108
лингвомәдениеттердегі қарым-қатынастың маңызы мен ережелері. Ауызша
қарым-қатынас мәдениетінің тілдік нормалары және оқытылатын тіл елінде
қабылданған этикалық және адамгершілік мінез-құлық нормалары.
Қазіргі
ұлттық мәдениеттегі гендерлік айырмашылықтар.
3. Мәдениетаралық
коммуникациядағы
тұлға.
Мәдени
сәйкестік.
Лингвомәдениетті салыстырмалы талдау, олардың өкілдерінің қарым-қатынас
үдерісіндегі
айырмашылықтардың
маңыздылығы.
Мәдениетаралық
коммуникацияның психологиялық аспектілері.
4. Шет тілді мәдениет өкілдерімен байланыс орнату және өзара іс-
қимылды қолдау. Әртүрлі дереккөздерден алынатын лингвомәдениеттану және
елтану ақпаратын табу, салыстыру және жалпылау.
Өзге мәдениеттің
ерекшеліктеріне төзімділік. Халықаралық этикет. Этноцентризмнен бас
тартуды көздейтін этикалық нормалар.
5. Менталдық және мәдениетаралық коммуникация. Сананың
стереотиптері және мәдениетаралық коммуникациядағы түсіну мәселелері.
Қазіргі стереотиптер және оларды жеңу тәсілдері. Тілдік тұлға. Әлеуметтік-
мәдени білімді, зерттелген тілдік материалды,
қарым-қатынастың ғылыми-
техникалық, экономикалық және тұрмыстық салаларында тілдік болжамдау
дағдыларын қолдану.
6. Әртүрлі лингвомәдениеттердегі жоғары білімнің ұстанымдары. Шетел
мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне және шетел социумының құндылықтық
бағдарына құрметпен қарау. Тіл-мәдениет айнасы. Ұлттық менталитет пен
дәстүрлер. Әлеуметтік және кәсіби байланыстардың баламалылығын
қамтамасыз ететін әлеуметтік-мәдени және
мәдениетаралық коммуникация
дағдылары.
7.Мәдениетаралық коммуникацияның дидактикалық және эрратологиялық
аспектілері. Мәдениетаралық коммуникацияның дидактикалық аспектілері.
Сөйлеу этикетінің байланыстық және ынталандырушы фразаларын құру
дағдылары. Мәдениетаралық коммуникацияның эрратологиялық аспектісі.
Заманауи тілдер мен мәдениеттерді оқытудың мәдениеттанулық әдістері.
8. Қазіргі жаһандық мәдениетаралық кеңістіктегі толеранттылық.
Коммуникативтік-мінез-құлық және елтану сипатындағы ақпаратты меңгеру
дағдылары.
Бейвербальдік
коммуникацияның
мәдени
шарттылығы.
Стереотиптердің әсерін еңсеру және қарым-қатынастың жалпы және кәсіби
салаларында мәдениетаралық диалог жүргізу дағдылары.
Бұл элективті курс мазмұнынан тыс біз студенттердің коммуникативтік
мәдениетті дамытудың әр-түрлі іс-шараларын қарастырдық.
Атап айтқанда,
біздің зерттеу жұмысымыздың қалыптастырушы кезеңінде «Шетел тілі: екі
шетел тілі» мамандығының 2-3 курс студенттерімен бірлесе, «Improve your
English communication» үйірме жұмысын жүргіздік. Үйірменің мақсаты арнайы
жинақталған психологиялық тренингтер мен семинар сабақтардың негізінде
болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамытуға
ықпал ету болды (кесте 13).
109
Кесте 13. «Improve your English communication» үйірмесінің тақырыптық
жоспары
Тақырыбы
Өткізілу түрі
1
2
Достарыңызбен бөлісу: