Мадина: Енді не істеймін?
Жанель: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде – «Күзгі бақша» телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар бар екенің, хабарласып көрейік!
- Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!
Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер» Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Бізде де бар, бау бақша»
Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық. Қ.Әдия: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары күз.
Әділ:Autumn leaves are falling down,
Falling down, falling down,
Autumn leaves are falling down,
Yellow, red, orange and brown
Әскербек Мансұр: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын жұлғызып.