар қазіргі уақытта жоғары қарқынмен дамып келе жатыр және ол мультимедиа, гипермәтін, модельдеу, интерактивтікпен қоса технологияның бұрыннан бар мүмкіндіктерін қолдануға ықпал етеді. Ең негізгі аспектілердің бірі – интерактивтілік, диалогты синхронды және
44

асинхронды құру мүмкіндігі. Технологияның басқа түрлері, мысалы видеотехнологиялар, интерактивті теледидарлар да диалогтың туындауына ықпал етеді, бірақ та мұндай диалог іштей, адамның ӛз-ӛзімен ғана жүреді немесе ӛте шектеулі мүмкіндіктер береді. Компьютерлік технологиялар басқа субъектілерімен диалогтық деңгейге шығуға ықпал етеді, сӛйтіп білім алушылардың белсенділігін анағұрлым арттырады.


Компьютерлік техниканың тез дамуы компьютерлік технологиялардың кең шоғырының пайда болуына әсер етеді. Міне, сондықтан да олар білім беру саласында кеңінен қолданылады. Олардың кеңістіктік-уақыттық және ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін, хабарламалар тілдерінің және кері байланыстарының ерекшеліктерін толығырақ қарастырып ӛтейік.
Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы ақпараттық технологиялакрдың ерекшеліктерін талдау барысында коммуникативтік құзыреттілікті: сӛйлесім, интерактивті және естілім, айтылым, тыңдалым сияқты жақтарына кӛңіл аудару қажет.
Кері байланыс мүмкіндігі жағынан компьютерлік технологияларды: ашық, желі бойынша қолжетімді, жабық және автономды деп бӛлуге болады. Ашық немесе желілік компьютерлік технологиялардың интерактивті мүмкіндіктері ӛте жоғары, оларды қолдану желі бойынша ӛзара әрекеттесуге, ғаламтор қорларын қолдану арқылы ақпараттарды кеңінен іздеуді жүзеге асыруға, ұқсас немесе үйлесімді қорлардың тез арада басқаларына ауысуға ықпал етеді. Педагогқа ӛз әрекеттерінде монологтың, сондай-ақ диалогтың (полилогтың) шеберлігі мен мәдениетін меңгеру қажет болғандықтан, қарым-қатынастың сипаты жағынан аталған технологиялар монологтың, диалогтың немесе полилогтың мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Бірақ та топта қарым-қатынастың ӛз ерекшелігі болатыны анық және анағұрлым күрделі.
Білім беруде аса кеңінен қолданылатын желілік технологиялардың ішінен электрондық поштаны (e-mail), жіберу тізімдері (mailing list), желілік конференцияларды, электронды жұрналдарды, білім беру чаттарын, бейнеконференцияларды, топтық семинарлар мен желілік кеңестерді және отандық білім беруде аса таралмаған MSN Messenger, ICQ, Web-CT, Miranda, Yahoo! Messenger, AOL Messenger, желілік күнделіктерді (блоктарды), live journal (live-журналды) атауға болады.
Аталған технологиялар мынадай заманауи технологиялық қорларға негізделген: бүкіл дүниежүзілік мультимедиалық орта (www); мәліметтерді берудің FIP-протоколы (алыстағы компьютерлермен мәліметтерді алмасуды жүзеге асыруға ықпал етеді); Telnet протоколы (алыстағы компьютерлердің барлық қорларымен ақпараттық ӛзара әрекеттесуді жүзеге асыруға ықпал етеді); Gopher (салынған мәзір жүйесі бойынша ауысуды жүзеге асыруға ықпал етеді); WAIS (Wide Area Information Search). Ғаламтордың барлық желісінде негізгі сӛздер бойынша іздеуді жүзеге асыруға ықпал етеді.
Қарым-қатынастың сипаты жағынан ақпараттармен алмасудың негізгі тәсілдері: электрондық пошта, электрондық конференциялар мен чат екендіктерін атап кеткен жӛн. Сондықтан да оларды толығырақ қарастырып
45

ӛтеміз. Messenger, ICQ, Miranda – бұлар чат түрлері, ал желілік форумдар мен семинарлар, желілік күнделіктер электрондық конференциядан бастама алады.


Ғаламтор технологиясының ең кӛп тарағаны – электрондық пошта. Бұл технология бүгінгі таңда кәсіби педагогикалық білім беруде кеңінен қолданылып отыр.
Техникалық жағынан алғанда электрондық поштаның мүмкіндіктері ӛте зор және кӛптеген міндеттерді шешуге ықпал етеді:


  • компьютердің пернетақтасының тікелей кӛмегі арқылы дайындалған немесе файлдар түрінде зердеде немесе компьютерлік бағдарламада сақталған хабарламаларды беру;




  • оқу ақпараттарын принтерде басып шығару мүмкіндігімен оларды компьютердің зердесінде сақтау;




  • дисплей экранында мәтіндер мен графиктерді кӛрсету;




  • қабылданған немесе жіберілген мәтіндік хабарламаларды дайындау немесе редакциялау;




  • компьютерге үйрететін бағдарламаларды жіберу.

Электрондық поштаны қолданған кезде қарым-қатынастың сӛйлесім аспектісіндегі негізгі салмақ жазба сӛзге түседі. Электрондық пошта екпін, ырғақ, дауыс тембрін қолдануға мүмкіндік бермейді, бұл ауызшадан анағұрлым ұзын және күрделі сӛйлемдермен, басқа лексикамен ерекшеленетін, жазба сӛздің ерекше стилін білдіреді. Эмоциялық жай тыныс белгілері мен ерекше таңбалар (смайликтер) арқылы беріледі.


Қарым-қатынастың естілім жағының да ӛзіндік ерекшелігі бар. Білім алушының ішкі жайын, оның әрекеттерге деген қарым-қатынасын ұғыну қиындатылған, ӛйткені жазба сӛз эмоциялық жайға сәйкес келмеуі мүмкін. Бірлескен әрекеттерді ұйымдастыру (коммуникацияның интерактивті жағы) толығымен сӛйлеу әрекеттері деңгейімен байланысқан. Мұнда сұрақтар мен тапсырмалар әрекеттерге тартудың құралы рӛлін атқарады, дегенмен де айтылатын ой нақтыланып, оның эмоциялық әсері болуы керек.
Білім мен шеберліктер қалыптасатын сатыда педагогтың мақсатқа сай электрондық поштаны, атап айтқанда жазбаша тапсырмаларды алу, пікір алмасу үшін қолданады. Осы сатыда электрондық поштаның кӛмегімен кеңес беруді ұйымдастыруға болады: педагог білім алушының сұрақтарына жазбаша түрде жауап береді. Бақылау сатысында да электрондық пошта орындалған жұмыстар мен тапсырмаларды жіберу үшін жартылай қолданылуы мүмкін. Бірақ та материалды толығымен меңгеру деңгейі туралы толық ақпарат алу үшін шындық уақыт режиміндегі қарым-қатынас қажет.
Дидактикалық тұрғыдан алғанда электрондық поштаның кӛмегімен «жіберу тізімдері» (mailing list) режимін қолдану арқылы «виртуалды оқу сыныптарын» ұйымдастыруға болады, «жіберу тізімдері» (mailing list) режимінде серверде орнатылған бағдарламалық жасақтама қолданушылар топтарының ӛзара әрекеттесулеріне мүмкіндіктер туғызады.
Кәсіби әрекеттердегі қарым-қатынастық мәселелердің кең аясын шешуге деген дайындық ретіндегі болашақ мамандардың коммуникативтік
46

құзыреттілігін қарастыру – оны қалыптастырудың осындай мәселелерін шешу арқылы жүзеге асыру қажет,- деген қорытынды жасауға ықпал етеді. Коммуникативтік мәселелерді шешу сатыларын проблемалық жағдайларды шешу сатыларына ұқсастықтар бойынша белгілеуге болады, атап айтқанда: мәселені түсіну, мәселені қабылдау, шешу тәсілдерін қарастыру, таңдап алынған тәсілдерді жүзеге асыру, нәтижеге қол жеткізу, нәтижені бағалау, бұған ӛзін-ӛзі бағалау да кіреді.


Бұл құрылымда қарым-қатынастың субъектілік бағыты мәселені шешудің табыстылығын анықтайтын шарт болып табылады: мәселені қабылдау (мотивация) оны шешудің сапалығын, шешімдерді іздеу технологияларын (ақпараттарды талдау, жетіспейтін білімдерді іздеу, таңдап алынған тәсілдің баламалығы мен жарамдылығын бағалау) меңгеруді білдіреді, сондай-ақ әрекеттер субъектісінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ӛзін-ӛзі бағалаудың баламалығы одан әрі ӛзін-ӛзі жетілдіруді білдіреді.
«Әрекеттер субъектісі», «субъектілік бағыт» ұғымдары түсіндіруді қажет етеді. Әрекеттер субъектісі – адамға қарағанда анағұрлым тар түсінік, ӛйткені кез келген адам нақтылы уақыттың бір бӛлігінде тек қана бір әрекеттің субъектісі бола алады. Психологтар бұл түсінікке біраз салалар кіреді деп кӛрсетеді, атап айтқанда: адамның арнайы әрекеттерді орындауға қабілеттілігін жүзеге асыратын орталық; адам организмін энергетикалық қамтамасыз ететін сезім органдары; нұсқаулар, яғни адамның әрекеттерді орындауға деген дайындығы.
Әрекеттерді орындау шеберлігі заттық мазмұнмен анықталады. Мазмұн тиісті қажеттіліктердің ӛзектілігі мен дәлме-дәл сыртқы жағдайлар болғанда ғана әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Әрекеттерді орындау шеберліктерінің бірнеше негізгі құрамдастары болады:


  • біріншісі – тиісті психикалық үлгілерді ӛзектендіру жолымен әрекет үшін маңызды, жағдаяттар типтерінің барлығында да болуы мүмкін ақпараттарды ӛңдеу, талдау қабілеттілігі.




  • екінші құрамдас – нақты әрекеттерді орындаудың барлық нұсқаларын немесе тәсілдерін жүзеге асыру қабілеттілігі.




  • үшіншісі – жағдаяттың бар екендігі фактісінен әрекеттер тәсілдеріндегі оған барабар нұсқаға кӛшуді жүзеге асыруға деген қабілеттілік.


- тӛртіншісі – кез келген сыртқы жағдаятты әрекет үшін маңызды категориялардың біріне қатыстылығы арқылы тану қабілеттілігі. Осы компоненттердің барлығының да субъектіде бар екендігін атап кеткен жӛн
және де бұл әрекеттерді субъект олардың алгоритмдері туралы ақпараттардың сыртқы тасушыларының кӛмегінсіз-ақ орындай алады.
Кейбір әрекеттерді орындайтын адам зердесінде жағдаяттың мүмкін болуы немесе мүмкін болмауы туралы белгілер жӛнінде ақпараттар болады. Әр жағдаят әрекеттердің нақты түрде кӛрсетілген құрылымдық элементтерінің болуын құрайды: заттар, құралдар, ӛнімдер мен әрекеттерді орындауға деген дайындықтың арнайы дәрежесіндегі субъект, әрекеттердің сыртқы жағдайлары.
47

Жағдаяттардың мұндай белгілері әрекеттердің болжалды негізін құрайды. Сондай-ақ субъект әрекеттерді орындаудың әр түрлі тәсілдерін және әрекеттің арнайы тәсілінің нысананың қай жиынтығына барабар келетіндігін білуі керек. Бұл ақпарат әрекеттердің болжалды негізін құрайды. Субъект әрекет ӛнімдері сипаттамаларын, яғни әрекеттің мақсаттарын білуі керек.


Әрекет мақсаттарының үш мағынасы бар. Біріншіден, әрекеттің тікелей қалаулы ӛнімі, яғни сыртқы дүниенің нақты ӛзгеруі. Екіншіден, ниетпен салыстыруға болатын зат. Үшіншіден, қалаулы нәтиже бейнесін құру мен қолдау үдерістері. Соңғы екі аспектілер тікелей әрекет субъектісі ұғымына жатады.
Сонымен, әрекет субъектісі дегеніміз – бұл ӛте оңды «мен» емес, адамдағы материалдық пен руханилықтың бірлестігі, ӛйткені әрекеттердің психологиялық механизмдерінен басқа физиологиялықтар да бар. Бұдан басқа субъектіге әрекеттерді жүзеге асыруға кӛмектесетін құралдар да болады. Мұндай құралдарға: оптикалық аспаптар, субъектінің сыртқы ортаға әсер ету құралдары, яғни әрекеттер құралдары, сондай-ақ әрекеттерді орындау тәртіптері туралы ақпараттарды таситын, әртүрлі материалдық нысандар жатады. Әрекет субъектісі генезисі бірнеше сатылардан тұрады. Атап айтсақ:


  • бірінші сатыда әрекеттің қалаулы ӛнімінің ерекшеліктері туралы білімдер алынады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет