Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері


Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы



бет8/20
Дата18.10.2023
өлшемі374 Kb.
#118820
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
Байланысты:
Музыкалы білім беруді тарихы мен теориясы музыкалы білім беру

3. Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы


Жоспары:

  1. Қазақ даласында музыкалық білім берудің Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дамуы.

  2. ХХ ғасырдың 20-80-ші жылдарында Қазақстанда музыкалық білім беру жағдайы.

  3. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында Қазақстандағы музыкалық білім берудегі жетістіктер.

  4. Музыкалық тәрбиенің этнопедагогикалық негіздері.

Музыкатану, музыкалық білім саласындағы әдебиеттерде Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнің өзінде қазақ даласында музыка өнеріне баулу, кәсіби шыңдау бойынша едәуір тәжірибе қалыптасқандығы мазмұндалған. Сазгерлікке, әншілікке, күйшілікке баулу отбасында, жастардың сауық-сайранында, мейрамдарда немесе арнайы кәсіби білім беру мектептерінде жүзеге асырылып келген. Одан кейінгі кезеңдерде Қазақстандағы музыкалық білім беру жұмысы бұрынғы Одақ көлемінде жүзеге асырылды.


Осы кезеңдегі музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысы (1917 – 1980) профессор С.А. Ұзақбаеваның зерттеу еңбегінде жан-жақты талдауға алынған. Зертеушінің «Өміршең өнер өрісі» атты еңбегінде осы жылдардағы музыкалық тәлім-тәрбие берудің тарихы, ерекшеліктері жан-жақты сипатталады. Автордың халық педагогикасы идеяларының дамуы мен қалыптасуына берген тарихи-педагогикалық сипаттамасы музыкалық педагогика проблемаларын зерделеуге қосқан аса маңызды үлесі болып табылады.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Б.В. Асафьев, Б.Л. Яворский, В.Н. Щацкая сияқты орыс мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бастамасымен Ресейде өріс алған музыкалық-ағартушылық қозғалыс Қазақстанда ойдағыдай жүзеге аспай қалды. Оған себеп елдегі ұлттық маман кадрлардың, талапқа сай материалдық базаның тапшылығы еді. Тіпті түрлі типтегі мектептер (жеті жылдық, тоғыз жылдық, шаруа жастары мектептері, І және ІІ дәрежедегі мектеп-коммуналар, ауылды мекендерде екі жылдық, төрт жылдық, жеті жылдық мектептер, ФЗУ-лар т.б.) ашылғанымен, музыка пәнін оқытуды өз деңгейінде ұйымдастыруға септігін тигізе алмады. Ең алдымен музыка пәнінің арнайы бағдарламасының болмауы да үлкен кедергі болды. Алайда бұған қарамастан, балалар мен жастарға музыкалық тәрбие беру жұмысы тоқтап қалған жоқ. Республиканың түкпір-түкпіріндегі елді мекендерде, мектептерде түрлі музыкалық үйірмелер ашылып, көпшілік-насихат жұмыстары қызу жүріп жатты. Сөйтіп, халық таланттарының көзі ашылып, қазақ интеллегенциясының қалыптасуына ықпалын тигізді. Музыкалық-эстетикалық тәлім-тәрбие бағытында бірқатар мектептен тыс мекемелер өз жұмысын жандандыра бастады. Солардың бірі – 1920 жылы Орынбор қаласында ашылған Қазақ өлкелік тәжірибелік-экспериментті мектеп-коммуна еді. Онда ән сабағы аптасына екі сағаттан жүргізіледі. Алайда, арнайы мамандар болмағандықтан, ән сабақтарын музыкалық білімді мамандар орыс тілінде жүргізді.
30-шы жылдары Одақ көлемінде кеңінен өріс алған мәдени құрылыс ісі Қазақстанда музыкалық білім беру ісінің дамуына үлкен септігін тигізді. Балалар музыка мектептерін, техникумдар мен жоғары оқу орындарындағы жұмыстарды бір жүйеге келтіру ісі қолға алына бастады. Алматы қаласында 1932 жылы алғашқы музыкалық-драмалық техникумның және оның базасында А.Қ. Жұбановтың басқаруымен қазақ халық музыкасын зерттеу кабинеті және қазақ халық музыкалық аспаптарын жетілдіру бойынша музыкалық-эстетикалық шеберхананың ашылуы үлкен бастама болды. 30-шы жылдардағы тағы бір жетістік Қазақстандағы барлық мектептердің Ресейдің музыкалық білім беру бағдарламасымен оқытуға көшуі еді.
Алайда Қазақстанда оқулықтардың, оқу құралдарының, кәсіби мамандардың жетіспеуінен музыкалық білім беру артта қалып отырды. Бұндай кемшіліктерді жою мақсатында тәрбие жұмысының негізгі формасы ретінде үйірме жұмысына көп мән берілді. Барлық мектептерде музыка, хор, драма үйірмелері жұмысы жанданды. Сөйтіп, көркемөнерпаздар ұжымдары оқушыларға музыкалық тәлім-тәрбие беруде қыруар іс атқарды.
Тарихта үлкен із қалдырған Ұлы Отан соғысы халық өмірінде елеулі нұқсан келтіргені белгілі. Осы кезеңде Ленинград, Киев, Мәскеу, Харьков қалаларынан эвакуацияланған өнер адамдарының, талантты сазгерлер мен педагогтердің Қазақстан жеріне қоныстануы музыка мәдениеті мен білімінің дамуына маңызды ықпалын тигізгені мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет