154
ҚОСЫМШАЛАР
ҚОСЫМША А
Қарым-қатынастағы сөйлеу мәдениеті
Қарым-қатынас барысында сөйлеу барьерасының сіз үшін өзектілігін,
«ақпарат тасу» мүмкіншілігіне ие екендігіңізді анықтау мақсатында төменде
берілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру ұсынылады.
1. Сөйлеп отырған кезіңізде тыңдаушылардың сізді түсінетіндіктеріне назар
аударасыз ба?
2. Сөйлеу стиліңізді аудитория атмосферасына қарай өзгертесіз бе?
3. Нұсқау бермес бұрын ойланып аласыз ба?
4. Бұйрықты мейлінше қысқаша формада бересіз бе?
5. Егер сіз жаңа тапсырманы түсіндіріп болған соң сұрақ қоймаса, жеткілікті
түсінді деп ойлайсыз ба?
6. Сіз анық сөйлейсіз бе?
7. Сөйлемнің бір-бірімен байланыссыз шықпауы үшін айтар ойыңызды жинақтап
аласыз ба?
8. Сізге сұрақ қойылған кезде қолдау көрсетесіз бе?
9. Сіз айналаңыздағы адамдардың ойын түсінемін деп ойлайсыз ба?
10. Пікірлер мен дәлелдерді ажырата аласыз ба?
11. Әңгіме барысында әңгімелесушінің пікірімен келіспесеңіз, өз ықпалыңызды
күштейтесіз бе?
12. Әңгімелесушіге өз пікіріңізді мойындатуға тырысасыз ба?
13. Кәсіби жаргон сөздерді ол сөздің мағынасын түсінбейтін адамға әңгіме
барысында қолданасыз ба?
14. Сіз түсінікті, анық әрі сыпайы сөйлейсіз бе?
15. Сіздің әңгімеңіздің тыңдаушыға қалай әсер ететіндігін байқап көрдіңіз бе?
16. Ойыңызды жинақтау немесе тыңдармандардың назарын өзіңізге аудару
мақсатында сөз арасында үзіліс жасайсыз ба?
17. Ағылшын тілі мұғалімі кәсібі сізді не үшін қызықтырады?
18. Сіздің ойыңызша, болашақ ағылышн тілі мұғалімін кәсіби даярлауда көбірек
неге назар аударылуы керек?
19. Коммуникация мен мәдениет ғылымдарының арақатынасы қандай?
20. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін қалай
түсінесіз?
21. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін дамыту
үшін қандай әдіс-тәсілдерді ұсынасыз
Егер сіз ойланбастан барлық сұрақтарға «иә» деп жауап берсеңіз (5,9,13
сұрақтардан басқа), ойыңызды анық әрі түсінікті етіп айту біліктілігі сізге тән.
Достарыңызбен бөлісу: