Музыка – music әож 78



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата15.02.2017
өлшемі2,05 Mb.
#4162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1. Краснощеков В.И. Поэтический текст в хоровом пении. – М., 1972. 
2. Курбанов Б.О. Взаимосвязь музыки и литературы. – Баку,1972. 
3.  Лукьянов  Т.Н.  Работа  над  раскрытием  художественного  содержания  песни  на 
уроках пения. – М., 1966. 
4. Астафьев Б.В. Музыка как процесс.–Л.; Музыка. 1971. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Айтжанова Ж.Н., аға оқытушы 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) 
 
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС, СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ НЕГІЗГІ 
ШАРТТАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ 
Әдеби  және  музыкалық  мәтіннің  арақатынасы  және  үйлесімділігі.  Бұл  мақалада 
осы  өнерлердің  байланыс  табиғаты  пәнаралық  болып  табылатын  эмоционалды-
танымдық іс-әрекеттің негізгі шарттарының бірі ретінде қарастырылады. 
Түйін сөздер: Пәнаралық байланыстар, мектеп әндері, хормен ән салу. 
 
SUMMARY 
 
Aytzhanova Zh.N., senior Lecturer 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University

 
INTERDISCIPLINARY COMMUNICATION AS A NECESSARY CONDITION 
FOR THE FORMATION OF READINESS OF STUDENTS IN CREATIVE 
TEACHING ACTIVITIES 
Relationship  and  interpenetration  of  literary  and  musical  tekstov.Сonnection  i  between 
the arts in this article are regarded as a necessary condition for emotional and cognitive activity 
which by its nature cross-curriculum. 
Keywords: Interdisciplinary communication, school song, choral singing. 
 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
14 
ӘОЖ 7.03(= 512.122) 
 
ЖАСТАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ 
ЖОЛДАРЫ 
 
                               Ғ.Т. Акимбаева, аға оқытушы 
 (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Қазақ  этномәдениетінде  әр  әлеуметтік  топтың  қоғамдағы  рөлі  арнайы 
қарастырылған. Жастар қарым-қатынасын қалыптастыру мен дамыту қандайда дәстүрлі 
мәдени әрекеттері арқылы атқарылады. Халықтың рухани байлығы – ұлттық мәдениетті 
қалпына  келтіру,  оны  тәуелсіз  Қазақстан  Республикасының  азаматтарының  игілігіне 
асыру,  адам  өміріндегі  мәдениеттің  маңызын  көтеріп,  соған  сәйкес  қоғам  мәдениетінің 
өркендеуіне  жағдай  жасап,  өркениеттілікке  кірігу  процесінде  әрбір  тұлғаның  жалпы 
адамзаттық-мәдени құндылықтарды меңгеруіне жол ашу. 
Түйін  сөздер:  мәдениет,  салт-дәстүр,  ойын-сауық,  қарым-қатынас,  қарым-катынас 
мәдениеті. 
Өз егемендігіміз өзімізге тиіп, іргелі ел, тәуелсіз мемлекетке айналған кезде қазақ 
халқы мәдениетінің шынайы рухани қазыналарын ашып көрсетуге негіз қаланды. Білім, 
ғылым,  мәдениет  саласындағы  «ақтаңдақтардың»  бетін  ашып,  көне  мәдениетімізге 
тереңірек үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау, оны бүгінгі ұрпақтың 
рухани жемісіне, қажеттілігіне айналдыру мәселесі – қазіргі уақыттың талабы. 
Біздің халқымыз  – әсемшіл халық, рухани  мәдениет  жасауды басты  міндеттерінің 
бірі деп санайтын халық. Сол үшін жаңа өмірдің жарқын сипатын, сұлу сымбатын, жаңа 
қоғамның  моральдық  қасиетін  уағыздауымыз  керек.  Әлеуметтік,  шаруашылық 
тіршілігіне  сай  қазақ  руларының  әр  кезде  өзіндік  мәдениеті  болған.  Қазақ  сахарасында 
күй де, жыр да,  ән де елімен етене болып кеткен [1]. 
Осы орайда, Қазақстан үкiметi қабылдаған «Бiлiм туралы» заңның Бiлiм жүйесi деп 
аталатын  екiншi  бөлiмiнде  Бiлiм  жүйесiнiң  басты  мiндеттерi:  «Қазақстан 
Республикасына  шын  берiлген,  адал  патриот  азамат  даярлау.  Олар  мемлекеттiк 
белгiлердiң  мәнi  мен  маңызын  терең  түсiнген,  халықтық  дәстүрлердi  қастерлейтiн, 
Халықтар  достығының  негiзiнде  тәрбиеленген,  Отан,  отбасы  алдындағы  жеке  бастың 
мiндеттерi  мен  құқықтарын  терең  сезiнген.  Қазақстанда  тiршiлiк  етушi  халықтардың 
негiзiн қалаушы – «Қазақ халқы мен басқа халықтардың тiлiн, тарихын, салт-дәстүрi мен 
әдет-ғұрпын  қадiр  тұтып,  оны  игеруге  кепiлдi  азамат  болуы  керек»  дей  келе,  еліміздің 
бүгінгі  таңдағы экономикалық және әлеуметтік дамуы жағдайында, ел өмірінде рухани 
байланыстың  рөлі  арта  бастаған  тұста,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуын,  оның 
ұлттық  мәдениетін  қалыптастырусыз  елестету  мүмкін  емес.  Біздің  халық  мәдениетінде 
жаңа құндылықтардың пайда болуы жастардың ұлттық дәстүрлерге қастерлі көзқарасын 
қалыптастыруды  қажет  етеді.  Халық  шығармашылығы  өскелең  ұрпақты  рухани 
дамытудың, 
жастардың 
дүниетанымы 
мен 
көркем-эстетикалық 
мәдениетін 
қалыптастырудың аса маңызды құралы болып табылады» [2]. 
«Қазақ халқының музыкалық қазынасы үшінші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне 
дейін өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, ұлы дала өркениетінің рухани 
эстетикалық  талғамдарына  сәйкес  ұлттық  менталитетіміздің  сарқылмас  бұлағына 
айналуда.  Көне  музыкалық-поэтикалық  үлгілер  –  бабалардың  ұмытылмас  даналығы, 
ғасырлардың өшпес үні. Теңдесі жоқ рухани байлығымыз ауызекі түрде қалыптастырып, 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
15 
 
әр  заманда  сұрыпталып,  тек  өзіне  тән  сұлу  да  сүйкімді  әуенімен,  қайталанбас  ұлттық 
ерекшеліктерімен, сан түрлі колорит-бояуларымен ХХІ ғасырда да өз жалғасын табуда», 
– делінген «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес құрастырылған [3]. 
Педагогикалык  энциклопедиялық  сөздiкте:  «Халық  педагогикасы  дегенiмiз  – 
ұлттар  мен  ұлыстардың  әлденеше  ғасырға  созылған  ұрпақ  тәрбиесiндегi  ұлттық  әдет-
ғұрыптары  мен  дәстүрлерiнiң,  мәдени  ойлау  процесiнiң  эмпирикалық  негiздегi  озық 
үлгiлерiнiң  жиынтығы.  Халық  педагогикасының  негiзгi  түйiнi  –  еңбек  тәрбиесi  және 
өндiрiстiк  бiлiм,  дағды,  шеберлiктердi  жас  ұрпақтың  бойына  дарытып,  адамгершiлiк, 
имандылық рухында тәрбие беру», – деген анықтама берiлген [4]. 
Ал  академик  А.К.  Конның  басшылығымен  1983  жылы  «Педагогика»  баспасынан 
шыққан этикалық сөздiкте «әдет-ғұрып дегенiмiз белгiлi бiр қоғамда немесе коллективте 
белгiлi  бiр  тарихи  жағдайға  байланысты  адамдар  арасында  қалыптасқан  қоғамдық 
тәртiптiң  түрi.  Ол  әлеуметтiк  өмiрдiң  әртүрлiлiгiне  және  күрделiлiгiне  қарамастан, 
белгiлi  ұқсастық  жағдайда  адамдардың  бiркелкi  әрекет  етуiн  қалайды.  Яғни  бiр  қоғам 
iшiндегi адамдардың еңбек ету тәсiлдерi мен әдiстерiнiң жалпыға ортақ болуын, олардың 
саяси-қоғамдық  iс-әрекетiнiң  және  күнделiктi  тұрмыстағы  қарым-қатынасында  немесе 
көзқарасында  бiрыңғайлылық  әрекеттiң  болуын  талап  етедi.  Осының  бәрi  әдет-
ғұрыптың,  салттың  жиынтық  көрiнiсi  болып  табылады»,  –  деп  тұжырымдаса, 
қазақстандық  зерттеушілер  «дәстүр  дегенiмiз  –  әдет-ғұрыптың  өмiрдегi  өсiп  жетiлген 
әртүрлi  формасы.  Ол  адамдардың  белгiлi  бiр  бағыттағы  тұрақты  iс-әрекетi  мен  мiнез-
құлқының ұрпақтан-ұрпаққа белгiлi формада ауысып берiлетiн түрi», – деген анықтама 
берген [5]. 
Әр  халықтың  ұлттық  мәдениеті  ертеден  келе  жатқан  өзіне  тән  өнері,  әдет-ғұрпы, 
тұрмыстық  салт-дәстүрлері  негізінде  жетілетіні  белгілі.  Олай  болса,  ғасырлар  сынынан 
еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халықтың дәстүрлі көркем мәдениетінің  
түрлерін жинақтап зерделеудің, оның тәлім-тәрбиелік мол тәжірибесі негізінде жастарды 
тәрбиелеудің қажеттілігі мол және оны жүзеге асыруда өзінің жемісін берері сөзсіз.  
Халықтың  көркем  шығармашылығында  және  музыкалық  мұраларында  үлкен 
тарихи  ақиқат  шындық.  Сондықтан  да  осы  бай  тарихын,  мәдени  құбылыстарының  сан 
қилы  өзіндік  ерекшеліктерін  білмей,  бүгінгі  ұлттың  тәрбие  жүйесін  қалыптастыру 
мүмкін  емес.  Бүгінгі  білім  жүйесіндегі  өнердің  басты  мақсаты  –  ол  адам  баласының 
барлық  іс-әрекетіндегі  сергек  сезімталдықты,  әдемілік  пен  әсемдікті,  мәдениетті 
тәрбиелеу, қалыптастыру болып табылады. 
Мәдениет  пен  өнердің  даму  процесінің  заңдылықтарын  зерттеумен  байланысты 
мәселелер  кешенінде  халықтың  қоғамдық  санасының  көркем-бейнелі  көрінісі  ретінде 
халықтық-музыкалық шығармашылығын зерттеу айтарлықтай орын алады. 
Жалпы  болашақ  тәрбие  саласының  мамандарда  қарым-қатынас  мәдениеттілікті 
қалыптастыру  мәселесі,  «қарым-қатынас»,  «қарым-қатынас  мәдениеті»  ұғымдарының 
бірлігі мен ерекшеліктерін қарастырумен тығыз байланысты. Жеке тұлғаның мәдениетін 
қалыптастыру  және  оны  дамыту  үшін  оның  ғылыми  әдебиеттерде  айтылып  жүргендей 
қайнар  көздерін,  түпкі  нәтижелерін  анықтау  қажет  екені  байқалды.  Философиялық 
ұғымда  «мәдениет  –  сана  мен  болмыста  адамзаттың  әлеуметтік  мазмұнына  қарай 
адамның  әлеуметтік  индивид  ретінде  дамуы;  оның  таным,  қарым-қатынас,  іс-әрекет 
субъектісі  ретінде  өмір  сүру  әдісі;  жекелік,  шығармашылық,  әлеуметтік,  адамгершілік, 
эстетикалық жетілуі», – деп белгіленеді. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
16 
Мәдениет  компоненті  ретінде  –  білім  өз  кезегінде  мәдениеттің  тасымалдаушысы, 
оның өмір сүруінің, сақталуының, кеңеюінің басты шарты. Этикалық түсінікте мәдениет 
рухани өмірдің барлық формаларын біріктіру деген мағынаны білдіреді. 
Мәдениеттің  қалыптасуына  философ,  ғалым  зерттеуші  В.С.  Библер  ерекше  мән 
береді.  Оның  пікірінше,  мәдениет  –  адамдардың  қарым-қатынасы  мен  бір  кезеңдегі 
болмысы, санасының, ойлауының формасы, қайта жаратылу жолдары.  
Мәдениет иесі деп танылатын тұлғаның өзегі оның руханилығы болып есептеледі. 
Рухани  даму  негізінде  адамдарға  қызмет  ету,  жақсылық  жасау,  өзін-өзі  тұрақты 
жетілдіріп  отыру  арқылы  объектіден  субъектіге  айналуға  деген  қажеттілік  жатыр. 
Сондықтан  жоғары  мәдениетті  мұғалімнің  ерекше  сапасы  –  оның  өзін-өзі  дамыту 
қабілеттілігінде 
жатыр. 
Оған 
қол 
жеткізген 
педагог, 
өз 
студенттерінің 
шығармашылықпен өзін-өзі дамыту стратегиясын болжай, түзете алады. 
 «Мәдениетті  адам»  ұғымы  педагогикалық  тұрғыдан  алғанда,  адамдардың 
абыройын  жоғары  ұстау,  өзін-өзі  сыйлау,  өз  күшіне  өзі  сену,  жалтақтамау,  сондай-ақ 
басқалардың  пікірін  сыйлау  секілді  бір-бірімен  байланысты  қасиеттерді  тәрбиелеу  деп 
түсінуге болады. 
Қоғамдық  құбылыс  ретінде  мәдениет  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  болып  қалатын 
құндылық.  Сол  себепті  мәдениетті  игеру  –  өзара  бағыттаушы  үрдіс.  Мәдениет  дайын 
ақпаратты  жай  қабылдау  барысында  емес,  тұлғамен  қарым-қатынас  орнату  немесе 
сөйлеу кезінде беріледі. 
Мәдениет  –  қашанда  ынтымақтастықтағы  шығармашылық,  мәдениетті  жеткізу 
құралы,  қайталанбас  тұлға  және  тұлғалық  қарым-қатынас  субъекті.  Мәдениет  және  іс-
әрекет  тарихи  қалыптасқан  қатынас  категориясы.  Мәдениет  «іс-әрекеттің  әмбебап 
сипаттамасы», бағыттылықпен приоритетті түрлерді айқындап, бейне тудыру мен тірегі, 
ал  адам  ондағы  субъект.  Ғалымдардың  пікірінше  мәдениет  адамның  өзгеруі  мен 
шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуы (Е.М. Бабасов және т.б.). 
Басқаша  айтқанда  мәдениет  тұжырымдамасы  көркемдеу  эмоциялау  тәсілдері  мен 
жолдарын анықтап, саналы да бағытты әрекеттер заңдылықтарын айқындап, оқыту мен 
тәрбие  беру  үрдісін  танытады  да  тұлғалық  іс-әрекетті  дамыта  отырып,  өнердегі 
шығармашылықтың бастамасы болмақ [6]. 
Қазақ  этномәдениетінде  әр  әлеуметтік  топтың  қоғамдағы  рөлі  арнайы 
қарастырылып,  олардың  өмірдегі  өз  орнын  табуға,  жеке  тұлға  болып  қалыптасуға, 
әлеуметтанулық  әрекеттерге  дүниеге  келген  кезден  бастап  қайтыс  болғанға  дейін 
араластыру арқылы мән берген. 
Қазақ  ойын-сауықшыл  халық.  Ойын-сауық  халықтың  өмiр  сүру  салтынан,  өмiр 
сүру  үшiн  күресiнен  туындаған  қажеттiлiктiң  бiрi.  Ойын-сауық  еңбектiң  мазмұны  мен 
құралына  орай  түрленген,  жетiлген.  Бүгiнде қазақтың  100-ден  аса  ойын  түрлерi  белгілі 
болып  отыр.  Қазақ  «баланы  жастан»  дегенде,  ойын-сауық  арқылы  жасөспiрiммен 
тәрбиелiк  жұмысты  ертерек  және  жас  ерекшелiктерiне  қарай  жүргiзудi  пайымдайды. 
Ойынсыз  ұрпақтың  кiм  екенiн,  халықтың  қандай  екенiн  бағалау  екiталай.  Ойын-сауық 
қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. 
Ойындарда  өмiрдiң  еркiндiгi,  кедергiсi  мен  мақсаты  анықталады.  Ойын-сауық  – 
жеке  адамның  даму  қажеттiлiгiн  арттырады,  қарсыласпен  татуласу  немесе  оны  жеңу 
жолдарын  iздестiредi.  Шаруашылықтағы  қимыл-әрекеттi  осы  биiк  мақсатқа  көтердi. 
Ойын  –  адам  ойлану  және  дене  қабiлетiнiң  бәсекесi,  қарсыласпен  ашық  жарыс.  Оның 
мақсаты  –  жеңiске  жету,  ойындағы  адамның  қабiлет  күшiнiң  үстемдiгiн  көрсету, 
дәлелдеу. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
17 
 
Әлеуметтік  қарым-қатынас  үрдісінің бірі – жастарға деген қамқорлық.  Оларға тек 
қоғамдық  мінез-құлық  нормаларын  үйрету  ғана  емес,  еңбекке  баулу,  тиянақты  кәсіп 
игеру:  атбелгілік,  құсбегілік,  мал  бағу,  қолөнер  шеберлігі,  ісмерлік,  өнер,  билік  жасау, 
отбасының  иесі  болу  т.б.  өмірлік  қажеттіліктерге  бейімделіп,  дағды  қалыптастырған 
сонымен  қатар  аталған  жағдайдан  негізгілерінің  бірі  жастар  әуелі  өз  ортасында,  реті 
келгенде көрші ауыл мен бөтен адамдар арасында да тапқырлығын, ептілігін, күші мен 
қайратын, өнерлілігін ойын-сауықтар мен жастар жиынында көрсете білу. Сол себептен, 
жастар  қарым-қатынасын  дамытудың  үш  кезеңі  қалыптасса  керек.  Біріншіден, 
бойжеткен мен бозбалалық шақта жастар ойын-сауығының көрермені  ретінде ой түйіп, 
ұтысты  жолдарды  жадында  сақтап  үйрену  кезеңінен  өтеді.  Екіншіден,  өз  отбасындағы 
және  ауыл-аймақтағы  қонақ  күту,  жастар  ойын-сауықтарына  араласу  барысында  бар 
мүмкіндіктерін  сынап, тәжірибе  жинақтау,  бейім  байқату  сатысынан  өтеді.  Үшіншіден, 
өздігінен топ бастап, күш-қайратын түрлі сайыстарда, шешендігін айтыстар мен жастар 
жиынында,  азаматтығын  қатарластары  арасындағы  беделділігін  танытатын,  қарым-
қатынас мәдениеттілігін мойындата алады. Жастардың бос уақытта айналысатын мәдени 
әрекеттерінің  көбі  ойын-сауықтық  формада  болса,  олардың  ұйымдастырылу  тәсілі 
жарыс-сайысқа негізделеді.  
Мәдениеттану 
саласында 
ойын 
теориясын 
терең 
зерттеген 
Голланд 
мәдениеттанушысы  Йохан  Хейзинга.  Оның  ойын  теориясы  мәдениеттің  ойындық 
бастауларының  генезисі  мен  мәнін  терең  және  толық  талдануының  арқасында  қазіргі 
ғылымдағы  назар  аударарлық  ойын  теориясының  негіздерінің  бірі  болып  отыр. 
Й.Хейзинга  ойынның  мәдениет  үшін  маңыздылығын  өзінше  дәлелдеп  қана  қоймайды, 
сонымен қатар мәдениеттің өзі ойынның бір түрі деп тұжырымдайды. «Мен үшін басты 
мәселе – мәдениеттің басқа да құбылыстарының ішінде ойынның алатын орнын анықтау 
емес,  мәселе  мәдениеттің  ойындық  сипатын  анықтау  еді.  Мен  үшін  маңыздысы  – 
мәдениет пен ойынның өзара байланысын, ойын – мәдениет – қайсысының басымдырақ 
екенін анықтау» деген ұстанымын белгілейді. 
Ұлт  ойындары  әлеуметтік-экономикалық  жағдайларына  байланысты  туып 
дамығанына,  сан  салалы  мәдени  қалыптасуына  ықпал  еткенін  қазақ  халқының  ұлттық 
ойындарымен  таныса  отырып  көзіміз  анық  жетті.  Олай  дейтініміз  –  қазақ  халқының 
тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ 
та,  олардың  өз  бойынан  халықтың  ұлттық  ойындарының,  сайыстардың,  әдет-ғұрып 
салттарының алуан түрлерін  кездестіреміз. 
Қазақтың  әрбір  ойыны  болса  да  айтыс,  өлең-жырмен  өріліп,  көрермендер  мен 
тыңдаушыларға  өнерлі  өнеге  беріп,  қатты  әсер  етеді.  Ойын  –  шешендік  өнерді 
қалыптастырып,  дамытатын  құбылыс.  Ұлт  ойындары  –  тіл  меңгерудің  негізгі 
құралдарының бірі болып табылады. Ойындарды өткізу үстінде қатысушылар тілдің ішкі 
иірімдерін, халықтың ойлау жүйелерін, сөз қолдану әдістерін, сөйлеу дәстүрлерін,  тілдік 
психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіншілік алады.  
Ойын-сауықтың  басты  мақсаты  –  көппен  араласу  психологиясын  қалыптастыруға 
негіз  қалайтындығын  халқымыз  жақсы  түсінген.  Ұлттық  ойындарымыздың  үш  түріне 
тоқталып өтсек – сейілдік, өнерлік, еркіндік ойын-сауық түрлері. 
Сейілдік  дегеніміз  –  көш  кезінде,  Наурызда,  жазғы  мезгілде  жастардың  қырға 
шығып,  бой  жазып,  сейілдеп  жүргенде  ойналатын  ойындар.  Мысалы,  Ә.  Диваев  жазып 
қалдырған «Қыз ойнақ», «Жігіт қуу», «Қыз қуу» т.б. ойындарды жатқызуға болады. 
Ал  өнерлік  дегеніміз  –  өнер  жарысын  мақсат  тұтатын  ойын-сауық  түрі.  Мұның 
фольклорлық  дәстүрі  басым  келеді.  Фольклор  араласып,  соның  үлгісінде  өтетін  ойын-

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №6 (54), 2014 г. 
18 
сауықтың  бірі  –  айтыс  осыған  жатады.  Олар  орындалу  ерекшеліктері,  пішіні  бойынша 
әдет-ғұрып,  салтпен  байланысты  айтыстарға  (бәдік,  жар-жар,  қайым  айтыс)  жақын. 
Дегенмен,  айтыс  ойындарының  өзіндік  белгілері  де  жоқ  емес.  Бұларда  табан  астында 
жанынан өлең шығарып айту жоқтың қасы, негізінен мәтіні жаттамалы, тұрақты болып 
келеді.  Сыртқы  ұқсастығы  болмаса,  айтыс  ойындары  суырып  салмалық  ақындық 
өнерден гөрі жаттап алған драмалық фольклорға өте жақын. 
Нағыз  өнерлік  ойын-сауықтың  келесі  бір  түрі  –  «Алтыбақан».  Мұны  негізінен  ән 
өнерінің  жарысы  деуге  болатын  ең  бір  асыл  ойынның  бірі.  Алтыбақанға  тербетіліп 
тұрып, ал көне кезде музыкалық аспапқа сүйеніп ән айту оңай емес. Ол шеберлікті талап 
ететін, биік өнер жарысы. Сонымен бірге алтыбақан басына тек белгілі таныстар ортасы 
ғана  емес,  бейтаныс  адамдар  келіп,  ән  жарысқа  қатынасып,  алтыбақанға  қатынасып, 
өнері арқылы бойжеткен көзіне түсуді мақсат еткен жігіттер де қатынаса алған. Ал олар 
өз  ортасының  өнерін  тарту  етіп,  әндердің  ұнағандары  сол  жерде  қайталанып  айтылу 
арқылы  жатталып,  тыңдаушылар  арасына  тараған.  Сонымен  «Алтыбақан»  ойыны  өнер 
шыңдауынан  өтуге  ықпал  ете  алатын  шығармашылық  сахнасы,  ән  тарату  мектебі, 
жастардың  өнер  арқылы  табысып,  рухани  құндылығы  арқылы  сынға  түсу  және  қарым-
қатынас мәдениетін қалыптастыратын орта екен. 
Ал  үшінші  түрі  –  шартты  түрде  еркіндік  деп  аталатын  ойын-сауықтар.  Бұл  ел 
көзінен  тасада  бозбалалар  мен  бойжеткендердің  еркін  сырласуына,  сезім  күйлерін 
шертісуіне ыңғайлы ойындар болып табылады. Бұларға «Ақсүйек», «Серек құлақ», «Хан 
жақсы ма?»  т.б. ойын түрлері жатады.   
Жоғарыда  көрсетілгендей  сейілдік,  еркіндік,  өнерлік  ойындар  үлгісі  болса,  келесі 
тоқталатынымыз  бұрын-соңды  қазақ  әдебиетінде  кең  орын  алмаған  түрі  –  әскери 
ойындар  туралы  болмақ.  Ойындар  қатарынан  олардың  даралану  себебі  –  мазмұны  мен 
құрылымына еркіндік пен өнерлік ойындар сипатын жинақтау. Қазақ әскери шеберлікті 
ойын деп айтқаны туралы пікірді көне жырлардан табамыз. «Ер Тарғында»: ойын соғыс, 
ұрыс мағынасында айтылғанын 
«Толып жатқан қалмаққа, 
Тарғын салды ойынды», – деген жолдардан табамыз.  
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  бойынша  жарық  көріп  отырған  әдебиеттен 
анықтағанымыз – қазақ батырлары өз жасақтарымен әскери шыңдау шараларын өткізгені 
туралы мәлімет табылды. А. Янушкевич еңбегінде келтірілген мәліметке қарасақ, ондай 
іс-шара  үлкен  жиындарда  көрсетілген  көрінеді.  Толыққанды  мәдени  іс-шара  ретінде 
оның  ұйымдастырушылық  жұмысы,  өткізілу  тәртібі,  ресми  бөлімі,  арнайы  рәсімдік 
амалдары,  шарықтау шегі, қорытындылау сәті болған екен. Оның мақсат-міндеті саяси-
әлеуметтік  іс-шараға  тән  қазақ халқының тұрақты  әскері  болмаса  да,  ерлік  пен  ептілік, 
әскери айла білдіре алатын қауқары барын көрсету екені де айқын. 
Басқа  ойындармен  салыстырғанда  араларында  негізгі  ерекшелік  –  арнайы 
дайындықты  қажет  етпейтін,  жалпы  ережені  білу  негізінде  еркіндік  пен  шеберлік 
байқата  білу  қабілеттілігіне  сүйенуінде.  Бұдан  шығатын  қорытынды  –  қазақ  ойыны 
таным  мен  талғамды,  тапқырлық  пен  шеберлікті,  жағдаятқа  қарай  тиімді  әрекет  жасай 
білетін  шығармашылық  қабілеттілікті  қажеттілік  екені  белгілі  болып  отыр.  Ойынды 
тамашалаушы  да,  қатынасушы  да  осы  мәдени  қажеттілікті  игеруі  арқылы  тынығу 
әрекетін  мәдени-рухани  баю  амалына  айналдырып  отырған.  Оны  игере  алмау  – 
қабілетсіздікті таныту, мәдени айналым ортасынан тыс қалу. 
Қорыта  келгенде,  ойын  –  ұрпақтар  өмiрiн  үйлестiрудiң  дәстүрлi  ән-бимен 
өрнектелген  сауық  түрi.  Оған  қатысушылар  тамаша  құратын  орынды,  уақытты,  ортаны 
өз ерiктерiмен iрiктейдi, оны өткiзудiң рәсiм-салтын икемдейдi. Осыдан орын мен ортаға 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №6 (54), 2014 ж.  
 
19 
 
деген  әуесқойлық  күшейедi.  Ойыншылар  тағдырластарымен,  өзiмен  жақындастарымен 
кездесiп,  өзара  сырласуға  және  жарысуға  мүмкiндiк  алады.  Бұдан  ашық  мiнездiң, 
жарқын жүздiлiктiң лебi есiп, ән-күйдiң тоғысы
 
жаңарып жатады. Ойыншылар — көптiң 
көңiлiн  аулайтын  өнерлiлер,  өзiнiң  мәртебесiн  көтермелейтiн  өнегелiлер.  Ойын  үй  мен 
даланың төрiнде өттi, ойыншылар елдiң көз алдында, көңiлiнен құрмет тапты. 
Қазақтың  ойын-сауығы  достық  пен  қонақжайлықтың  белгiсi  және  көптiң  басын 
бiрiктiрудiң  кепiлдiгi,  сүйкiмдi  әншi  мен  әңгiмешiлерге  мұқтаждықтың  айғағы.  Ойын-
сауықта  жалғыздық  сезiм,  арам  ниет  адамды  билей  алмады,  ойыншы  үнемi  iзденiсте 
болады. Ондағы құдiрет – өнерпаздық, өзара түсiнiстiк және келiсiмге жол табу. 
Ойын  – адамның қабiлет-қасиетiн ширататын, шымырлататын жүйелi  iс-әрекеттiң 
көрiнiсi. 
Ойын-сауықта  кiсiлiк  қасиет  шыңдалады,  адам  қабiлетiнiң  құндылығы  артады. 
Ұлттық ойын-сауықтар – ұрпақ пен елдiктiң елшiлiгi, халықтың әдет-ғұрпының көрiгi, әр 
перзенттiң  жүрегiндегi  оттығы.  Мұндай  өтiмдi  құндылықтар  ойын-сауықтың  ортақ 
сақтық қорын, жарқын дүниенi демейтiн әдеттiң қайнар көзiн құрайды. 
Ойын-сауық  адамның  талдау,  таңдау  қабiлетiн  шыңдайды,  ортамен  тiл  табысуға, 
қарым-қатынасты  жетiлдiруге,  жұмысын  мазмұнды  етуге,  жеңiске  жетудiң  ең  тиiмдi 
түрлерiн қарастыруға,  адамның  бойындағы қасиеттi  әлеуметтiк  күшке  және  қозғалысқа 
айналдыруға итермелейдi [7]. 
Демек,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасының  алдында  тұрған  басты  мақсат  – 
халықтың рухани байлығы ұлттық мәдениетті қалпына келтіру, оны тәуелсіз Қазақстан 
Республикасының азаматтарының игілігіне асыру, адам өміріндегі мәдениеттің маңызын 
көтеріп,  соған  сәйкес  қоғам  мәдениетінің  өркендеуіне  жағдай  жасап,  өркениеттілікке 
кірігу процесінде әрбір тұлғаның жалпы адамзаттық-мәдени құндылықтарды меңгеруіне 
жол ашу. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет