Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



бет20/68
Дата19.06.2023
өлшемі1,09 Mb.
#102324
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Музыкалық орындаушылық әрекет
Орындаушылық әрекет музыка сабағының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол балаға музыканың орындаушылық табиғатын ашуға, музыкамен айналысқан сәтте оны танып, біле алатын музыкант ретінде сезінуге көмектеседі. «Музыкалық туындының өмір сүруі – оның орындалуында яғни оның мәнін дыбыс ырғақтары арқылы ашқанда ғана музыкалық шынды өмір сүреді» - дейді Б.В.Асафьев (Музыкальная форма как прогресс. – Л., 1971. – С. 264.).
Оқушылардың орындаушылық мәдениетінің төмендегідей негізгі көрсеткіштері бар:
- арнайы бір орындаушылық әрекеттің түріне ғана қажеттілік, қызығушылық, ынта таныту;
- орындаушылыққа шығармашылық әрекеті ретінде қарау;
- туындының әуендік, орындаушылық сапасына өзіндік көзқарасын білдіру;
- шығарманың жанрын, стилін, мазмұнын қамтитын орындаушылық білім, икемділік, дағдыларды игере білу.
Музыка сабақтарындағы орындаушылық әрекет: хормен, жеке, ансамбльмен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау сияқты негізгі түрлері арқылы іске асады.


Вокал – хор әрекеті
Бұл әрекет оқушы тұлғасын қалыптастырудағы жалпы музыкалық мәдениеттің маңызды бір бөлігі болып саналады.
Вокалды-хорлы оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына кіретіндер: әншілік дауыс ырғағымен оны сақтауды, қорғауды білу жөніндегі арнайы жүйелер; хордағы ән салу тәртібі, вокалды-хорлы икемділік пен дағдылар, оқушыларды музыкалық-шығармашылыққа оқыту тәжірибесі, музыкаға және қоршаған ортаға деген сезімдік-эстетикалық тәжірибе және т.б.
Оқушылардың вокалды-хорлы мәдениетін қалыптастыруда, халықтық, классикалық және қазіргі музыкалырды қамтитын ұжымдық хор репертуарын дұрыс қоя білу де үлкен рол атқарады.
Вокалды-хорлы жұмыстар мазмұнына әуенділікті, әншілік қаблетін, вокалды-хорлы техникаларды дамытуға бағытталған жаттығулар мен шынықтырулар жүйесі жатады.
Вокалды-хорлы орындаудың екі формасы бар:

    • сүйемелдеусіз ән салу;

    • сүйемелдеумен ән салу.

Мұғалімнің қызметіндегі маңызды бағыттың бірі - балаларды көпүділік ән салуға үйрету. Балаға көпдауысты ән салудың икемдіктері мен дағдыларын игертуде көптеген музыкант-педагогтар бірінші кезеңде үйрету керек деген көзқарасты жақтайды. Кейбір педагогтар көпдауыстылық ән салуға үйретуді конондық негіздерге сүйенсе, енді біреулері қосалқы дауысқа сүйенеді.
Вокалды-хорлы жұмыстарды ұйымдастырған кезде балалардың әншілік дауысының негізгі даму кезеңдеріне көңіл қою керек.
7 - 10 жас – бастауыш мектеп жасындағылар: балалық дауыс кезеңі;
10 – 12 жас – дауыс өзгерісі алдындағы кезең (организмде биологиялық, физиологиялық өзгерістер жүре бастайды);
13 – 15 жас - өзгерістік кезең;
16 – 18 жас - өзгерістен кейінгі кезең.
Бұл балалардың физиологиялық ерекшелігіне қарай әр балада әр түрлі бірақ міндетті түрде жүретін биологиялық даму процесі. Музыка пәні мұғалімі осы кезеңдерді жақсы біліп, балалардың физиологиялық даму барысында мұқият болғаны жөн.
Вокалды-хорлы жұмыс барысында оқушының әншілік дауысына ерекше көңіл аударылады. Оның негізгі қасиеттеріне жататындар: дыбыстық және динамикалық диапазон, тембірдің сапасы, дикция.
Отандық ғалымдардың еңбектерінде бала дауысы өзгерісінің әр түрлі кезеңдерінде әншілік дауыс үнінің сапалық жағы артады. Бірақ бұл кезде дауыс аппараттарының гигиенасын сақтай отырып әншілік орындаушылық сабақты өткізгенде аса қатты жүктемелі режимде өткізбеген дұрыс дейді көптеген ғалымдар.
Өзгермелі кезеңнің алғашқы сатысында дауыс диапазонының жоғарғы шеткі дыбысы жоғалады. Ұл балаларда кіші октава дыбыстарының пайда болуымен қатар диапазонның ұлғайюы байқалады. Ән айтқан кезде қырылдау, аздап жөтелу, сырылдау сияқты дыбыстар пайда болады. Дауыс үнділігі, жеңілділігі жоғала бастайды да жуандай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет