психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегі зерттелуі
Әлемдік дамудың қазіргі кезеңі Төртінші өнеркәсіптік революцияның
қарқынды дамып келе жатқан үдерістерімен анықталады, онда адам
капиталының рөлі одан сайын күшейе түседі. Қазіргі саяси, экономикалық және
әлеуметтік модельдер саласындағы серпіліс дербес әрекет ететін адамдардан
өзара іс-қимылдың ұжымдық нысандарын көздейтін билік жүйесінің бір бөлігі
ретінде өзін тануды талап етеді.
Дамуды анықтайтын факторлар: мектеп, технологиялардағы өзгерістер,
жаһандану, жаңа оқушылар, мәдени және әлеуметтік әртүрлілік, отбасының,
қоғамның, мемлекеттің жаңа сұраулары, білім беру нәтижелеріне жаңа
талаптар (XXI ғасырдың дағдылары мен құзыреттілігі), білім берудің жаңа
мазмұны, оқытудың жаңа түрлері, технологиялары және құралдары, үздіксіз
білім беру-мансаптық траектория әлеуметтік және кәсіби табыстылықтың негізі
(сурет 1).
Сурет 1 – Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беру
(А.М. Кондаков бойынша)
14
Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім бүгінгі күні күмәнсіз ұлттық
басымдықтардың бірі ретінде жауапты миссияны орындайды, өйткені
педагогикалық білім беру ұлттың зияткерлік әлеуеті қалыптастыратын сала
болып табылады. Бұған осы бағытта мемлекеттік деңгейде жүргізіліп отырған
білім беруді дамытудағы кешенді іс-шаралар кепіл бола алады (сурет 2).
Сурет 2 - ҚР Білім беруді дамытуды жетілдірудегі құжаттар
Демек, қоғамның өзге тілді білім беру саласындағы мамандарға әлеуметтік
тапсырысы ұдайы өзгеріске ұшырауда.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамыту мәселесінің психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі зерттелуін
айқындауда шетелдік ғалымдардың C. Kramsch, A.Samovar, Richard E. Porter,
R.Edwin McDaniel, R.L.F. Gómez, R. M Faneca, T.C.Chao [40-44] еңбектерін,
отандық ғалымдардың С.М.Жақыпов, Ж.И.Намазбаева, М.Ә.Перленбетов,
Ф.Оразбаева, М.Х. Балтабаев, К.М.Бeркимбаeв, Ж.Ы. Намазбаева [45-51], және
т.б. еңбектерін негізге аламыз.
Н. И. Гез шетел тілінде білім беру мақсатында білімгерлердің мәдени
тілдік тұлғаның негізгі ерекшеліктерін қосымша қалыптастыруды қарастырады
[52]. Ал, Е.И.Пассов қазіргі шетел тілінде білім берудің мақсатын «қазіргі шет
тілді білім берудің мақсаты-мәдениеттер диалогында жеке тұлғаны дамыту»
деп тұжырымдады. Осы анықтамада жеке тұлғаның, индивидумның өзге тілді
білім беру үдерісіндегі рөлі айқын көрінеді [53]. Е.И.Пассов әзірлеген шет тілді
білім беру мазмұнының мәдени тұжырымдамасының бірегейлігі, онда мазмұн
алғаш рет материалдық емес, рухани субстанция ретінде анықталғанынан
көреміз.
Осы тұжырымдамаға сәйкес шет тілді білім берудің мазмұны шет тілді
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге
асыру жөніндегі 100 нақты қадам.
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық
дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
15
мәдениет ретінде қызмет етеді. Шет тілді мәдениет деп болашақ ағылшын тілі
мұғалімінің танымдық (мәдениеттану), дамытушылық (психологиялық),
тәрбиелік
(педагогикалық)
және
оқу
(әлеуметтік)
аспектілерінде
коммуникативтік шет тілді білім беру үдерісінде меңгере алатын адамзаттың
жалпы мәдениетінің бөлігі түсініледі. Қазіргі ғылымда «шет тілді білім беру»
ұғымының бірнеше анықтамасы бар.
С.С.Құнанбаева
шетел
тілдерін
оқытудың
мәдениетаралық-
коммуникативтік теориясы болып табылатын теориялық-әдістемелік базасы
тілдік білім беруден өзгеше жеке сала ретінде негізделген [54].
М.Н.Ветчинованың пікірінше шетел тілінде білім беру - бұл білімгерлердің
мәдени байытылуы мен шығармашылық дамуына оң әсер ететін шет тілінің
мазмұны мен құралдары арқылы оқыту және тәрбиелеу [55].
Л.В.Павлова шет тілді білім беру мақсатын білім алушының жеке тұлға
ретінде рухани дамуы, басқа мәдениеттердің өкілдерін баламалы қабылдауға
дайындау, ал мазмұны – мәдениет болып табылады деген пікірді ұстанады [56].
Н.Е.Кузовлева өз зерттеулерінде шетел тілінде білім беруді төрт аспектіде
қарастырды: танымдық, тәрбиелік, оқу және дамытушы. Сонымен, танымдық
аспект ана тілдік мәдениетімен диалогта тілді назарға ала отырып, бөгде
халықтың мәдениетін тануды қамтиды. Дамытушы аспект сөйлеу қызметін,
қарым-қатынасты, оқу және адам қызметінің басқа да түрлерін меңгеру және
жүзеге асыру қабілетін дамытудан тұрады. Тәрбие аспектісі адамның рухани,
мәдениет адамының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды қамтиды:
интернационализм, гуманизм, патриотизм, этикалық мәдениет, эстетикалық
мәдениет және т. б. оқу аспектісі қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеу,
тыңдау, оқу және жазу дағдыларын меңгеруді қамтиды [57].
О.С.Богданова өзге тілді білім беруді– бұл білімгердің дамуы ғана емес,
сонымен қатар лингвомәдени даму, әлем суретін шет тілі құралдарымен
байыту, жалпы және өзге тілді қарым-қатынас тәжірибесін алу, шет тілді
қарым-қатынас жасау қабілеттерінің дамуы және оны жүзеге асыруға дайын
болу үрдісі деп анықтайды [58].
Қазіргі заманғы өркениеттің ерекшеліктері зерттеушілерге оның
ақпараттық деп атауға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда коммуникативтік
мәдениеттің рөлі артады, ол өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамытуды
қоса алғанда, адам өмірінің түрлі салаларындағы коммуникативтік үдерістерді
басқарудың құралы мен негізі болады. Осы орайда, болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің
коммуникативтік
мәдениетін
дамытуды
зерттеу
«коммуникативтік мәдениет» ұғымының мәнін ашуды, оның теориялық
негіздерін, жинақталған тәжірибесін зерттеуді қажет етеді.
Білім беру – бұл коммуникативтік үдеріс. Бұл үдерістің ортасында
педагог бар, өйткені мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас өзара
коммуникативтік іс-қимылдың негізгі нысандарының бірі, ол арқылы
ұрпақтан ұрпаққа адамзат жинаған мыңжылдық даналық беріледі.
Қазіргі ғылымда «коммуникативтік мәдениет» ұғымының бірқатар
анықтамалары бар. Алайда, бұл сұраққа қатысты бірыңғай пікір жоқ.
16
«Коммуникативтік
мәдениет»
ұғымы
өзіне
«мәдениет»
және
«коммуникация» түсініктерін біріктіреді.
«Мәдениет» термині (лат. cultura-өңдеу, өсіру, тәрбиелеу, білім беру,
дамыту, арнау) өзінің мәні бойынша «білім», «тәрбие», «даму» сияқты
педагогикалық категориялардың мәніне жақын.
«Мәдениет» терминінің түп-төркіні латын тілінен шыққан және алғашқы
кезде топырақты болу және өңдеуді білдірген. Кейіннен «мәдениет» термині
барынша кең және жалпылаушы мәнге ие болды [59]. «Мәдениет» ұғымының
батыс еуропалық әдебиеттерде 250-ден астам анықтамасы, ал қазіргі таңда
ғылымда 500-ден астам анықтамалары бар.
Мәдениет білімділікпен және интеллигенттікпен теңестіріліп, тұлғаның
белгілі бір сапасы ретінде қарастырылады. «Мәдениет» теориясында
қоғамның ерекше сипаттамасы, адамзат қол жеткізген тарихи даму
деңгейінің көрсеткіші ретінде сипатталады. Мәдениет адамзат тарихының
барлық кезеңінде, онымен бірге, байытыла қалыптасады.
Мәдениет теориясы бойынша мамандар А.Кребер мен К. Клакхон жүзден
астам негізгі анықтамаларды талдап, оларды төмендегідей топтастырды [60]:
1.Мәдени антропологияның негізін қалаушы Э.Тейлор тұжырымдамасына
негізделген сипаттама анықтамалары. Мұндай анықтамалардың мәні бойынша:
мәдениет-бұл барлық қызмет түрлерінің, әдет-ғұрыптардың, сенімдердің
жиынтығы; ол адамдар жасаған барлық қазынасы ретінде кітаптар, суреттер
және т.б., ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік және табиғи ортаға бейімделу
жолдарын, тілді, әдет-ғұрыпты, этикет жүйесін, этиканы, дінді қамтиды.
2. Адамзат дамуының алдыңғы кезеңдерінен заманауи дәуірге жеткен
дәстүрлер мен әлеуметтік мұраның рөлін көрсететін тарихи анықтамалар. Оған
адамдардың қолдан жасаған және ұрпақтан – қарулар, нышандар, ұйымдар,
жалпы қызмет, көзқарастар, сенімдер-ұрпақтан ұрпаққа берілгеннің барлығы
кіреді.
3. Қабылданған ережелер мен нормалардың мәнін белгілейтін нормативтік
анықтамалар. Мәдениет-бұл әлеуметтік ортамен анықталатын индивидтің өмір
салты.
4. Құнды анықтамалар: мәдениет – бұл адамдар тобының материалдық
және әлеуметтік құндылықтары, олардың институттары, әдет-ғұрыптары, мінез-
құлық реакциялары.
5. Психологиялық деңгейде адамның белгілі бір мәселелерді шешуінен
туындайтын психологиялық анықтамалар. Мұнда мәдениет адамдардың табиғи
ортаға және экономикалық қажеттіліктерге ерекше бейімделуі бар және ол
осындай бейімделудің барлық нәтижесінен құралады.
6. Оқыту теориясының негізіндегі анықтамалар: мәдениет-бұл адам
биологиялық мұра ретінде алған емес, үйренілген мінез-құлық.
7. Ұйымдастыру және модельдеудің маңыздылығын көрсететін
құрылымдық анықтамалар. Мұнда мәдениет өзара байланысты белгілі бір
белгілердің жүйесі болып табылады. Негізгі қажеттіліктер айналасында
ұйымдастырылған материалдық және материалдық емес мәдени белгілер
17
мәдениеттің ядросы (моделі) болып табылатын әлеуметтік институттарды
құрайды.
8. Идеологиялық анықтамалар: мәдениет-бұл ерекше әрекеттер арқылы,
яғни сөздер немесе еліктеу арқылы индивидке көшетін идеялар ағыны.
9. Символдық анықтамалар: мәдениет – бұл символдарды қолданудан
тұратын немесе осыған байланысты әртүрлі феномендерді (материалдық заттар,
әрекеттер, идеялар, сезімдер) ұйымдастыру. Аталған анықтамалардың әрбір
тобы мәдениеттің қандай да бір маңызды ерекшеліктерін қамтиды.
Мәдениет жеке тұлғаның коммуникативтік қабілеттерін дамыту үдерісіне
ықпал етеді, олар тұлғаға қарым-қатынастың мәдени құралдарын пайдалануға
мүмкіндік
береді
және
өздері
қарым-қатынас
мәдениетінің
жеке,
дербестендірілген нысаны болып табылады. Жеке тұлға өзін қоғамның толық
құқылы мүшесі ретінде сезіну үшін өзін, өз іс-әрекеттерін, мінез-құлқын
қоғамдағы қалыптасқан мәдени талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бағалауы
тиіс.
Э.Холлдың тұжырымдауынша «мәдениет - бұл коммуникация, ал
коммуникация - бұл мәдениет». Осы пікірді негізге ала отырып, көптеген батыс
ғалымдары мәдениеттің негізінде мәдени құндылықтар мен нормалар жатыр, ал
оның шыңы оған негізделетін және адамның жеке мінез-құлқы болып
табылады, ең алдымен басқа адамдармен қарым-қатынаста көрініс табады деп
тұжырымдайды [61].
Осы орайда көп тіл білудің, атап айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
жетік білудің рөлі айқын басымдыққа ие.
Тіл – мәдениет айнасы, онда адам айналасындағы шынайы өмір мен оның
шынайы шарттарын ғана емес, сонымен қатар халықтың қоғамдық санасын мен
менталитетін, өмір сүру салтын, дәстүр-салтын, мораль, құндылықтар жүйесін,
әлемді сезінуін және түйсінуін қамтиды
[62]
Тіл - мәдениеттің алтын сандығы, яки баға жетпес қоймасы. Ол -лексика
мен грамматикада, идиоматика мен мақал-мәтелдерде, фольклорда, ауызша
және жазбаша түрдегі көркем және ғылыми әдебиетте мәдени құндылықтарды
сақтайды.
Тіл - тасымал құралы, мәдениетті жеткізуші, ол ұрпақтан-ұрпаққа
сақталып келген ұлттық мәдениеттің жауһарларын тасымалдайды. Балалар ана
тілін меңгере отырып, онымен бірге ата-бабаларының бүгінге дейін
жинақталған мәдени бай тәжірибесін де игереді [63].
«Коммуникация» термині (лат. communicatio-ортақ істеу; байланыс;
қарым-қатынас) үш мағынада қолданылады: 1) хабар жолы; 2) байланыс
нысаны; 3) байланыс актісі, ақпарат хабарламасы. Бұл ұғым адам қызметінің әр
түрлі салаларында қолданылады, онда ақпарат айналымы үдерісі бар.
Біздің зерттеуімізде «қарым-қатынас» түсінігі мен «коммуникация»
түсініктерін синоним ретінде қолданамыз.
В.П.Третьяков
пен
Ю.С.
Крижанскаяның
тұжырымдауынша,
«коммуникация» бұл – ең алдымен серіктеске ықпал, әсер ету, сондай-ақ,
қарым-қатынас, ой, көңіл-күй алмасу және т.б.[64].
18
Г.М.Андреева коммуникацияны қарым-қатынас жасаушы индвидтердің
арасындағы
ақпарат
алмасуды
көрсететін,
қарым-қатынастың
коммуникативтік жағы деп түсіндіреді [65].
В.Е.Абаев, коммуникацияны әлеуметтік өзара әрекеттесудің семантикалық
аспекті ретінде қарастырады және хабарлама тікелей немесе жанама жағдайда
жүзеге асырылатынын айтады. Ғалымның пікірінше, коммуникация үдерісі мен
әрекеттерді қатысушылар арасындағы қарым-қатынас түріне қарай -
тұлғааралық қарым-қатынас, қоғамдық, ауызша қарым-қатынас (жазбаша және
ауызша), паралингвистикалық (бет әлпеті, әуен, және т.б.) деп ажыратады [66] .
Жалпы кез-келген қарым-қатынаста коммуникацияның үш тарапы
байқалады:
1) коммуникативтік (ақпарат ауысу) – серіктестер арасындағы
қатынастарды, олардың көзқарастарын, мақсаттары мен ниеттерін ескере
отырып, адамдар арасындағы ақпараттық үдерістің ерекшеліктерін анықтайтын
белсенді нысандар;
2) интерактивтік (өзара әрекеттесу, өзара пікірлесу) өзара іс-қимылдың
ортақ стратегиясын құру;
3) перцептивтік (өзара қабылдау) серіктестің психологиялық қасиеттері
мен сипаттамаларын «оқу» арқылы қол жеткізілетін басқа тұлғаның имиджін
қалыптастыру үдерісін қамтиды.
М.С.Каган қарым-қатынас пен коммуникацияны байланыстырудың
бірнеше себептерін атап өткен:
- қарым-қатынас ақпараттарды бірлесіп дамытуға, ал коммуникация - оны
жеткізу және қабылдауға бағытталған;
- ақпарат коммуникация барысында азаяды, қарым-қатынас үдерісі
барысында артады;
- қарым-қатынас барысында ақпарат тасымалдаушылар еркін түрде, ал
коммуникацияға міндетті түрде қатысады;
-коммуникация үдерісінде ақпарат нақты адам немесе адамдар тобына
емес, түрлі тыңдаушыларға бағытталуы мүмкін. Ал қарым-қатынас үдерісінде
әрдайым тыңдаушының жеке қасиеттеріне, оның тәжірибесі, дүниетанымы,
қарым-қатынас әрекеттеріне назар аударылады [67].
Біз өз зерттеуімізде көрнекті ғалым А.А.Леонтьевтің пікірін негізге
аламыз. Автор «коммуникация» түсінігін «қарым-қатынас» түсінігімен және
кері
қарай
алмастыра
отырып,
«коммуникация
(қарым-қатынас)
оқшауланған тұлғалардың сырттай өзара әрекеттестігінің үдерісі ғана емес,
біртұтас
сипаттағы
қоғамның
ішкі
ұйымдастырылуы
мен
ішкі
эволюциясының тәсілі …» деп тұжырымдады [68].
Аталған түсініктердің тепе-теңділігі автордың оларды сипаттауында
көрініс табады: «қарым-қатынас, коммуникация қоғамдағы адамдардың өзара
іс-әрекеттері ғана емес, ол ең алдымен адамдардың қоғам мүшесі ретіндегі
өзара әрекеттестігі». Ф. Оразбаеваның пікірінше [69] тілдік қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін сөйлесім әрекеті төрт түрге бөлінеді: айтылым, оқылым,
жазылым, тыңдалым. А.А.Бодалевтің пікірінше, ықпалды қарым-қатынастың
19
маңызды белгісі өзіне тұлғаға қатысты мінез-құлық сипаты, эмоционалдық
ерекшеліктері,
перцептивтік қабілеттер және басқа да коммуникативтік
сапаларды біріктіретін тұлғаның коммуникативтік ядросы болып табылады
[70].
О.Б. Сиротинина: «Қарым-қатынас мәдениеті – бұл коммуникативтік
мәдениет, ал тілдік қарым-қатынас мәдениеті – бұл сөйлеу мәдениеті» деп
анықтайды.
Ғалымның
пікірінше,
қарым-қатынас
мәдениеті
(яғни,
коммуникативтік мәдениет) келесі шарттарды қамтиды [71]:
а) қарым-қатынасқа қажетті қорлардың болуы;
ә) коммуникациялық қызметтің барынша нәтижелілігін қамтамасыз ету
мақсаттарына сәйкес коммуникацияны құрастыру мүмкіндігі;
б) сөйлеуші қарым-қатынас барысында тек өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар тыңдаушының және жалпы қоғамның ұстанымдарын,
мүдделерін ескеруге ұмтылуы;
в) байланысқа басты назар аудару шеберлігі, оның формаларын жетілдіру
және тиімді ұйымдастыру.
Коммуникативтік
мәдениет
және
қарым-қатынас
мәдениетінің
арақатынасы туралы тұжырымдар В.Ю. Жуковтың зерттеулерінде кездеседі.
Ғалым өз зерттеуінде, коммуникативтік мәдениеттің келесідей ережелерін
атап көрсетеді [72]:
-коммуникативтік этикетке және тәртіпке бағыну;
- коммуникативтік іс-әрекеттерді үйлестіру;
- өзі ойын жеткізе алу.
«Коммуникативтік мәдениет» түсінігін теориялық талдау нәтижесінде
оның пәнаралық түсінік екендігі айқындалды. Ол лингвистикада, жалпы
және арнайы психологияда, педагогикада, әлеуметтану мен философияда
және т.б. арнайы зерттелген. Коммуникативтік мәдениеттің қажетті шарты
ретінде субъектілердің диалогтық өзара іс-қимылға ұмтылуы, яғни өзара
түсіністікке тікелей ұмтылу, өздерінен өзгеше болуы мүмкін бөгде пікірдің
болуын
қабылдау
болып
табылады.
Коммуникативтік
мәдениет
құбылыстарының тарихи сипаты қарым-қатынас тәсілдері мен формалары
тарихи даму барысында жасалғанын білдіреді. Олар салт-дәстүрлерде
қалыптасқан [73].
Психологияда қарым-қатынас үдерісі, келесі құрылымда өзара байланысты
үш құраушының жүйесін білдіреді: коммуникативтік құраушы жеке тұлға
аралық ақпарат алмасудан, эмоционалдық жағдайлар мен бірлескен қызметтің
әртүрлі үдерісінде құндылықтық бағдарлардан тұрады; интерактивті құраушы
қарым-қатынас бойынша әріптестердің өзара іс-қимылы болып табылады және
тікелей өзара іс-қимыл үдерісіндегі бірлескен немесе өзара байланысты іс-
қимылдардан тұрады; перцептивті (танымдық) құраушы осы негізде
әріптестердің өзара түсіністігін орнату және қарым-қатынас бойынша бір-бірін
қабылдау үдерісінде көрінеді.
Бұдан басқа, осы қатынастардың тараптары өте шартты болып
табылады, өйткені, олар бір-бірін толықтырып қана қоймай, бірқатар аспектілер
20
бойынша қарама-қайшы сипатқа ие. Мысалы, кейбір психологтар қарым-
қатынастың перцептивті жағын когнитивті немесе гностикалық құраушы деп
атайды. В.Н.Панферов коммуникацияның өзара қарым-қатынас, таным сияқты
негізгі аспектілерін атап, сәйкес қарым – қатынасты - коммуникативтік,
ақпараттық, гностикалық (танымдық), реттеушілік зерттеуге төрт тәсілді
айқындайды [74].
Іс-әрекеттің психологиялық теориясында А.Н.Леонтьев коммуникацияны
субъектілік-объектілік қарым-қатынасты және осы байланыстарды жүзеге
асыруды жанама қамтамасыз ететін ұжымдық қызмет түрлерімен бірлескен
қызмет құрылымындағы жеке іс-әрекеттердің байланыстарын жалпы түсіну
ретінде анықтады.
Өз
еңбектерінде
Б.Ф.Ломов
қарым-қатынастың
ақпараттық
-
коммуникативтік,
реттеушілік-коммуникативтік
және
аффектілік-
коммуникативтік жақтарын, хабарламаларды қабылдау және жіберу, мінез-
құлық пен қарым-қатынасты реттеу, сондай-ақ әріптестердің қарым-қатынас
бойынша маңыздылығын анықтады [75].
Оның негізгі бірлігі сөйлеу актісі болып табылатындықтан, сөйлеу
табиғатын түсіну арқылы ашылады. Мәдени дамыған адамдардың қарым-
қатынасы сөйлеудің дамуын және маңыздылығын талап етеді. Бұл - болашақ
ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік мәдениетін дамытудың басты
жолы, бұл қалыптасқан тұлғаның барлық басқа да танымдық үдерістерін
басқарумен біріктіреді.
Сөйлеудің психологиялық мәселелері Л.А.Петровская зерттеулерінде
қарастырылған [76]. Ол айналасындағылармен қарым-қатынасқа түсуге ниет,
қарым-қатынас
жағдайын
бағалай
білу,
коммуникативтік
актілерді
ұйымдастыру қабілеті, эмпатия және рефлексивті мінез-құлық сияқты
құраушылардың жиынтығымен сипатталады.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін
дамытуда оның педагогикалық толеранттылығы маңызды сапалардың бірі
болып табылады. Бұл сапада баланың жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу,
оның жеке тұлғасына құндылық ретінде қарым-қатынас, баланың жеке
ерекшеліктерін есепке алу сияқты мәселелер маңызды болып табылады.
Педагогикалық
толеранттылық
болашақ
ағылшын
тілі
мұғалімінің
педагогикалық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктерімен және
кездесетін педагогикалық жағдайлардың көп түрлілігімен анықталатын,
толеранттылықтың барлық түрлері мен деңгейлерінің сипаттарын біріктіретін
кәсіби-тұлғалық сапасы болып табылады [77].
Ж.М.Акпарованың «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» атты еңбегінде
мұғалімнің кәсіби педагогикалық тұлғалық сапаларын келесідей анықтайды: «
... айналасындағы адамдарға деген толерантты қарым-қатынас, жоғары
сезімталдық және эмпатия; ақылдылық, рухани мәдениет, өзгелермен біріге
жұмыс жасау қабілеті, жоғары кәсіби деңгей; ғылыми-педагогикалық ойлаудың
жаңаша стилі; заманауи маңызды құндылықтарға дайындық пен тиімді
21
шешімдерді қабылдау; өз бетінше үздіксіз білім алуға құштарлық; физикалық
және психикалық денсаулық, кәсіби еңбекке қабылеттілігі» [78].
Ғалым сондай-ақ, мұғалімнің педагогикалық идеал аясындағы оқушылар,
ұжым мен ата-аналармен өзара қарым-қатынас сипаттамасын анықтап,
мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметке тұтас қарым-қатынасын айқындауда
толеранттылыққа және эмпатияға аса назар аударады.
Толеранттылық этикалық тұрғыда – мұғалім пен білім алушының
коммуникация үрдісінде көрініс табады [79]. Эмпатия - ішкі сезімді түсіне
білушілік, студенттің психикалық (эмоционалдық) жағдайы және оның
жағдайын тек сөздермен емес, сонымен қатар іс-әрекетпен де көмек бере
білушілік, эмоционалдық сезімталдық деп көрсетіледі. Бұл сапалар – мұғалім
тұлғасының басым сапалары. Егер осы сапаларының біреуі жоқ болған
жағдайда мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі сапасы кемиді. Мұғалімнің
басым сапалары қатарында толеранттылықтың аталуы орныды деп
тұжырымдаймыз. Себебі, толеранттылық мұғалімнің кәсіби және тұлғалық
коммуникация барысындағы ең маңызды рөл атқаратын сапаларының бірі.
Осы орайда, Ж.А.Карманова, С.Тропоткина, К.Асанованың зерттеулерінде,
толеранттылық мұғалім мен оқушының арасындағы педагогикалық қарым-
қатынастың жаңа негізі, оның мәні оқушыларда абырой мәдениетін, тұлғаның
өзін-өзі көрсете білу мәдениетін қалыптастыру үшін оптимальды жағдайларды
тудыратын оқытудың қағидаларына сүйенеді деп түсіндіріледі. Қазіргі кезде
толеранттылық – адамзаттың өмір сүру тәсілі, қоғамдағы тиімді тұлғааралық
коммуникация шарты деп айтылады [80].
Мұғалімнің кәсіби маңызды толеранттылығы шыдамдылық пен
байсалдылық аясында көрінеді. Мұғалмнің мінез-құлқындағы рухани
сезімталдық – білімгердің психологиялық жағдайын, көңіл-күйін түсінуге,
көмек қажет ететін білімгерлерге дер кезінде қол ұшын созуға өзіндік өлшем
іспетті. Мұғалімнің табиғи жағдайы – өзінің білімгерлерінің бүгіні мен ертеңіне
деген алаңдаушылық, қамқорлық болып табылады. Осындай мұғалім өскелең
ұрпақтың тағдырын өзінің тікелей жауапкершілігінде екендігін толықтай
сезінеді.
В.Талановтың тұжырымдауынша [81], адамзат жаңа мәдениет шеңберінде
шыдамдылық және өзара келісім мәдениетінде, мәдениет диалогында өмір
сүруге дағдылану қажет. Осы орайда, автор «шыдамдылық мәдениеті»
терминін қарастырады, (tolerantia - шыдамдылық, төзімділік), оның
тұжырымдауында, шыдамдылық — адами, конфессиалды, әлеуметтік,
мемлекеттік және басқа да коммункиациядағы сенімсіз, бірақ өте қажетті
жобалау болып табылады.
Ю.П.Поваренков педагогтың толеранттылығының екі түрін анықтады:
әлеуметтік және психологиялық. Әлеуметтік толеранттылықтың болуы
болашақ мұғалімге білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен тиімді
өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, ал психологиялық толернаттылықтың
қалыптасуы көптеген кәсіби күйзеліске жоғары тұрақтылығын қамтамасыз
етеді және кәсіби мансапты тиімді құруға ықпал етеді [82]. Толеранттылықтың
22
динамикалық жағы педагогтің мотивациялық саласының мазмұнымен, оның
құндылықтары, мүдделері, нанымдары мен әлеуметтік ұстанымдары жүйесімен
анықталады.
Ал, әлеуметтік толеранттылықтың операциялық негізін нақты білім, білік
және қабілеттер құрайды. Болашақ ағылшын тілі мұғалімінің педагогикалық
толеранттылығы болашақ кәсіби қызметтің негізі қаланып, таңдау жасағанда
кәсібиліктің бастапқы кезеңінде ерекше маңызды болып табылады. Біз
педагогикалық толеранттылық — бұл мазмұны кәсіби-педагогикалық
қызметтің ерекшелігімен шектелген толеранттылықтың ерекше түрі деп
есептейміз. Педагогикалық толеранттылық маманның білім беру үдерісінің кез
келген қатысушысының өз пікіріне құқығын мойындауын қарастырады, бірақ
маманды оның пікірін де, осы пікірді айтқан кезде оның мінез-құлқының
мәнерін де қабылдауға міндеттемейді.
Педагогикалық толеранттылықты болашақ ағылшын тілі мұғалімінің жеке
және кәсіби маңызды қасиеттерінің тұтастығы мен бірлігі тұрғысынан
қарастыру қажет, олар: өмір мағынасының болуы, белгісіздікті қабылдау және
түсіну, өзін-өзі бағалау, психологиялық тұрақтылық, рефлексия қабілеті,
келіспеушіліктерге төзімділік, басқалардың даралығын тану және қабылдау.
Педагогикалық толеранттылық болашақ ағылшын тілі мұғалімінің кіріктірілген
кәсіби маңызды сапасы ретінде оның мазмұнын құрайтын жеке кәсіби маңызды
қасиеттерінің құрамы немесе даму деңгейі өзгеруімен өзгеретін динамикалық
білім болып табылады. Ал оның негізгі көрсеткіштерінің бірі болатын
коммуникативтік толеранттылық - бұл болашақ ағышын тілі мұғалімінің
жағымсыз немесе қолайсыз, өзара іс-қимыл бойынша педагогикалық кәсіби іс-
әрекеттегі
психикалық
жай-күйі,
қасиеттері
мен
іс-әрекеттеріне
толеранттылығы дәрежесін көрсететін тұлғаралық қарым-қатынас ипаттамасы.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік толеранттылығы
болашақ ағышын тілі мұғалімінің білім беру мәдениеті мен тәрбиесінің
ерекшеліктерін, қарым-қатынас тәжірибесін, құндылықтарын, қажеттіліктері
мен мүдделерін, ұстанымдарын, әдеттерін, ойлау ерекшеліктерін, қалыптасқан
мінез-құлық сипатын қамтиды.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімінің коммуникативтік толеранттылығы
оның коммуникативтік құзыреттілігімен тікелей байланысты.
А.Б.Добрович коммуникативтік құзыреттілікті адамдардың тиімді
байланыс орнату қабілеті ретінде қарастырды. Ғалым оны сана, ойлау
тұрғысынан түсіндірді [83]. В.А.Кан-Калик [84] тұлғаның қалыптасуының
маңызды факторы коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға нақты
мақсатты белгілеу болып табылатынын атап өтті.
«Коммуникативтік мәдениет» ұғымы мазмұны бойынша «коммуникативтік
құзыреттілік» ұғымымен салыстырғанда кеңірек болып табылады. Екіншіден,
коммуникативтік
құзыреттілік
болашақ
ағылшын
тілі
мұғалімінің
коммуникативтік мәдениетін дамыту үдерісін көрсетеді. Үшіншіден, ағылшын
тілінің болашақ мұғалімдерінің коммуникативтік құзыреттілігі тұлғаның
коммуникативтік мәдениетінің құралдық элементі болып табылады, өйткені ол
23
қарым-қатынас құралдарын, біліктерді, дағдыларды және үнемі дамып келе
жатқан коммуникативтік білімді тиімді пайдалану қабілетін қамтиды.
Демек, коммуникативтік құзыреттілік мазмұны келесі құраушыларды
қамтиды:
-
құрамында
эмоциялық-эмпатикалық
көріністер,
эмоционалдық
қайырымдылық, қарым-қатынас бойынша коммункиациядағы серіктестерге
жанашырлық сезімі бар;
- әріптесті танумен когнитивті-байланысты, оның мінез-құлқын алдын ала
болжай білу, оның ерекшеліктері мен ойлауы туралы білімдерін жинақтау
қабілетін қамтиды;
- мінез-құлқы-өзара іс-қимылдың (ынтымақтастық немесе бәсекелестік)
ерекшеліктерін, өзара қарым-қатынастың адамгершілік негіздерін, қарым-
қатынастағы баламалылықты және т.б. сипаттайды.
Болашақ ағылшын тілі мұғалімдеріне ең алдымен, дауыстық, мимикалық,
визуалды және психомоторлық қызметтің біртұтастығы экспрессивті
дағдыларын қалыптастыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл болашақ ағылшын тілі
мұғалімдерінің шет тілінде қарым-қатынасының коммуникативтік өзін-өзі
реттеу дағдыларын меңгерулері. Ағылшын тілінің болашақ мұғалімдері
тұлғасының экспрессивті дағдылары сөйлеу сөздерінің дұрыстығы, ауызша
сөйлеу нормаларын меңгеру, қозғалыс пластикасы мен қимылдарын меңгеру,
сөйлемдерді мимикалық сүйемелдеу құралдарын меңгеру, дауыстың дыбыс
қаттылығын реттеу дағдыларын, сондай-ақ сөйлеу мен интонациялық суреттің
дыбыс қаттылығын өзгерту дағдыларын меңгерулері маңызды болып табылады.
Кәсіби
мәдениет
мәселелерін
зерттейтін
бірқатар
ғалымдар
коммуникативтік құзыреттілікті қарым-қатынас нормалары мен ережелерін
білу, оның технологиясын меңгеру ретінде қарастырады және оны «тұлғаның
коммуникативтік әлеуеті» ұғымымен теңестіреді.
Атап айтқанда, И.Л.Лаптева маңызды коммуникативтік қабілеттерге
бастаманы меңгеру, белсенділікті көрсету, әріптестерінің психикалық
жағдайына эмоционалды жауап беру, коммуникацияның жеке бағдарламасын
қалыптастыру және іске асыру, қарым-қатынаста өзін-өзі бақылауды жүзеге
асыру қабілетін біріктіреді [85].
Бірқатар психологтардың пікірінше, тұлғаның коммуникативтік мәдениеті
аясында өзіне келесілерді біріктіретін сапалар жүйесін атауға болады:
– шығармашылық ойлау, сөйлеу арқылы әсер ету мәдениеті;
– қарым-қатынасқа өзін бағдарлау мәдениеті және өзінің жай-күйін
психоэмоциональдық реттеу;
– қозғалыстың иілгіштігі мен қимылдардың мәдениеті; қарым-қатынастағы
серіктестің коммуникативтік іс-әрекеттерін қабылдау мәдениеті;
эмоциялар мәдениеті.
Демек, коммуникативтік мәдениетті тұлғаның кіріктірілген сапасы
(сипаттамасы) немесе сапаларының жүйесі ретінде түсінуге болады. Бұл жағдай
«сапа» түсінігі білім, іскерлік, құндылықтар, сендірулер және т.б.
«сипаттамасы» ретінде мағыналанады.
24
И.Л. Береговая білімгерлердің коммуникативтік мәдениетін зерттей келе,
қоғамда қабылданған мінез-құлық, білім, нормалар, құндылықтар, дағдылар,
мотивация, заңдылықтарды қоршаған дүниемен қарым- қатынасында жүзеге
асыру, өз ойын сауатты әрі түсінікті жеткізе алу, педагогикалық міндеттерді
шешу үдерістеріндегі тілдік және тілдік емес қатынас арқылы байланысқа
түсетін педагогикалық категория ретінде қарастырады.
Ғылыми әдебиеттерде коммуникативтік мәдениет мағынасын анықтауда
Достарыңызбен бөлісу: |