35
Болашақ шетел тілдері мұғалімін даярлауды Принстон университеті
мысалында қарастырайық. Принстон университетінде лингвистикалық білім
беру осы ғылымның түрлі салаларымен айналысатын бірнеше бағдарламаларға
бөлінеді. «Білім бакалавры» дәрежесін алу үшін оқу орны мен штатта
белгіленген талаптарға байланысты бір жылдан бес жылға дейін созылатын
бағдарламаны табысты меңгеру қажет. АҚШ-та білім беру бакалаврлары үшін
бастауыш, орта және жоғары мектеп білімі сияқты бірнеше педагогикалық
бағыттар бар. Белгілі бір дәрежені алғаннан кейін студент білім беру саласында
мемлекеттік емтихан тапсырады.
АҚШ-тың көптеген жоғары оқу орындарында лингвистикалық
факультеттер үш бағытты ұсынады: «Қолданбалы лингвистика», «Тіл, қоғам
және қарым-қатынас», «Тіл және таным». Лингвистикалық білім негізгі (major)
және негізгі емес (minor) болып бөлінеді. Негізгі лингвистика бағдарламасы
студенттердің морфология, синтаксис, семантика, психолингвистика, аударма
және оқыту сияқты тілдің түрлі аспектілерін үйренуін көздейді. АҚШ-та бұл
бағдарламалар студенттердің қалауына байланысты әр түрлі болуы мүмкін,
бағдарлама белгілі бір тілде немесе тілдер тобында шоғырлануы мүмкін, ол
тілдің тарихи негіздеріне немесе шетел тілдерін оқытуға және когнитивтік
ғылыммен тіл байланысына негізделеді. «Қолданбалы лингвистика» ағылшын
тілін екінші тіл ретінде оқытуға, екі тілді білім беруге және шетел тілін оқытуға
бағытталған; бұл курс сондай-ақ педагогикалық практикамен сипатталады.
Бірақ, лингвистикалық бағдарламалардың оқылатын тілдік салалар
бойынша өзгеше болуы мүмкін екеніне қарамастан, олардың барлығына ортақ
негізгі талаптар да кездеседі. Барлық болашақ лингвистер «Тіл біліміне кіріспе
курс» пәнін, сондай-ақ тілдің бес теориялық аспектілерін меңгеруге міндетті.
Білімгерлер ағылшын тілін меңгеруі және оқу барысында таңдау бойынша бір
немесе екі шетел тілін меңгеруі тиіс. Бұдан басқа, білім алушыларға
лингвистикалық білімді тереңдету және жетілдіру үшін аралас пәндер бойынша
түрлі курстар ұсынады. Ғылыми зерттеулерге қатысу және халықаралық
тағылымдамалар да оқу процесіне кіреді. Лингвистика саласында маманданған
білімгерлер аналитикалық ойлау, сыни ойлау, өз пікірлерінің дәлеледілігі мен
айқындылығы сияқты құнды зияткерлік дағдыларды игереді.
Достарыңызбен бөлісу: