Мутанова динара юлдашбаевна


Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу



Pdf көрінісі
бет9/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу. Зерттеу жұмысының негізгі 
тұжырымдары, теориялық және практикалық нәтижелері халықаралық 
конференцияларда талқыланды: «Science and education» XIII international 
research and practice conference (Munich, Germany, 2016); «Интеграция науки и 
образования в XXI веке: психология, педагогика, дефектология» (Саранск, 
Россия, 2016); International Conference on European Science and Technologу held 
by Science Euro Recent trend in Science and Technology (London, England, 2017); 
«Заманауи ғылым және білімнің өзекті мәселелері мен инновация 
тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 
(Түркістан, Қазақстан 2017).
Жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың мазмұны бойынша 
барлығы 24 еңбек жарық көрді: 4 мақала ҚР БжҒМ Білім және ғылым 
саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда, 1 - Scopus 
базасына енген шетелдік журналда, 19 - халықаралық ғылыми-практикалық 
конференциялар жинақтарында және ғылыми басылымдарда жарияланды.
Диссертацияның зерттеу нәтижелерінің сенімділігі, мақұлдануы, 
тәжірибеге ендірілуі іргелі педагогикалық және психологиялық еңбектердегі 
қағидаларды 
басшылыққа 
алуымен, 
теориялық 
және 
әдіснамалық 
тұжырымдарға негізделуімен, зерттеу мақсатына сәйкес тұғырларды 
қолдануымен, 
тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыстарының 
мақсатқа 
сәйкестілігімен, нәтижелерін өңдеуімен және алынған деректерді талдау 
қорытындысымен қамтамасыз етілді. 
Диccepтaция құpылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, 
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. 
«Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамытудың ғылыми–практикалық және әдіснамалық алғышарттары» 
атты бірінші бөлімде зерттеу мәселесі қарастырылған психологиялық-
педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде «коммуникация», 
«мәдениет», «коммуникативтік мәдениет» ұғымдарының мәні нақтыланады, 
жоғары оқу орындарының ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлаудың 
отандық және шетелдік тәжірибесі талданды, болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту мәселесін зерттеудің 
әдіснамалық тұғырлары анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет