Ғылыми жоба тақырыбы:«Жаңа тҧрпатты бастауыш сынып мҧғалімінің моделі»
Зерттеу жұмысының ӛзектілігі:Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына, кӛзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Бұл жӛнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
128
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта ӛркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі мектептерде оқыту үдерісінің мазмұндық болмысын жаңа әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді талап етеді. Осыдан дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі ӛзгертудің қажеттігі туындайды. Ал, білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру оның әдіснамалық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды кӛздейді. Осыған орай, қазіргі кезде білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен қатар, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау, озық және ӛміршең технологиялар мен әдістерді меңгерген жаңа тұрпатты мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға ерекше мән берілуде. Ӛйткені білім беру жүйесіндегі инновациялық технологияларды тәжірибеде іске асыратын – мұғалім. Бұл туралы сонау 1914 жылы-ақ А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінде жарияланған «Мектеп керектері» деген мақаласында: «...Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім...» деп атап кӛрсеткен болатын [1]. «Мұғалім - ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды және ізденуді тоқтатса оның мұғалімдігі де жойылады» - деп орыс педагогы К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да мәнді, тиімді болары сӛзсіз.
Сӛз болып отырған мәселенің ӛзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталған.
Зерттеу барысында болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Ә.Б.Нұрлыбекова, Ж.К.Оңалбек, Т.Әлсатов, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін кӛтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов т.б.) мұғалімдердің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі (Қ.Бержанов)сияқты мұғалімдерге арналған еңбектер зерделенді.
Еліміздің ХХІ ғасыр баспалдағын жаңашылдықпен қарыштап басып, ӛркениетке бағдар алуы әр адамның шығармашылық болмысының нәтижесі деп бағалауға болады. Ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады.
Ал, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің болғандығына және бұл мәселенің маңыздылығына қарамастан, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
129
қалыптастыруды нәтижелі етуде әлі де шешілмеген мәселелер, қарама-қайшылықтар бар екендігі байқалады. Ақпараттық және коммуникативтік құзіреттіліктері қалыптасқан, дүниетанымдық қабілеті жоғары, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыратын - мұғалім. Сондықтан ӛзекті ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан білімі мен біліктерін ӛмірдің ӛзгермелі жағдайында оңтайлы пайдалана алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі шығармашыл педагог дайындау – бүгінгі таңдағы ӛзекті мәселе деуге толық негіз бар. Осыған орай, жеке тұлға бойында ашыла қоймаған және сыры мол мүмкіндіктерін дамытатын, жас ұрпақты креативті тұлға етіп тәрбиелей алатын, қоғамның әлеуметтік сұранысына сәйкес еңбек ететін бастауыш сынып мұғалімін даярлау қажеттігі зерттеу жұмысының тақырыбын «Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімінің моделі» деп таңдап алуымызға негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |