конференция» ролдік ойыны болды. Ролдік ойынның ережесіне сәйкес
аудиторияда конференция өкізілуі үшін орындықтардың орны ауыстырылып, 6
білімгер басқа тыңдаушылардың тақырыпқа байланысты сұрақтарына жауап
берді. «Пресс-конференция» барысында «Тілдік қарым-қатынас пен тілсіз
қарым-қатынастың айырмашылықтары мен ұқсастық жақтары қандай?»,
«Күнделікті қарым-қатынасымыз барысында ақпараттың қанша пайызы тілдік
және тілдік емес қатынас арқылы беріледі?», «қайсы бірі маңыздырақ: тілдік
немесе тілсіз қарым-қатынас?», т.б сұрақтар қойылып, жауап берілді.
Білімгерлерге ұсынылған келесі тапсырма «Галерея» деп аталды.
Тапсырма бойынша білімгерлер сабақтан үйренген барлық білімдерін
парақшаға жазып, аудиторияның қабырғаларының жан-жағына жабыстырып
шықты, кейін барлығы галереядағы секілді бір-бірлерінің ойларын оқып,
білімдерін толықтырды. Бұл тапсырманы орындаудан мақсат білімгерлердің
коммуникативті мәдениет туралы білімдерін жетілдіру ғана емес, өз ойларын
еркін, мәдениетті түрде жеткізуге дағдыландыру.
Сабақ білімгерлерден «Бүгінгі сабақта не білдім?», «Нені үйрендім?» деген
сұрақтарға жауап алу арқылы қорытынды жасалды. Осылайша, элективті
курстың мазмұнынан алынған сабақ білімгерлердің коммуникативтік
мәдениетке деген оң көзқарастарын қалыптастырды.
Сонымен қатар болашақ болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін дамытуда қосымша дидактикалық материалдар
сапасында арналған компьютерлік бағдарламалар мен әлеуметтік желілердің
ақпараттық қорлары пайдаланылды, атап айтқанда:
Болашақ тіл маманын дайындауда компьютерлік бағдарламалар арқылы
оқыту олардің тілдік және тілдік емес қатынастарын өз бетінше
ұйымдастыруына ықпал етті. Компьютер және интерактивті технологияларды
қолданып оқыту білімгердің тіл мәдениетін ұйымдастыруына, мотивациясы
мен оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік бергені айқындалды.
Ақпарат жинақтауда, мысалы тапсырмаларды орындау барысында олардың
коммуникативік құзыреттілігі, мәдени қарым-қатынасы, шығармашылық
әлеуеті қалыптасып, дамып отырды.