132
және бітіру біліктілік жұмыстары) таңдап алуы тиіс.
Оқыту
формалары.
Болашақ
ағлышын
тілі
мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін дамыту әдітемесін іске асыруда түрлі оқыту
формалары іске асырылды. Латын сөзі
forma-сыртқы көрініс, құрылым. Оқуға
қатысты «форма» ұғымы екі мағынада қолданылады: оқыту нысаны және
оқытуды ұйымдастыру нысаны. Оқыту формасы оқытудың мақсаттарына,
мазмұнына, әдістері мен құралдарына, материалдық жағдайларға, білім беру
процесіне қатысушылардың құрамына және оның басқа да элементтеріне
байланысты.
Оқыту
құралдары
-
болашақ
ағылшын
тілі
мұғалімдерінің
коммуникативтік мәдениетін дамыту әдістемесін іске асырудың тиімділігін
арттыра алатын және оқу процесіне қатысушылардың алдына қойылған
мақсаттарға жету уақытын қысқартатын оқу үдерісі барысында қолдануға
болатын материалдар мен құрылғылар. Дидактика тұрғысынан оқыту
құралдарының негізгі мақсаты курста берілген ақпаратты меңгеру процесін
жеделдету болып табылады. Оқытудың техникалық құралдары - бұл
оқытушыға білімгерлерді оқу ақпаратымен қамтамасыз етуге, есте сақтау,
білімді қолдану және түсіну үдерісін басқаруға, оқу нәтижелерін бақылауға
көмектесетін құрылғылар.
Заманауи жабдықтар - бұл жоғары тиімді техникалық оқыту құралдарының
кең спектрі. Көптеген үдерістерді модельдеуге мүмкіндік беретін
компьютерлерден басқа, сандық проекторлар-компьютерлік ақпаратты және
бейнені көрсету үшін; проекциялық экрандар - түрлі үлгілер; оверхед-
проекторлар (мөлдір пленкадан үлкен экранға кескінді көрсетуге мүмкіндік
беретін оптикалық құрылғы); слайд-проекторлар; копи-тақталар-тақтада
жазылған
тираждау
үшін;
интерактивті
тақталар-тақтада
тікелей
демонстрациялық электрондық материалдарды өзгерту мүмкіндігі; құжат -
камералар - сандық проектордың көмегімен объектілер мен слайдтарды
демонстрациялауға арналған үстелдік бейнекамералар; бейне -конференциялық
жүйелер-қашықтықта тиімді қарым-қатынас жасауға арналған; маркерлік
тақтайшалар; проекциялық үстелшелер және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: