Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
бірнеше тәсілдер бар: 
1. Дәстүрлі лигнвистикалық тәсіл бойынша тұлғаның коммуникативтік 
мәдениеті сөйлеудің коммуникативтік сапасын іске асыруы аясында 
қарастырылады – дұрыстығы, тазалығы, дәлідігі, логикалылығы, байлығы, 
мәнерлілігі, айқындығы, орындылығы және т.б. С.М.Андреева және 
И.Б.Игнатова бойынша «коммуникативтік мәдениет» лингвистикалық 
дағдылар мен іскерліктер сапасында сипатталған [86].
Лингвистикада 
«коммуникативтік 
мәдениет» 
түсінігі 
«сөйлеу 
мәдениеті» және «сөйлеу қарым-қатынасының мәдениеті» түсініктеріне 
жақын. Бұл бағытта коммуникативтік мәдениет өзіне келесілерді біріктіреді:
қарым-қатынастың бірқатар құралдары мен әртүрлілігін меңгеру 
дағдысы; қойылған мақсаттарға жетуге бағдарланған ықпалды қарым-
қатынас құру дағдысы;
қарым-қатынаста жеке тұлғалық қызығушылықтарға ғана емес, 
серіктестердің және тұтас қоғамның қызығушылықтарына бағдарлылық;
қарым-қатынас үдерісінде оның құрылымына, ұйымдастырылуымен 
назарды шоғырлаудыруға қабілеттілік.
Коммуникативтік мәдениет және сөйлеу қарым-қатынасының мәдениеті 
лингвистикада адамның жалпы және кәсіби мәдениетінің құраушысы ретінде 
көрініс табады.
2. Психолингвистикалық тәсіл. Бұл тәсіл бойынша коммуникативтік 
мәдениет сөйлеу іс-әрекетінің мәдениеті– сөйлеу және тыңдау, жазу және оқу – 
олардың іске асырудың әрбір фазасында зерделенеді (бағдарлау, жоспарлау, 
іске асыру, бақылау);
3. Лингвопрагматикалық тәсіл. Бұл тәсіл бойынша коммуникативтік 
мәдениет әңгімелесушіге жоспарланған коммуникативтік ықпалға жету үшін 
үйлесімді, эмоциональды тартымды сөйлеу арқылы әсер ету;
4. Риторикалық тәсіл бойынша коммуникативтік мәдениет риторикалық 
каноннның барлық кезеңдерін іске асыру мәдениеті, немесе – мазмұнды ойлап 
табу (инвенция), орналастыру (диспозиция), өрнектеу
(элокуция), есте сақтау, шығару.
Жоғарыда 
аталған 
тәсілдердің 
әрқайсысы 
алдыңғы 
орынға 
коммуникативтік даярлықтың қандай да бір аспектісін шығарады. Дегенмен, 
әрбір тәсілдің өзіндік кемшіліктері байқалады. Лингвистикалық және 
психолингвистикалық тәсілдер қарым-қатынас үдерісіндегі әңгімелесушілердің 
қарым-қатынастарының этикалық аспектіерін қамтымайды, қарым-қатынастың 
әлеуметтік сипатын ескермейді, коммуникацияны тұлғаның прагматикалық 


25 
мақсаттарына жетудің құралы ретінде қарастырмайды. Лингвопрагматикалық 
тәсіл қарым-қатынас үдерісін нақты тұлғаның мақсатқа жету құралы ретінде 
қарастырып, әңгімелесуші серіктестің мақсаттарын ескермейді, қарым-қатынас 
үдерісіндегі адамгершіліктік аспектілер есепке алынбайды. Риторикалық тәсіл 
өз кезегінде көбінесе мәтіндік құзыреттілікті қамтиды, яғни, қарым-қатынас 
мақсатына байланысты түрлі типтегі, жанрдағы мәтіндерді құрастыру.
М.А. Викулина мен Н.М. Смирнова коммуникативтік мәдениетті 
«күнделікті қарым-қатынас практикасында ықпалды коммуникация жасауға 
қатысты нормаларды, құндылықтарды, білімдерді, ісерліктерді меңгеру, 
қабылдау, қолдану және байыту деңгейі» деп анықтайды [87].
Осы 
орайда, 
коммуникативтік 
мәдениет 
түсінігіне 
берілген 
анықтамаларды қарастырайық (кесте 1) 
Демек, «коммуникативтік мәдениет - бұл қарым-қатынас құралдарын 
дұрыс таңдау және пайдалану негізінде мақсатты және тиімді тұлғааралық 
өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін білім, білік және дағдылар жиынтығы, 
сондай-ақ әңгімелесушілерге пікірлердің әсерін болжау, ауызша және жазбаша 
коммуникация жағдайында ақпарат алу» [76].
Болашақ мұғалім келесі коммуникативтік қабілетке ие болуы керек:
- қарым-қатынасты мақсатты түрде ұйымдастыру және оны басқару; 
- оқушылармен бірлескен шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыра білу.
Педагогикалық этика контекстінде коммуникативтік мәдениет «жеке тұлға 
оның маңызды құраушыларын – өзара қарым–қатынас пен өзара қарым-
қатынасты ажырата алатын коммуникативтік үдерістерді меңгерудің жоғары 
дәрежесі» ретінде қарастырылады.
Е. В. Руденский коммуникативтік мәдениетті адамның қарым-қатынас 
сапасын анықтайтын мүмкіндіктерінің сипаттамасы ретінде қарастырады.
Тұлғаның коммуникативтік мәдениеті оның келесі қасиеттерінің жүйесімен 
мазмұндалады: 
- сөйлеу әрекетінің мәдениеті (фразаларды құру сауаттылығы, ойды 
баяндаудың қарапайымдылығы мен айқындылығы, бейнелі мәнерлілік және 
нақты дәлелділік); 
- қарым-қатынас жасау және өз жағдайын психоэмоциялық реттеу 
мәдениеті; 
- қарым-қатынас бойынша серіктестің коммуникативтік әрекеттерін 
қабылдау мәдениеті; 
- эмоциялар мәдениеті (қарым-қатынаста эмоционалдық-бағалау
- пікірлері ретінде) және т. б. 
Коммуникативтік мәдениет деңгейі жоғары адам үшін келесі 
психологиялық сипаттамалардың болуы тән: 
1. Дамыған эмпатия-әлемді басқалардың көзімен көре білу, оны қалай 
түсіну. 
2. Мейірімділік – ізгі ниетпен, сапасымен де адамдарды түсіну емес, 
ғаламдық олардың іс-әрекетіне, дайындығын қолдау. 


26 
Кесте 1. «Коммуникативтік мәдениет» анықтамалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет