Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


IV ТАРАУ МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ



бет14/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
165959 (1)

IV ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҚСАТ – МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ


4.1 Музыкалық білім берудің мақсат - міндеттері
Музыкалық білім беру жүйесі, соның ішінде музыка пәнінің сабағын өткізу төмендегідей құрылымдылық-бөліктерден тұрады: мақсаты, міндеті, принциптері, мазмұны, әдіс-тәсілдері және түрі.
Қазіргі кездегі музыкалық педагогикада оқушының музыкалық мәдениетінің жетіліп дамуы, оның жалпы рухани мәдениетінен туындап отырған қасиеттілік деп қарайды.
Оқушының музыкалық мәдениетінің қалыптастыру үшін Д.Б.Кабалевскийдің тұжырымы бойынша мынадай мақсаттар болуы тиіс:
- ең алдымен, музыкалық ойлауға, музыкаға қызығушылыққа, эмоциялық құндылыққа, эстетикалық-көркемдік қатынастарға, музыкалық шығармашылыққа бағытталған айқын тәрбиелік мақсат керек;
- әр түрлі музыкалық шығармалардан тұратын, түрлі жанр, стильді қамтитын әлемдік музыкалық мұраларға яғни «алтын қорға» сүйену керек;
- шебер де парасатты педагогикалық басшылықтың көмегімен оқушының сезімдік-құндылығын дамытатын музыканы өзгертушілік күшіне сену керек;
- музыканы тыңдау, орындау және өздігінен музыка шығару барысында балалардың музыкалық ойлауы, шығармашылық потенциалы дамиды.
В.В.Мендушевский өзінің «Музыка өнері әдістерімен рухани-өнегелі
тәрбие жүргізу» деп аталатын концепциясында, балаларға діни негіздер арқылы музыкалық тәрбие беруді жаңғырту керек деген тұжырым жасайды.
Л.А.Венгерус концепциясы бойынша оқушыларды музыка мәдениетімен жақындастыратын әдіс ұжымдық түрде яғни хормен ән салу.
Оқушылардың музыкалық мәдениетін сипаттай отырып Л.В.Школяр: «есту, көру, сезу, ойлау өнері сияқты негізгі, іргелі қаблеттіліктерді қалыптастырып алмай баланың, оқышының жаратушы, суретші тәрізді (мұның өзі рухани мәдениеттің дамуы болып саналады) қалыптасуы мүмкін емес», - деген ерекше ой түйеді.
Оқушылардың музыкалық мәдениетінің келесі, өзекті мәселелерін зерттей келе литвалық ұстаз-музыкант А.А.Пиличяускас, музыкалық мәдениетті білім, бейімділік, дағды негіздеріне сәйкес туындайтын музыкалық қызметтің қажеттілігі ретінде қарастыруды ұсынады.
Сонымен, баланың музыкалық мәдениетті болуы – оның музыкалық тәрбие мен білімділігінде.
Музыкалық тәрбиелілігі – көркемдік деңгейі жоғары халықтық, классикалық, қазіргі өнерге деген эстетикалық-эмоциялық үндесуі, өнермен қатынас, музыкалық ой-өрісінің қызығушылығы мен әсерінің қалыптасуы.
Музыкалық білім берудің бағыты музыканы білуі, музыка туралы түсінігі, дағды мен шеберлігі, оқушының тәжірибешілігінің тереңдігі мен кеңдігі, музыкаға деген эмоционалды-құндылығы мен музыкалық шығармашылық іс-әрекетінің тәжірибесі.
Қазақстан Республикасында оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыту үшін музыкалық білім беру жүйесі төмендегідей қажетті шарттармен қамтамасыз етеді:

    • жалпы білім беру мекемелердегі музыка сабағының міндеттілігі;

    • сыныптан, мектептен тыс қосымша музыкалық сабақтар ұйымдастыру;

    • жоғары және арнаулы – кәсіби оқу орындарында кәсіби-мамандандырылған музыка мұғалімдерін дайындау;

    • музыка мұғалімнің кәсіби деігейлігін жетілдіру мүмкіншілігі;



    • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет