Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
 Рөлдік ойын. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту рольдік және дидактикалық ойындар, пікірталастар, білім 
мен іскерліктегі жарыстар барысында жүзеге асырылады. Рөлдік ойындарда 
студенттер мұғалімнің, оқушылардың, ата-аналардың, жұмыс бойынша 
әріптестердің рөлін көрсете отырып, болашақ кәсіби коммуникативтік қызметте 
оларға қажетті мәдени нақты практикалық дағдыларды меңгереді. Ойын 
барысында туындайтын әр түрлі педагогикалық жағдайлар мен мәселелерді 
талдау болашақ кәсіби қызметке барынша жақын орта жасайды және 
студенттердің алған теориялық білімдерін ұғынуына, дұрыс шешім таба білуін 
қалыптастыруға ықпал етеді, Кәсіби мотивацияны, коммуникативтік 
мәдениетті, танымдық қызығушылықты дамытады. Рөлдік ойындарды 
пайдалану кезінде кері байланыс ұстанымы әрекет етеді: студент өз 
жолдастарынан іс-әрекетке баға алады. Топтың әрбір мүшесі үшін рөлді өз 
бетінше анықтау, келісілген жұмысты ұйымдастыру коммуникабельділік пен 
реттеу іскерлігін дамытуға ықпал ететін болады. Кезекпен әр түрлі рөлдерді 
(көшбасшы, баяндамашы, орындаушы және т.б.) орындау қойылған міндеттерге 
байланысты қарым-қатынасты жобалау іскерлігін қалыптастырады. Білім 
алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы (міндетті түрде шет тілінде) өзге 
тілді коммуникативтік мәдениетті жетілдіруге көмектеседі. 
Іскерлік ойын. Болашақ ағылшын тіл мұғалімінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытуда оның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын 
қайта құру, осы қызметке тұтас тән қарым-қатынас жүйелерін модельдеу 
нысаны болып табылады. Іскерлік ойында білім алушы кәсіби қызметті 
орындайды, ол оқу және болашақ кәсіби қызметтің ерекшелігіне ие болады. 
Осылайша, іскерлік ойын ең алдымен маманның коммуникативтік мәдениет 
тұрғысында теориялық және практикалық ойлауын дамытудың құралы болып 
табылады. Ойын циклі үш кезеңнен тұрады: ойын әзірлеу және дайындау, ойын 


89 
өткізу және қорытынды шығару (ойын және оның нәтижелерін талдау). Іскерлік 
ойынның басты ерекшелігі-жиынтық деректер негізінде қандай да бір шешімді 
әзірлеу болып табылады. Шешім әрдайым алқалы түрде, яғни болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдерінің бірлескен топтық жұмысы барысында жасалады. 
Case-study әдісі. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамытуда белсенді қолданылатын әдістердің бірі case-study әдісі 
болып табылады. Case-study әдісі немесе нақты жағдайлар әдісі (ағылшын 
тілінен «case» – жағдай) – нақты міндеттер-жағдайларды шешу жолымен 
оқытуға негізделген белсенді проблемалық-ситуациялық талдау әдісі (кейстерді 
шешу). Бұл әдіс оқытудың имитациялық белсенді әдістеріне жатады. Case-study 
әдісінің тікелей мақсаты: студенттер тобының бірлескен күш-жігерімен нақты 
туындаған коммуникативтік жағдайды – «case» талдауы және практикалық 
шешім әзірлеуі тиіс; үдерістің аяқталуы - ұсынылған жағдайды шешу 
алгоритмдерін бағалау және қойылған мәселенің шешімінің ең жақсысын 
таңдау. Нақты оқу жағдайларын талдау (case-study) коммуникативтік 
мәдениетті 
дамыту 
аясында 
келесі 
іс-әрекеттерді 
жетілдіру 
үшін 
пайдаланылады: - мәселелерді анықтау, іріктеу және шешу; - ақпаратпен жұмыс 
– жағдайда сипатталған бөлшектердің мәнін түсіну; - ақпарат пен дәлелдерді 
талдау және синтездеу; - болжамдармен және қорытындылармен жұмыс; - 
баламаларды бағалау; – шешімдер қабылдау; – басқа адамдарды тыңдау және 
түсіну-топтық коммуникативтік жұмыс дағдылары. 
Жобалар әдісі. Жоба жұмысы белгілі бір мәселені шешуге, алдын ала 
жоспарланған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Жоба әдісі алынған білімді 
тәжірибеде қолдануға және жаңа идеяларды құруға, білімгерлердің оқу-
танымдық үдерісін және топтық, жұптық формаларда жұмыс жасау аясында 
коммуникативтік мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу қызметінде 
жобалық әдістемені қолдану ішкі мотивацияны дамыту арқылы білімгерлерге 
ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыратынын атап өткен жөн.
Ал оң мотивация - бұл шетел тілдерін, коммуникативтік мәдениетті табысты 
меңгерудің кілті. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін 
дамытуда 
жобалар 
әдісін 
пайдалануда 
халықаралық 
телекоммуникациялық жобалар маңызды болып табылады. Дәл осындай 
жобалар болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік мәдениетін 
дамыту әдістемесі үшін ең күрделі және ең маңызды мәселені шешуге 
мүмкіндік береді - тілдік орта құру және оның негізінде ағылшын тілін 
коммуникативтік мәдениетті дамытуға қажеттілік жасау.
Атап айтқанда, интернет желісіне қосылған кез келген пайдаланушы әлем 
кітапханаларының каталогы бойынша әдебиеттер тізімін таңдауға, өз 
экранынан қажетті материалды алуға, мақалаларды, репортажды, ағылшын 
тіліндегі әртүрлі журналдардан қажетті ақпараттың басқа да көздерін 
іздестіруге мүмкіндігі бар. Бұл ақпарат, әрине, дәлме-дәл және осындай 
ақпаратпен жұмыс істей отырып, қазіргі уақытта жоба шеңберінде болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдері жұмыс істейтін мәселе бойынша қажетті 
мәліметтерді алуға болады. Ағылшын тілін үйренушілер ашық әлемге кіреді, 


90 
онда әр елдің серіктестерімен қарым-қатынас жасауға, ғылыми, ақпараттық, оқу 
орталықтарының шетелдік серверлеріне шығуға мүмкіндік алады. Болашақ 
ағылшын тілі мұғалімдері ағылшын тілінде, белгілі бір мәселелер бойынша 
пікірталасқа кірісіп, коммуникативтік мәдениеттерін дамытуға қол жеткізе 
алады. Ақпарат алмасу әлеуметтік желілер, жедел чаттар, форумдар, 
электрондық пошталар арқылы жүзеге асырылады, бірақ, егер жобаға 
қатысушылар осындай конференцияны өткізу уақыты туралы уағдаласса, нақты 
уақыт режимінде (on-line) телеконференцияда талқылаулар өткізуге болады. 
Жобалар әдісі болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің жеке коммуникативтік 
мүмкіндіктері неғұрлым жоғары деңгейде ашылған қарым-қатынас түрін 
модельдеуге мүмкіндік береді.
Тренинг. Тренинг оқыту технологиясы ретінде қажеттілікті анықтауға, 
мақсаттарды қалыптастыруға және оларға қол жеткізудің пәрменді тәсілдерін 
табуға қабілетті. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту мақсатында тренингті әзірлей отырып, оның әсерін болжап, 
белгіленген мақсатқа жетуге болады. Тренингтік оқыту ерекшелігі ол 
салыстырмалы қысқа мерзімде және өте табысты өтеді. Яғни, жақсы 
жоспарланған тренинг - бұл ағылшын тілі мұғалімдерінің коммуникативтік 
мәдениетін дамыту бағытталған оқыту жүйесіндегі бойынша оңтайлы әдіс.
Тұлғааралық қарым-қатынас саласындағы білімді, әлеуметтік ұстанымды, 
іскерлікті және тәжірибені дамытуға бағытталған психологиялық әсер ету 
құралы - коммуникативтік тренинг. Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 
коммуникативтік 
мәдениетін 
дамытудағы 
коммуникативтік 
тренинг: 
психологиялық дұрыс және ситуативті қарым-қатынасқа түсуге; қарым-
қатынасты қолдауға, серіктестің белсенділігін ынталандыруға; қарым-
қатынастың аяқталуының «нүктесін» психологиялық дәл анықтауға; өзінің 
стратегиялық желісін іске асыру үшін коммуникативтік ахуалдың әлеуметтік-
психологиялық сипаттамаларын барынша пайдалануға; қарым-қатынас 
дамитын коммуникативтік жағдайды дамытудың ықтимал жолдарын болжауға; 
серіктестердің өз іс-қимылдарына назарын болжауға; әңгімелесушілердің 
эмоциялық жағдайына психологиялық тұрғыдан көңіл бөлуге; қарым-қатынаста 
бастаманы меңгеру және ұстау және т.б. бағытталады. Коммуникативтік 
тренинг болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің серіктестердің қарым-қатынас 
бойынша мінез-құлқын болжау, оларға өз әсерінің салдарын болжай білу 
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, серіктестердің қарым-
қатынасы мен олардың сенімді, сенімсіз және агрессивті мінез-құлықтары 
арасындағы айырмашылықты түсінуге мүмкіндік береді. Коммуникативті 
тренингтің қатысушылары тұлғааралық өзара әрекеттесудің түрлі тәсілдерін 
меңгереді. Коммуникативтік тренингтер барысында болашақ ағылшын тілі 
мұғалімдері коммуникацияның жаңа құралдарын меңгеріп, оларды қарым- 
қатынас барысында пайдалану дағдыларын дамытады.
Ұсынылған оқыту технологиялары білім беру және тәрбие әлеуетіне ие, 
студенттік топ ұжымы ішінде, сондай-ақ оқытушы мен студенттер арасында 
коммуникативтік мәдениетті дамытуға ықпал етеді.


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет