Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет2/20
Дата18.10.2023
өлшемі374 Kb.
#118820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Музыкалы білім беруді тарихы мен теориясы музыкалы білім беру

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және қызметі.

  2. Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудығы ролін сипаттаңыздар.

  3. Жалпы дидактикалық тұрғыдан «Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымына қатысты негізгі категорияларға түсініктеме беріңіздер.

Әдебиеттер:



  1. Абдуллин Э.Б. Теория и практика музыкального обучения в общеобразовательной школе: Пособие для учителя.- М., 1983.

  2. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Теория музыкального образования: Учебник для студентов высшего пед.учеб.заведений. – М., 2004.

  3. Музыкальное образование в школе: Учебное пособие для студентов муз. фак. и отд. высш. и сред. пед. учеб. заведений /Л.В. Школяр, В.А. Школяр, Е.Д.Критская и др.; под ред. Л.В. Школяр. – М., 2001.

  4. Абдуллин Э.Б., Николаева Е.В. Музыкально – педагогическое образование в России на рубеже 20 и 21 столети. – М., 2002.

  5. Николаева Е.В. Музыкальное образование в России: историко – теоретические и педагогические аспекты. – М., 2002.

  6. Лихачев Б.Т. Педагогика. – М., 1996.

  7. Подласый И.П. Педагогика. – М., 1996.

  8. Пидкасистый П.И. Педагогика. – М., 1996.

  9. Сластенин В.А., Исаев И.Ф. и др. Педагогика. – М., 1997.

  10. Харламов И.Ф. Педагогика. – М., 1990.

  11. Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах. – М., 1999.




  1. Музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы.



Жоспары:

  1. Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие.

  2. 19 ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық тәрбие мәселелері.

  3. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бірінші жартысындағы музыкалық тәрбиенің ерекшеліктері.

  4. 20 ғасырдағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы.

  5. Жаңа кезеңдегі музыкалық білім беру педагогикасының дамуы.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.


Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударарлық тәжірибе жинақтаған. Ерте пифагоризм (б.э.д. 6-5 ғғ.) теориясында адамның жан дүниесінің музыка арқылы тазаруын білдіруде catarsis ұғымы қолданылғаны белгілі. Б.э.д. 6 ғасырда өмір сүрген философ әрі математик Пифагор музыканың акустикалық заңдарын ашқан. Ал б.э.д. 3 ғасырда механик Ктесибий бүгінгі орган аспабының көне үлгісі сулы саз аспабын (гидравлос) ойлап шығарған. Ежелгі грек елінде белгілі бір музыкалық тәлім-тәрбие жүйесінің қалыптасқандығына ұлы Гомердің «Илиада», «Одиссея» поэмаларының мазмұны; лира, кифара аспабында ойнап, ән салып тұрған грек вазаларындағы суреттер, статуэткалар; бүгінгі музыка теориясында қолданып жүрген көне терминдер («музыка», «мелодия», «гармония», «гамма» және т.б.); Дамон (Перикл мен Сократты музыкаға үйретуші), Платон, Аристотель сияқты ғұламалардың музыка, музыканың әсер-ықпалы жөнінде жасаған пайымдаулары; музыкалық аспаптарда ойнап үйрену мектептерінің, музыканы оқытушы арнайы ұстаздарының болуын мысалға келтірсек те жеткілікті.
Музыка өнері, музыкалық тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. Бұның бәрі дүниенің түкпір-түкпірінде ерте кездердің өзінде музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің формалары мен оны ұйымдастырудың амал-жолдары жөнінде жалпы және дерексіз білім, тәжірибе жинақтаудың алғышарттарының қалыптаса бастағанына көз жеткізеді. Қоғам мен мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына қарай музыкалық-педагогикалық ой-пікірлер де қанат жайып, өркендей түсті.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыкалық білім беру педагогикасы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының белең алуына, екіншіден, ағартушылық идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтері (А.Н.Серов, В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Даргомыжский, п.Чайковский, С.Танеев, Н.Римский-Корсаков және т.б.) өнердегі халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогресшіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөнінде құнды пайымдаулар жасап, оларды іс-жүзінде асыруға атсалысты. Ағартушылық идеялары Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, А.М.Гоький сияқты ұлы орыс жазушылары тарапынан да кең қолдау тапты. ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық қозғалыстар жанданып, озық идеялар тарала бастады, сонымен бірге музыкалық білім беру педагогикасы саласында жаңа, тың құбылыстар кеңінен қанат жайды.
Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет