Музыка – music әож 78


Keywords: myth, legend, string musical instrument, harp of Pazyryk, harp of the peoples  of the world, the function, the rite



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата15.02.2017
өлшемі2,05 Mb.
#4162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Keywords: myth, legend, string musical instrument, harp of Pazyryk, harp of the peoples 
of the world, the function, the rite. 
 
 
 
ӘОЖ 78                         
 
КҮЙ – ХАЛЫҚТАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА 
                                                                                   
                                                                                     Д.С. Ахметжанова, доцент м.а.  
                                                                                   А.Б. Мұқанова, аға оқытушы 
                                                                                  (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
                                                                                  қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Халық  күйлері  біздің  жыл  санауымызға  дейінгі  дәуір  мен  біздің 
заманымыздың ілкі ғасырлары аралығын қамтиды. Бұған Еуразияның ұлы даласындағы 
көшпелілер арасына ислам діні  тарағанға дейінгі  қиял-ғажайып тақырыптарға  арналған 
күйлер, сарындар, жаугершілік  кезеңдерде ел есінде қалған айтулы  батыр, ақылды ару, 
ерге серік болғандай қанатты пырақ, киелі жануарлар туралы күйлер жатады. Қазақтың 
музыкалық мұрасы да, оның ішінде аспапты музыкасы – күйлері де шежіре. 
Түйін сөздер: күй өнері, дәстүрлі музыка, музыка сабағы, бағдарлама. 
Бүгінде  қазақ  халқының  жүздеген  күйі  белгілі  болып  отыр.  Осынау  мол  мұраға 
тарихи-этнографиялық  зердемен  ден  қойсақ,  бір  бөлігі  ғасырға  дейінгі  алыс  кезеңнің 
еншісіне тиесілі екенін, келесі бөлігі орта ғасырларда қалғанын көреміз. 
Күйлердің ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырда  дүниеге келгені  де мәлім. Біз мұндай 
жіктеп-жіліктеудің  жауапкершілігін  жақсы  сезінеміз.  Тарихи-типологиялық,  тарихи-
поэтикалық және диахронды-этнографиялық зерттеулердің нәтижесі мұндай қорытынды 
жасауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  орайда  ғалым  Ә.  Марғұланның  көшпелілер  мәдениетін, 
оның ішінде эпос қамтыған тарихи кезеңдерді саралаған үлгісін басшылыққа алуға әбден 
болады.  
Себебі, бұл үлгі-жіктеу бойынша көшпелілердің рухани мұрасы бес кезеңге бөлініп 
қарастырылады. Әрине мұндай үлгі-жіктеу музыкалық фольклорымыз үшін де жат емес. 
Тарихи,  географиялық  және  этникалық  объект  біртұтас  болған  соң,  оның  рухани 
эволюциясы  да  біртұтастықты  қарастырылуы  қажет.  Халық  өзінің  эпостарын  тудыру 
үшін біртүрлі өмір сүріп, ән-күйлерін тудыру үшін екінші өмірді таңдай алмайды. Оның 
үстіне,  қазақтың  ауыз  әдебиеті  өзінің  барша  бітім-болмысында  музыкамен  тығыз 
байланысты.  Қисса-дастандарымыздан  бастап,  жар-жар,  сыңсу,  жоқтауларға  дейін 
тыңдаушысына  белгілі  бір  ән-әуен,  сарын  арқылы  жұптаса  жетіп  отырған.  Абыздар 
қобызын шалып-шалып алмай, жыраулар домбырасын бебеулете қағып алмай, көкейдегі 
көрікті  сөзін  сыртқа  шығара  бермеген.  Ақын  болсын,  жыршы  болсын,  әнші  болсын 
өнерін  ортаға  салмас  бұрын  қолтығының  астынан  қобызының,  қолының  басынан 
домбырасының  табылып  отыратыны халқымыздың қашанғы  әдеті.  Сондықтан да  өлең-
жырларымыздың,  қисса-дастандарымыздың  өн  бойында  «Қыл  қобызын  құбылтып», 
«Шаңқобызым  шалайын,  шешен  бе  екен»,  «Домбырам  екі  ішекті  қолға  алайын», 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
33 
 
«Әншінің  домбырасы  қолқанаты»,  «Домбырам  басы  долана»  деп  келетін  жолдар  сөз 
өнерінің құрғақ қара сөзбен айтылмай, ән мен әуенге, саз бен сарынға иек сүйеу арқылы 
айтылатынын  аңғартады.  Немесе,  алуан  жанрлы  саз  өнеріміздің  ішінде  жұлдыздай 
шашырап  жатқан  музыкалық  аспаптардың  аталуы,  сол  аспаптардың  дыбыстық 
ерекшеліктеріне  орай  небір  сұлу  сурет,  әдемі  теңеулердің  келтірілуі  рухани 
мұраларымыздың  біте  қайнасқан  синкретті  сипатына,  этникалық  мәдениеттің  өмір 
сахнасындағы біртұтас қуат күшіне жарқын айғақ. 
Қазақтың  музыкалық  мұрасы  да,  оның  ішінде  аспапты  музыкасы  –  күйлері  де 
шежіре, оқиғалы әңгімелермен тікелей байланысты орындалады. Кез келген күйдің шығу 
себебін,  аңыз  әңгімесін  нақышына  келтіре  айтып  алмай,  әйтеуір  күй  тарта  жөнелу  күй 
тартушы үшін тыңдаушы алдында үлкен әбестік болған. 
Ел,  халық  біртұтас  тарихи-әлеуметтік  феномен  болғандықтан,  оның  рухани  әлемі 
де  сол  халықтың  барша  тағдыр-талайымен  біртұтастықта  қарастырылуы  қажет,  олай 
болса,  академик  Ә.  Марғұланның  қазақ  эпостарын  тектегенде  қолданған  тарихи 
кезеңдері музыкалық фольклорымыз үшін де ұрымтал кілт бола алатынына күмән жоқ. 
Халық күйлері біздің жыл санауымызға дейінгі дәуір мен біздің заманымыздың ілкі 
ғасырлары аралығын қамтиды. Бұған Еуразияның ұлы даласындағы көшпелілер арасына 
ислам  діні  тарағанға  дейінгі  қиял-ғажайып  тақырыптарға  арналған  күйлер,  сарындар, 
жаугершілік кезеңдерде ел есінде қалған айтулы батыр, ақылды ару, ерге серік болғандай 
қанатты  пырақ,  киелі  жануарлар  туралы  күйлер  жатады.  Бұл  реттен  «Қос  мүйізді 
Ескендір»,  «Көк  төбет»,  «Көк  бөрі»,  «Аққу»,  «Сарын»,  «Өгіз  өлген»,  «Тарғыл  бұқа» 
сияқты күйлерді атауға болады. Бұлардың қай-қайсысы да көне сөз сарындарымен ғана 
емес, қосарлана айтылатын аңыз-әңгімелермен де алыс заманаларды меңзейді. Мейлінше 
көне ұғым-түсініктерді тілге тиек етеді. Қазақта «бақсы Тәңірімен тілдес» деген сөз бар, 
яғни,  қазақ  ұғымында  бақсы  Тәңірмен  арадағы  дәнекер.  Тәңірлік  дін  бойынша 
микрокосмостан  бастап  макрокосмосқа  дейінгі  дүние-тіршіліктің  барлығының  иесі  – 
Тәңірі. Сондықтан да көшпелілер Тәңіріні көбінесе шексіз табиғат, көк аспан ұғымымен 
астастырады. Өсімдіктен бастап жан-жануарларға дейін, табиғат құбылыстарынан бастап 
аспан денелеріне дейін, табиғат құбылыстарынан бастап аспан денелеріне дейін баршасы 
бір  ғана  Тәңірілік  ұғыммен  идеалдандырған.  Яғни,  дүние-тіршіліктің  баршасы 
«Заттанған  ақиқат»,  баршасы  бақ  пен  сордың  себепшісі  бола  алады.  Күнге,  айға, 
жұлдызға табыну, жерге, отқа, суға сыйыну, аң мен құсты пір тұту қазақтардың наным-
сенімінде  күні  бүгінге  дейін  сақталған.  Тәңірілік  наным-сенім  көшпелі  өмір  салттағы 
қазақтардың  арасында  негізінен  тыйым  түрінде  көрініс  тапқан.  Мәселен:  суға  түкірме, 
көкті баспа, отты айналма, жұлдыз санама, күлді баспа, таңдай қақпа, басыңды шайқама 
т.б.  Тыйым  түріндегі  тәңірілік  наным-сенім  көбінесе  экосистермен  жарастықта  болуда, 
моральдық этикалық нормаларды реттеуде елеулі рөл атқарады. 
Көне  кездегі  наным-сенімнің  ізі  байырғы  күйлеріміз  бен  аңыз-әңгімелерден 
сезіледі. Әсіресе, жан-жануарларға арналған күй аңыздары тәңірілік сенімді таза күйінде 
жеткізгенін  аңғару  қиын  емес.  Көне  ұғым-түсінік  бойынша,  ең  ұшқыр  самұрық  құс  – 
алғырлықтың,  алапат  күштің  иесі,  аш  баланың  алдынан  шығатын  киелі  аққу  – 
мейірімнің,  сұлулықтың  иесі,  көк  өгіз,  тарғыл  бұқа  болса  –  тіршіліктің  тірегі  ретінде 
бейнеленеді. Ал бөріні  пір  тұту, оны құпия күш санау қазақ арасында бертін келгенше 
сақталған. Әлі күнге дейін қазақ малшылары қасқырдың атын атамай, «ит-құс», «бөрі», 
«көкжал» дейді.  
Келесі  дәуір  –  оғыз-қыпшақ  кезеңінің  күйлері.  Оған  Қорқыт  атаның  сарындары 
«Абыз  толғауы»  сияқты  күйлер  жатады.  Бұл  Орта  Азия  алабындағы  жауынгер 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
34 
тайпалардың өмір салты, тарихи тағдыры ортақтасқан, жан-жағынан анталаған Тарғаш, 
Қызылбас, Ұрым сияқты іргелі елдердің қомағай ниетіне қасқайып қарсы тұра бастаған 
сыны  мол  шақ  еді.  Соған  орай  туған  музыкалық  мұралардың  айрықша  сипаты,  сарын-
сазы аңғарылады. Елдің бірлігі, ердің табандылығы, өмірдің мәні, бақыттың баяндылығы 
сияқты алапат-асқақ тақырыптар күйге арқау болып отырады. 
Осы  күйлердің  қай-қайсысы  да  өзінің  тарихи  ұғым  түсінігімен,  арқау  болған 
тақырыптарымен  «Оғызнама»,  «Баба  қорқыт»  кітаптарындағы  әңгіме  арасымен 
сабақтасып  жатады.  Әрине,  мұны  кездейсоқтық  деп  қабылдауға  болмайды.  Тарихи 
деректер  бойынша  VІІ-Х  ғасырлардағы  оғыз-қыпшақтардың  мекен-тұрағы  ғана  бір 
болып  қоймаған,  тарихи  әлеуметтік  тіршілік-тыныстары  да  біте  қайнасып  жатқан. 
Оғыздар  –  қазақ  халқының  этникалық  тұтастыққа  көрініс  табуына  ең  негізгі  ұйытқы 
болған түркітектес тайпалар одағы еді. 
ХІ ғасырда оғыздардың шырқының бұзылуынан этникалық үрдістің бір басы орыс 
даласына  барып  түсті,  салжұқтар  билеген  бір  сынығы  Алдыңғы  Азия  елдерін 
ығыстырды,  енді  бір  сынығы  Еділ  бойының  татарларымен,  келесісі  Оралдың 
оңтүстігіндегі  башқұрттармен  сіңісіп  кетті.  Быт-шыты  шыққан  кәрлен  кесенің  ең  мол 
сынығы сол түскен жерінде қалды. «Ғұздар мен қыпшақтар кезеңіне қатысты батырлық 
эпостар,  аңыз  әңгімелер  негізінен  Қазақстан  территориясында  туған  және  бұл 
тайпалардың Орталық Қазақстан мен Сырдария арасындағы байтақ далада көшіп жүрген 
кезінде  туған».  Сондықтан  да  «Қорқыт»,  «Алпамыс»,  «Алдар  көсе»  сияқты  айтулы 
образдар  өзге  өңірлерге  қарағанда  Қазақстан  даласында  айқын  сақталған,  –  деп  жазды 
Әлкей Марғұлан. 
Оғыз-қыпшақ  кезеңінен  жеткен  күйлер  өзінің  аңыз-әңгімесінің  тарихи 
сәйкестігімен  де,  Қорқыт  сияқты  тарихи  тұлғаның  өмір  шежіресімен  де  рухани 
мұрамыздың генезисін нақтылай түседі. 
Келесі саты – ноғайлы кезеңінің күйлері. Оғыз-қыпшақ заманының аласапыраннан 
кейінгі  қазақ  даласындағы  рулық-тайпалық  тұтастану,  Алтын  Орда  сияқты  айтулы 
мемлекеттің  бой  көтеруі  осы  кезеңдерге  тұспа-тұс  келеді.  Тек  ол  ғана  емес  ілгері 
ғасырлар  талқысында  тарихи  тағдырын  ортақтастырған  далалық  ру-тайпалардың  саяси 
одақ құрып, бір-бірімен біте қайнасып, «қазақ» деген кең мағыналы этникалық атаумен 
тарих сахнасына шыға бастаған кезеңі осы тұс. Сондықтан да елдің өзін-өзі тұтастықта 
тану  санасы  мейлінше  шыңдалғанын,  бір  рудың  қырбайлығы  тұтас  елдің  қабырғасын 
қайыстыратынын,  ел  шетіне  найзаның  ұшы  көрінсе  тұтас  ел  болып  ереуілдейтінін, 
әсіресе  фольклорымыздан  айқын  аңғарамыз.  Бір  сәт  зер  салып  көрелік:  «Ер  Төстік», 
«Жиренше шешен», «Алдар көсе» сияқты ертегі аңыздар. 
Ноғайлы  кезеңінде  туған  музыкалық  мұраларымыздың  санатына  «Жошы  ханның 
жортуылы»,  «Шор  батыр»,  «Әмір  ақсақ»  халық  күйлерімен  бірге  Кетбұғаның  «Ақсақ 
құлан»,  Асанқайғының  ел  айырылған,  Қазтуғанның  сағыныш  күйлерін  жатқызуға 
болады.  Яғни  жойшы  ұлысының  шаңырағы  шайқалған,  Асанқайғының  ел  айырылған, 
Қазтуғанның сағыныш күйлерін жатқызуға болады. Яғни, жойшы ұлысының шаңырағы 
шайқалған  кездегі  елдің  шамырқануы,  ердің  ширығуы,  ру-тайпалар  арасындағы 
жарықшақтың салқыны күй тілінде айрықша бейнелілікпен көрініс тауып отырған. 
Жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  күйлер  ХVІ  ғасырдың  алғашқы  жартысынан 
бастап  қазақтар  мен  ойрат  феодалдарының  арасындағы  бәсеке  бақастық  осы  екі 
халықтың екі ғасыр бойы бітпес дауына, бітпес шайқасына ұласты. 
Қазақ-жоңғар арасындағы шиеленістің ең ширыққан сәті  1723 жылғы қырғын еді. 
Бұл  қырғын  соғыс  қазақтар  үшін  «Ақтабан  шұбырынды,  алқакөл  сұлама»  деп 
аталғанымен,  жоңғардың  босқыншы  феодалдарына  қарсы  жүргізген  азаттық  күресінің 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
35 
 
бастауы  болатын.  Міне,  осынау  екі  ғасырға  созылған  аласапыран  халықтың  сан  сала 
рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. 
Осы  тарихи  күйлер  өзінің  әуен  сазы  жөнінен  тілі  бедерлі,  сезімге  бай  келеді.  Бір 
қуаныш,  бір  қайғы  итжығыс  түскен  заманның  мың  сан  көрінісі  өнер  тілінде  де  алуан 
өрнекпен  алдыңнан  шығады.  Әсіресе,  күйлердің  белгілі  бір  тарихи  оқиғалармен 
сабақтастығы,  нақтылы  тұлғалар  өміріне  арнаулы  деректілігімен  иландырып  отырса, 
соған үндес музыкалық тілі де айтқыш, бейнелегіш қасиетімен баурайды. 
ХVІІІ-ХІХ  ғасырларда  және  ХХ  ғасыр  басында  туған  күйлер  көркемдік-
эстетикалық  құбылыс.  Бұл  кезеңнің  рухани  мұраларында  саяси-әлеуметтік  сарынның 
мейлінше  айқын  көрініс  тауып  отыратынын  алдымен  атау  қажет.  Әсіресе,  ұлттық 
дербестіктен  айрылған  халықтың  хан-сұлтандарға,  бай-патшаларға  деген  көзқарасы, 
көңіл-күйі,  олардың  арасындағы  әлеуметтік  айырмашылықтың  ұлғаюы  жалпы  рухани 
мұрамызда, оның ішінде ән-күйлерімізде тайға таңба басқандай сайрап жатыр. 
Бұл  кездейсоқ  құбылыс  емес.  Халық  біртұтас  болғандықтан  оның  тарихи 
тағдырындағы  шарықтаулар  мен  құлдыраулар  сол  халықтың  рухани  әлемін  тұтас 
шарпып отырады. ХІХ ғасырда қазақ халқы бейне бір шабыт тұғырына мінгендей рухани 
мәдениеттің барлық саласында бірдей жаңғыра түлеуді бастан кешті. Және бұл түлеудің 
ғұмыры  мейлінше  қысқа  болды.  ХІХ  ғасырдың  орта  тұсындағы  екі-үш  ұрпақты 
қамтитын  осынау  рухани  түлеу  өзінің  қысқа  мерзіміне  қарамастан  қазақ  халқының 
этникалық  мәдениетін біржола  қалыптастыра  алды.  Өткен  ғасырдың  орта  тұсында  бас-
аяғы 40-50 жылдың ішінде дүниеге келген тұлғаларды көктей шолып көрелік: Қорқыттан 
кейін  мың  жыл  бойы  тістеген  қобызға  дейін  жандырып,  бақсы-балгердің  қолынан 
Ықылас сияқты күйші-композиторлардың қолына көшті. Қысқасы, ХІХ ғасырдың 20-70 
жылдар  аралығында  қазақ  халқының  ұлттық  этникалық  мәдениетін  мейлінше  даралап, 
төлтума қасиетін біржола айқындап берді. 
Қазақ  даласындағы  көшпелілер  рухының  әбден  жасуы  қазақ-қалмақ  арасындағы 
қанқақсап қақтығысына байланысты болса, оның түпкі себебі – қос бүйірден тықсырған 
Ресей мен Қытай сияқты алпауыт елдер болатын. 
Осындай  жағдайда  қазақ  халқының  рухани  түлеуі  ХІХ  ғасырдың  Орта  тұсында 
қалайша  мүмкін  болды  деген  сұрақ  туады.  Мұның  алғышарты  1731–1822  жылдар 
аралығындағы протектарат кезеңінде жасалған еді. Себебі, бұған дейінгі сан ғасыр бойы 
бір  күн  найзасын  жастанбай  тыныш  ұйықтап  көрмеген  қазақ  халқы  патшалық  Ресей 
империясына  бодан  болған  соң,  сыр  дұшпанға  алаңдауын  қойып,  өзінің  көшпелі  өмір 
салттағы рухани стихиясымен қауышты. 
Халқымыздың биік мәдениетіне айғақ  бола алатын рухани текті  арналарымыздың 
бірі – дәстүрлі музыка болса, мұның өзі өкінішке орай соңғы елу-алпыс жылдың аясында 
сыртқы өктем күш өнерінің өзімшіл шетқақпайына ұшырап, әбден титықтаған күйі бар. 
Ендігі  сөз  осынау  халықтық  дәстүр  шеңберінде  қалыптасқан  күйшілік  үрдісті 
педагогикалық процеске ендірудің маңыздылығы туралы болмақ. 
Бұл жұмыста біз күйшілік дәстүрдің тарихи негіздері мен тәрбиелік сипатын ашып 
көрсетуді  мақсат  тұттық.  Күй  шығармалары  бізде  музыкалық  тұрғыдан  біршама 
зерттелген.  І.  Аравин,  Ө.  Мұхамбетова,  Е.  Жанұзақова,  У.  Бекенов  секілді  бір  топ 
зерттеушілер күй табиғаты туралы азды-көпті пікірлер білдірген.  
Бірақ  күйшілік  өнердің  педагогикалық  сипаты  бізде  әлі  күнге  арнайы  зерттеліп 
қарастырылмаған.  Орта  мектеп  бағдарламаларында  күйлердің  тәрбиелік  мәні  емес, 
көбіне бір ғана эстетикалық сипаты қарастырылуда. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
36 
Бүгінде күй өнеріне бір ғана эстетикалық құбылыс ретінде қарау жетімсіз. Себебі 
күйшілік өнер – ғасырлар бойы ұстаздан шәкіртке беріліп келе жатқан өзінше бір тәрбие 
мектебі.  Демек,  күйдің  халықтық  педагогикамен  сабақтастығы  да  айқын.  Оны  ғылыми 
негізде зерттеп, дәлелдемей жатып, орта мектептегі музыка сабағының бағдарламасына 
енгізу асығыстық болар еді. 
Бір  ғана күй емес, жалпы музыка өнерінің тәрбиелік маңызын зерттеу педагогика 
ғылымының алдына жаңа міндеттер жүктейді. Бұрынғы қалыптасып қалған ескі арнамен 
тарта бермей, оқушыларға эстетикалық, педагогикалық тәрбие берудің жаңа арналарын, 
тың көздерін ашудың да кезегі жетіп отыр. Біздің көздеген мақсатымыз осы. 
Орта  мектеп  бағдарламасында  күй  шығармаларының  тәрбиелік  маңызын  қамтып 
көрсету  –  бүгінгі  күннің  жаңа  талабы.  «Мынау  күй»  деген  құрғақ  анықтамалық 
ақпарнамадан  оның  тарихи  арналары  мен  тәрбиелік  негіздерін  сөз  еткен  тиімді  болуға 
тиіс.  Басқасын  былай  қойғанда,  күйшілік  дәстүрдің  өзі  де  тәрбие  мектебі  екенін  неге 
айтпасқа. Сол тәрбие мектептерінің өнер шеңберіндегі ерекшеліктерін, жалпы халықтық 
педагогикамен  тоғысатын  тұстарын  ашып,  ғылыми  негізде  қарастыру  мектеп 
бағдарламаларына соны серпін, тосын тақырып әкелер еді. 
Міне, біздің қарастырған мәселеміздің басты педагогикалық сипаты осында. Бұл да 
педагогика ғылымының өзекті мәселелерінен саналады. 
Күй  халық  мұрасы  десек,  күйшілік  дәстүр  халық  педагогикасының  жемісті  бір 
бұтағы.  Осы  негізде  барып  біз  күйшілік  өнердің  табиғатын,  тәрбиелік  негіздерін 
тереңірек игеретін боламыз. 
Педагогика ғылымының алдында тұрған жаңа міндеттердің бірі осы болуға тиіс. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Жұбанов А. Замана  бұлбұлдары. – Алматы, 1947. 
2.
 
Сейдімбеков А. Қазақтың  күй  өнері. – Астана, 2002 . 
3.
 
Сейдімбеков А. Қазақ күйлерінің аңыздары. Автореферат. – Алматы, 1997.  
4.
 
Қоңыратбаев Ә. Қазақ  фольклорының  тарихы. – Алматы, 1991.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
Ахметжанова Д.С., и.о.доцента  
Муканова А. Б., старший преподаватель, 
 (г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
КУЙ – ДРАГОЦЕННОЕ НАСЛЕДИЕ, КОТОРОЕ ОСТАЛОСЬ ОТ НАРОДОВ 
 
В данной статье рассматривается роль культурного наследия казахского народа в 
художественно-эстетическом воспитании молодого поколения. И в этой связи огромное 
значение имеет по праву, искусство кюя.  
Ключевые слова: искусство кюя, традиционная музыка, урок музыки, программа. 
 
 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
37 
 
SUMMARY 
 
Ahmetzhanova D.S., Acting Associate Professor 
Mukanova A.B., senior lecturer, 
(Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
KUI – A PRECIOUS LEGACY THAT REMAINS FROM THE PEOPLES 
 
This article examines the role of the cultural heritage of the Kazakh people in the artistic 
and  aesthetic  education  of  the  younger  generation.  And  in  this  regard  is  of  great  importance, 
rightly, art kui. 
Keywords:  art  of  kui,  traditional  music,  the  music  lesson,  the  program,  musical 
instruments of Kazakh people. 
 
 
 
ӘОЖ  78 
 
ҚОБЫЗ САРЫНЫ – ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨЗІ 
 
                                                                                     С.М. Байжанова, аға оқытушы  
                                                                                    (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
                                                                                    қыздар педагогикалық университеті) 
                                                                                                                                                            
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  қобыз  аспабының  туу,  даму  белестері,  оның  халық 
мәдениетінен алатын орны қарастырылды. 
Түйін сөздер: қобыз, прима-қобыз, шығармашылық әрекет. 
Қоғамдағы  білім  беру  саласында  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер 
шығармашылық  қабілеті  жоғары,  қажетті  жағдайда  айрықша  шешім  қабылдай  алатын, 
жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаның  алдына  үлкен  талаптар  қояды.  Осы  орайда 
музыкалық  аспаптарда  ойнау,  жалпы  өнер  арқылы  тәрбиелеу  міндеттері  тек  оны 
игерумен  шектелмейді,  сонымен  қатар  өнер  табиғатына  сай  шығармашылық 
белсенділікті қалыптастыру болып табылады. 
Кез  келген  халықтың  өзіне  тән  ұлттық  мәдениеті,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
тарихи-этнографиялық  ерекшеліктері  болады,  солардың  басты  бір  арнасы  –  музыка. 
Музыка  әлемі  –  адамзат  мәдениетінің  байлығы  ішіндегі  мұхиттай  шексіз,  ғажайып 
дүние.  Ұлы  ойшыл  әл-Фараби  жазғандай:  «Музыка  –  жақсы  мінез-құлықты,  адамның 
қоғамдық  мұраттарын  қалыптастыруда  елеулі  рөл  атқарады.  Эстетикалық  сезімдерді 
туғызу  арқылы  адамның  өзін-өзі  тәрбиелеуіне,  бойындағы  нашар  қасиеттерден 
арылуына ықпал етеді» [1]. Расында, музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі және 
тілімен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. 
Әрбір халықтың атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұрасы  – аспаптық 
музыка  десек,  сондай  ұлттық  аспаптар  өмірге  жайдан-жай  келмегені  айдан  анық.  Ол 
адамның  жан  дүниесінің  ішкі  сезім  иірімдерін  білдіру  қажеттілігінен,  әр  халықтың 
тұрмыс-тіршілік,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпына  орайласа  туындап  отырған.  Адам  баласы 
сөзбен,  ән-өлеңмен  айтып  жеткізуге  болмайтын  сырлы  да  күрделі  сезімдерін  сыртқа 
шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шығарған. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
38 
1960  жылға  дейін  бізге  белгілісі  негізінен  небәрі  төрт  қана  аспап  болатын.  Олар: 
домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  сырнай.  Соның  ішінде,  көбінесе,  домбыра  мен  қобыз  ғана 
қолданылып келген. Уақыт өте бұл қатар кеңейіп, толықтырылды. 
Халықтың  музыкалық  мұрасын  жинап  теріп,  оны  зерттеу  жолында  артына 
ұмытылмас  із  қалдырған  Б.  Сарыбаев  сынды  ғалымдардың  ұлан-ғайыр  еңбектері 
халқымыздың игілігіне жарап жатыр. Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы 
мен ерекшеліктері  професссор Б.Ш.  Сарыбаев еңбектерінде  кеңінен баяндалған. Қазақ 
оргонологиясының  негізін  қалаған  Б.  Сарыбаев  дарынды  аспаптанушы,  тамаша  ұстаз, 
өзімен  пікірлес  студент-шәкірттері  мен  аспапшы-шеберлердің  басын  қосып,  қалпына 
келтірілген көне аспаптардан  қоғамдық негізде шағын студенттік ансамбль құрды. Оның 
еңбектерінде көптеген көне аспаптармен қатар қобыз аспабына да елеулі орын берілген.   
Қобыз  –  қазақ  халқының  музыкасынан  ерекше  орын  алатын  аспап.  Мыңдаған 
жылдар  бойы  халық  қобыз  аспабын  киелі  санап,  оны  құдіретті  күшке  балаған.  Қобыз 
дәстүрі  шамандық  нанымның  бақсылар  типінің  пайда  болуымен  тығыз  байланысты. 
Қобыз  аспабының  тарихы  тек  қана  бақсылық  дәстүрмен  шектелмейді.  Ол  жыраулар 
шығармашылығынан  да  үлкен  орын  алған.  Бізге  жеткен  қобыз  күйлері  халқымыздың 
дәстүрлі мәдениетімен тамырласып жатыр.  
Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан аспабы – қылқобыз. Қылқобыз 
деп аталатын себебі, оған екі қыл тағылады. Бірқатар қобыз күйлерінде қасқырдың ұлуы, 
аққудың сұңқылы, мылтықтың дыбысы, аттың шабысы сияқты түрлі дыбыстарға еліктеу 
тән. Қобыз шығармаларының тағы бір тобы – эпикалық тақырыпқа арналған күйлер. Бұл 
күйлер  шағын-шағын  бірнеше  бөлімнен  тұрады.  Күй  аңызындағы  оқиғаларды 
суреттейтін  бұл  эпизодтар  бертін  келе  аңыз-әңгімелері  ұмытылған  соң  тек  музыка 
бөлімдері  ретінде  сақталып  қалған  тәрізді.  Сонымен  қатар  әр  бақсының  зікір  салғанда 
қолданатын сарындары музыка мәдениетімізде ерекше орын алады. 
Ұмытыла  бастаған  өнерді  зерттеп,  оның  бар  қасиет-қадірін  халыққа  жеткізе  білу, 
сыр-сипатын  ашып  көрсету  –  өскелең  ұрпақ  үшін  өнегелі  іс,  ардақты  да  асыл  парыз 
болып табылады.  
Қобызда  ойналатын  күйлердің  бірі  –  «Башпай».  Аңыз  бойынша  «Башпай» 
Қорқыттың  өмірінің  соңында  шығарған  ақырғы  күйі  екен.  Күндіз-түні  күй  тартып, 
өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен 
кейін бойы маужырап, көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып 
ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның 
уы  бойына  жайылып,  әлсіреп  бара  жатқан  Қорқыттан  Әзірейіл:  «Қандай  тілегің  бар?» 
деп сұрайды. Сонда Қорқыт: «Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі – өлімнен қырық бір 
жыл  бойы  қаштым.  Кілем  жайып,  Сырдың  бетінде  отырғанда,  бірде  алай-түлей  дауыл 
тұрған  еді.  Сол  кезде  қарындасыма  башпайым  тиіп  кеткен  болатын,  екінші  күнәм  сол. 
Сол  себепті  мені  көмгенде  осы  екі  башпайымды  ашық  қалдырыңдар»,  –  деп  қобызын 
қолына алып, ең соңғы «Башпай» күйін тартқан екен [2]. 
Қобызға арналып шығарылған күйлер ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді. Қобызды 
қазақ халқының ерекше музыка аспабы деп қастерлегенін Қорқыт бабамыздың теңеуінен 
байқауымызға да болады: 
Таусылғанда амалым, 
Нақыл болған қобызым. 
Шағылғанда табаным, 
Ақыл берген қобызым. 
Қазақта неше мың күй болса, оның қосарлана айтылатын сонша аңыз-әңгімесі бар. 
Қобыз,  домбыра,  сыбызғы,  жетіген,  шаңқобыз  сияқты  музыкалық  аспаптарымызда 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
39 
 
тартылатын  мың  сан  күйлер  бірде-бір  себепсіз  шықпаған.  Бұл  аңыз-әңгімелер 
тартылатын  күйлердің  музыкалық  мән-мағынасын,  әуендік  ерекшелігін,  иірім-
қағыстарын  дұрыс  түсінуге  себепші  болумен  бірге,  халқымыздың  тарихи-әлеуметтік 
өмірінен мол мағлұмат береді. Күй аңыздар өзінің нақтылығымен, шынайы өмірді арқау 
етуімен халық тарихының ең бір жанды шежіресі болып табылады. 
Бүгінгі қазақ музыкасында қылқобызбен қатар қобыз-прима да қолданылып келеді. 
Олардың ерекшеліктері аспаптардың бұрауы ғана емес, жалпы құрылымында. Мысалы,  
қылқобыздың  шанағы  ожау  тәрізді  қуыс,  бет  жағы  ашық,  түбі  көнмен  қапталған.  Ал 
прима-қобыздың  шанағы  жабық,  түбі  көнмен  қапталған.  Кейінгі  қобыздарда  түбіндегі 
қапталған көн де алынып тасталған.  
Қылқобыздың  ішегі  аттың  қылынан  тағылса,  қобыз-примада  сым  ішек 
қолданылады.  Алғашқы  қобыздар  үш  ішекті,  кейін  классикалық  аспап-скрипканың 
ішектері тағылып, төрт ішекті қобыз-прима болып қалыптасты.  
Табиғатына байланысты аспапта ойнау тәсілдері де ерекше. Мұнда скрипка секілді 
дыбыс  ішекті  грифке  тигізіп  шығарылмайды.  Дыбыс  шығару  мойында  тағылған 
ішектерді бойлай тырнақтың сырт жағын ішекке тигізу арқылы жүзеге асырылады. Осы 
себепті, қобыз  кейбір аспаптар тәрізді жылдам меңгеруге көнбейтін аспап. 
Қобыз-прима өзінің дыбыс бояуымен оркестрдің үнін байытуға үлес қосып келеді. 
Оның  әуендік,  техникалық  мүмкіндіктерін  толық  пайдалануға  болады.  Қобыз-прима 
оркестрде  екі  партияға  бөлінеді:  мелодиялық  дауысты  бірінші,  гармониялық 
үндестіктерді екінші қобыздар ойнайды. 
Яғни,  кешегі  қылқобыз  бүгінгі  жаңа  сипатқа  ие  болып,  ұлт  аспаптар  оркестрінде 
кеңінен қолданыс тауып келеді. Ұлттық музыкамыздың бір қасиеті осында. 
Халқымыздың басынан кешкен қилы дәуірі, тағдыры мен тарихы қобыз сарынында 
сақталып, қобызға арналып шығарылған күйлер ғасырдан-ғасырға жалғасып келеді.   
Алғашқы қылқобыз өнері халқымыздың дәстүрлі мәдениетімен тамырласып жатыр.  
Бақсы  мен  жыраулардың  салттық  құрылуына  айналуы  қобыз  өнерінің  даму  жолына  өз 
әсерін    тигізді.  Қобыз  бақсылардың  зікір  салу  кезінде  демеуші  әруақтармен  байланыс 
орнататын  негізгі  құралы  болды.  Бақсы  өзінің  сарындарын  сұңқылдата  тартып, 
асатаяғын  сілкіп,  адам,  тайпа,  елдің  тағдырын  болжаса,  жыраулар  ұрыстың  ақырын 
болжаған.   
1936 жылдың көктемінде Мәскеуде өткен қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігіне 
қатысқан оркестрдің шығармашылық, орындаушылық шеберлігін шыңдау жағынан ғана 
емес,  оркестр  құрамын  бірқатар  жаңа,  дамытып  жасалған  музыкалық  аспаптармен 
толықтыру жағы да іске асырылды. Әртүрлі үлгіде жасалған этнографиялық нұсқадағы                                            
домбыралардан ғана тұрған ансамбльдің қатарына аз уақыт ішінде қылқобыздан қобыз-
прима, қобыз-альт, қобыз-бас аспаптары жасалып, оркестр құрамына енгізілді.    
А.Қ.  Жұбановтың  жетекшілігімен  өнер  сахнасында  келе  жатқан  қазақ  оркестрінің 
болмыс-бітіміне  ресейлік  В.  Андреев  оркестрінің  тигізген  ықпалы  зор.  Атап  айтсақ, 
ұлттық  қобыз  бен  домбыра  аспаптары  нұсқаларының  еуропалық  үлгіге  түсуіне  себеп 
болды.  Қазақ  оркестрінің  аспаптандыру,  тәжірибеге  енгізу  ісінде  А.  Ермеков, 
И.Романенко секілді  қолөнер шеберлерінің еңбектері зор.  
Бүгінгі  таңда  қобыз-прима  өзіндік  қайталанбас  нәзік  сазды  үні  оркестр  бояуын 
ұлттық нақышта тылсым сезімге баураса, жеке орындауда да техникалық мүмкіндіктерге 
бай әлем классикалық шығармаларын ойнау мүмкіндіктеріне ие болған аспап. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
40 
Қобыз-прима аспабының техникалық мүмкіндіктері, ойнау тәсілдері өсіп дамыған 
кез.  Аспапқа  лайықтап  түсірілген  танымал  күйлермен  қатар  арнайы  кәсіби  деңгейде 
шығармалар жазатын композиторлар да көптеп табылады.   
Ұлттық  өнеріміз  бен  мәдениетімізде  музыка  оқу  орындарында  қобыз  аспабының 
алатын орны ерекше. Қобыздың түрі мен үлгісін терең оқыту, жоғарғы деңгейде меңгеру  
даму үстінде.  
Жалпы ұлттық музыканы насихаттау барысындағы педагогикалық процесс үздіксіз 
шығармашылық  ізденіспен  байланысты  десек,  ол  да  болса  оқытушы  мен  студенттің 
ұйымдасқан  ұжымдық  ұмтылысын  қажет  етеді.  Музыка  мүғалімінің  шығармашылық 
қатысының тиімділігі мен нәтижесінің негізгі мүмкіндігі – жүйелілік, орындау реттеліп,   
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. 
Шығармашылық  іс-әрекет  –  күрделі  үғым,  оны  танымның  жоғарғы  сатысы  деп 
білеміз. 
Ғалым-ізденушілердің 
еңбектерінің 
қорытындылары 
көрсеткендей, 
оқушылардың музыкалық  аспаптар жайындағы алған білімдері  мен  оны еркін қолдану, 
олардың өзіндік шығармашылығын дамыту, оның кеңдігі, ыңғайлылығы, тиімділігі мен 
нәтижелігі проблемалық ситуация ерекшеліктеріне енгізу музыка мұғалімінің біліктілігі 
мен  тәжірибесіне  тікелей  байланысты.  Оқушылардың  музыкалық  аспаптарда  ойнау 
қабілетін  қалыптастырудың  негізгі  түйіні  –  танымның  логикалы,  интеллектуалды, 
сезімді-бейнелі жағына байланысты. 
Сонымен,  шығармашылық  үрдістегі  маңызды  бағыт  –  музыкалық  аспаптарда 
ойнауды  былайша  түсіндіруге  болады:  қабылданар  деректерді  еркін  таңдау,  саралау, 
жүйелілеп  жеткізу,  соның  негізінде  қорытынды  жасау,  жобалау,  қайта  оқыту,  сонымен 
қатар аспаптарға қатысты таным нәтижесін практикалық тұрғыда қолдану. 
Жалпы, музыкалық аспаптарда ойнау білім алушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, 
сезімталдыққа, адамгершілікке баулиды, оның тәрбиелік мәні өте зор. Оқушылар әдетте 
өздері  қолдарына  ұстап,  ойнап  отырған  аспап  туралы,  тыңдау  үшін  орындалған 
музыкалық  шығарма  туралы  әңгіме  басталса-ақ  болғаны  елең  етіп,  үлкен  ынтамен 
тыңдауға кіріседі. Ендеше балалар сабақта тек ән айтып, аспаптарда ойнап қана қоймай, 
музыка  әлемінің    сырын  ашып,  саз  маржанын,  әңгіме  маржанын  шашу  үшін  үлкен 
ізденгіштік қабілет керек. 
Уақыт алға басқан сайын, оқыту мәселесіне жаңа талаптар қойылу барысында оқу-
тәрбие үрдісінде үздіксіз шығармашылық жұмыс жаңалана бермек. Ал ол болса, музыка 
маманына  жоғарғы  музыкалық  талғамды,  шығармашылық  ізденісті,  тынымсыз 
музыкалық жаттығуды, еңбектенуді қажет етпек. 
Жалпы, жастарды музыка өнеріне баулуда ұлттық музыкалық мұрамыздың, соның 
ішінде қобыз сарындарының алатын орны ерекше демекпіз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет