Оқытудың ғылымилығы ұстанымы маңызды болып есептелінеді, себебі ол ғылым мазмұны мен оқу пәнінің байланыс заңдылықтарына сүйенеді. Бұл ұстаным оқу пәні мазмұнының ғылыми таным, пайда болу, ӛзгеру және даму үлгісіне сәйкес жаңа ғылыми фактілермен, ұғымдармен, заңдармен, теориялық дәлелденгенін талап етеді. Мұның барлығы логикалық ойлау қабілетін дамытады, танымдық ғылыми ұстанымы сүйенеді. Ғылымилық ұстанымы іске асыру пәнінің қазіргі жағдайлардағы, болашақтағы орны жәйлі ғылыми түсініктерді қалыптастырады, шығармашылық іс-әрекеттің кӛрінуіне ықпал етеді.Ғылымилық ұстанымы және оның қазіргі талапқа сәйкестігі онда ақпараттық технологиялардың жаңа нәтижелері, ақпараттық ресурстарды
толыққанды қолдану негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда жаңа нәтижеге жету.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы «ұғымдар мен пән бӛлімдерін оқытып, түсіндіргенде, олардың логикалық байланыстырылған және ӛзара алмаса алуын құрастыра алуында», яғни, жаңаны үйрену (ұғымдар, ережелер, талдаулар) білім алушылар бұрын ӛтіп кеткен материалды терең түсінуімен сипатталады.
60
Курстық, диплом жұмыстарын тұтастай орындау барысында ақпараттық
технологияларды жүйелі пайдалануы негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
Тұтастық ұстанымы сӛйлесім әрекетіне қатысты бірнеше жұмысты қамтиды. Олар оқу, жазу, ауызша сӛйлеу, тыңдау, қайталау, жауап беру. Бұл ұстанымның ерекшелігі: бір сабақтың үстінде осы жұмыстардың барлығын жүйелі түрде қолдана отырып, ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білу. Болашақ бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда тұтастық ұстанымын тікелей басшылыққа алу қажет деп санаймыз.
Тіке байланыс ұстанымы бойынша оқыту үдерісі адамдардың тек тікелей жүздесуі, сӛйлесуі, ӛзара қарым–қатынасы арқылы болады. Ӛйткені, тілдік қатынастың ӛзі адамзаттың бір–бірімен тікелей қарым–қатынасына, пікірлесуіне, сӛйлесуіне негізделген. Сондықтан қатысымдық әдісті қолданудың басты шарты – бүкіл оқыту жүйесінің тікелей байланыс арқылы мүмкіндігінше жиі болуы. Болашақ педагогтардың ӛзара тікелей қатынасқа түсе білуі коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі болып табылады. Сатылап даму ұстанымыбойынша адам мен адамның тіке байланысы да, оқушының жеке қабілетін ескеру де, сӛйлеуге үйрету де жүргізілетін жұмыстардың түрлері де бірте–бірте жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, аздан кӛпке т.б. сатылап дами береді. Аталған ұстанымның болашақ
бастауыш сынып мамандарының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда оқушының жас, жеке ерекшелігін ескеру қажеттігін және соған сәйкес қатынасты сатылай құруды басшылыққа алуы тиіс.
Сӛз мәдениетіне негізделген оқыту үдерісін айқындауда ескерілген ең маңызды ұстаным –қатысымдық (коммуникативтік) ұстаным. Бұл ұстаным бойынша ескерілетін оқыту қағидалары сӛйлесім компонентінің бес түрі бойынша: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, тілдесім негізіндегі білім нәтижелері мен білім алушының ақпаратты қабылдау және ӛз ой– тұжырымдарын қорытып шығару әрекеттеріне сүйене отырып анықталады.
Белсенділік және ӛзінділік ұстанымы онда іс-әрекеттік тұрғыда әрбір білім алушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияларды белсенді және мақсатқа сай ӛздігінен пайдалануы. Яғни, бұл жерде әрбір білім алушының білім мазмұнын тұтас топтың белсенді және саналы түрде ұғынуы маңызды болмақ. Бұл ұстанымды іске асыру - оқыту барысында әрбір білім алушының деңгейін арттыратын әдістерді қолданған кезде ғана мүмкін, мысал ретінде олардың жеке ӛзі бір компьютерде жұмыс істеген кездерінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға болады.
Пәнаралық байланыс ұстанымы мұнда тақырыптардың курс аралық байланысында білім алушылардың білімі мен біліктіліктерінің интеграциялық дамуы. Мысалы: «Қазіргі педагогикалық технология» мен «Бастауыш сыныптарда шет тілін оқыту әдістемесі» пәндерін кіріктіру негізінде болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
61
Оқу бағдарламаларын құрастыруда отандық және шетелдік тәжірибелерді ескеру ұстанымы бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланудың озат тәжірибелерін оқып, үйреніп, ӛз тәжірибесіне енгізу арқылы болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады.
Педагогика ғылымы және ғылыми техникалық дамудың нәтижелерін қолдану ұстанымы бұл оқыту үдерісінде электрондық оқулықты, мультимедиа технологияларын практикалық сабақтарда пайдалану негізінде білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |