Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері



бет16/20
Дата18.10.2023
өлшемі374 Kb.
#118820
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Музыкалы білім беруді тарихы мен теориясы музыкалы білім беру

1)Музыкалық білім - әлемдік және отандық классикалық музыка, халық музыкасы, діни-рухани музыка, «жеңіл» музыка, балалар музыкасы және музыкалық іс-әрекет жөніндегі білімдер. Музыканы оқыту мазмұнына жалпы және жеке білімдер тән. Жалпы білімдер музыка өнерінің жалпы құбылыстарын бейнелесе, жеке білімдерге, мәселен, музыкалық тілдің нақты элементтері (метроритм, ырғақ, динамика, лад, регистр және т.б.) немесе композиторлар, орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ музыкалық шығармалардың шығу тарихы, нота сауаттылығы жөніндегі білімдер жатады. Оларды меңгерту оқушылардың санасында музыка әлемінің шынайы бейнесін қалыптастырады, музыкалық танымдық және практикалық іс-әрекеттерді әдіснамалық тұрғыдан жүзеге асыра алуын қамтамасыз етеді. Музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалық білімніңкелесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер.Бірінші деңгейдегі білімдер музыка өнерінің әлеуметтік функцияларын, қоғамдық өмірдегі ролін, эстетикалық нормалар мен музыкалық мәдениеттілік өлшемдерін сипаттайды. Ал екінші деңгейдегі білімдер музыка тілінің мәнді рекшеліктерін, музыканың құрылымы мен даму заңдылықтарын, құралдарын түсіндіреді.
2) Музыкалық іскерліктер – белгілі іс-әрекет амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, әлемдік және отандық классикалық музыка, халық музыкасы, балалар музыкасы жөніндегі музыкалық білімдерін, музыкалық іс-әрекет амалдаын пайдалана алу іскерлігі, яғни бұрыннан қалыптасқан музыкалық іс-әрекет амалдарын жүзеге асыру тәжірибесінің меңгерілуі. Бұл музыкалық мәдениетті сақтау, жеткізу қабілетін қамтамасыз ететін тәжірибесінің мазмұнын құрайды. Музыканы тыңдау іскерліктері және музыканы орындау дағдылары оқушылардың музыкалық мәдениеті қалыптасуының бастауы болып табылады.
3) Музыкалық шығармашылықты және ізденімпаздық іс-әрекеттер тәжірибесі. Бұл тәжірибе – жаңа проблемеалрды шешуге мүмкіндік беретін адамзаттың даму процесінде жинақтаған қазынасы. Ол өз кезінде бұған дейін меңгерілген музыкалық білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларда өз бетімен жүзеге асыруды, белгілі іс-әрекет амалдарының негізінде жаңа амалдарды қалыптастыруды талап етед. Бұндай тәжірибе адамның музыка әлеміне, музыканы қабылдау арқылы өзіне қарым-қатынсында көрініс табатын жеке тұлғалық сипатын танытады.
4) Музыка әлеміне, музыкамен шұғылданатын адамдарға өзінің музыкалық әрекеттеріне деген эмоционалды-құндылықты қарым-қатынасы. Бұл - бұрыннан белгілі музыкалық тәжірибені меңгертудің өте-мөте жоғарғы деңгейі. Бұл-тек музыкалық білім, іскерліктер ғана емес, тұлғаның проблемалардың шешіміне деген өздік көзқарасы мен қарым-қатынасы. Бұндай жағдайда меңгерген музыкалық-әлеуметтік тәжірибесі оқушылардың меншікті музыкалық тәжірибесіне, музыкалық іс-әрекет ету амалдарына айналады.
Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсмдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, туған өлкенің сұлулығы мен байлығын қастерлеп, бағалау, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңы да жас ұрпақтың жоғары адамгершілік сапа-қасиеттерін, ұлттық патриотизм мен намысын, адамдарға деген ізгілікті қарым-қатынасын, мінез-құлқын, халықтың қайталанбас мәдениетіне сыйластықты көзқарасын қалыптастыруды көздейді, соның ішінде музыкалық білім беру мазмұнын қалыптастыруда өзгерістерді талап етеді. Осы талаптарды музыкалық білім беру мазмұнында негізге алу мақсатында, қазақстандық ғалым-педагогтар, музыка пәні мұғалімдері бірнеше оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен әдістемелік құралдарын жасады.
Қазақстан Республикасы білі беру жүйесінің қызметі ен білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі құжат ҚР «Білім туралы» Заңы (1995) болып табылады. Білім берудегі жаңа бағыт-бағдар – оны стандарттау. Бұл өз кезеңінде Қазақстан Республикасында жалпы білім берудің бірыңғай деңгейін қалыптастыру және әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатына байланысты қолға алынған. «Стандарт» ұғымы ағылшын тілінде «Standart», яки мөлшер, үлгі, өлшем дегенді білдіреді.
Ал музыкалық білім стандарты дегеніміз – бітірушілердің жалпы музыкалық білім даярлығына қойылатын талаптардың міндеті және соған сәйкес келетін білім мазмұны, әдістері, формалары, оқу құралдары мен бақылаудың деңгейі.
Қазақстан Республикасы білім стандартында мыналар қарастырылады:
1.Мемлекеттің оқушыға қажетті көлемде міндетті түрде жалпы білім көлемінде беретін білім мазмұнының әр бағыттары бойынша сипаттамасы.
2.Белгіленген білім мазмұны бойынша оқушының ең аз мөлшердегі даярлығына қойылатын талаптар.
3.Оқу жылдары бойынша ең көп мөлшерде оқу жүктемесінің мүмкін болатын көлемі.
Білім стандарты негізінде оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары сияқты нормативтік құжаттар дайындалады.
Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептегі оқу процесі мемлекеттік базистік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Музыка пәні беретін оқу жоспарының жылжымалы бөлігінде қарастырғандай, 1-8 сыныптар аралығында аптасына 1 сағат оқу жүктемесі жүргізіледі. Ал оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі жүктемелерге сәйкес, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен музыкамен шұғылдануға қосымша сағаттар бөлінуі мүмкін.
Бүгінгі таңда оқу жоспарын жасау, оны әрі қарай жетілдіру келесі екі бағыт бойынша жүзеге асырылу үстінде:
-бұған дейін оқылу көзделмеген, жаңа пәндердің енгізілуі. Олар ғылым, техника, өнер, қоғамдық өмірдегі жаңа мазмұнды көрсетеді;
-білім мазмұнының түрлі компоненттерін (міндетті және элективті), дәстүрлі оқу пәндері циклдарын қандай мөлшерде және көлемде оқытудың арасалмағын қарастыру бойынша ізденістер.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында мектептерге жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік берілген. Бұл оқу жоспары мемлекеттік білім стандартына сәйкес келуі тиіс. Жеке оқу жоспарлары жаратылыстану – математикалық немесе гуманитарлық және т.б. бағытта белгілі бір мамандандыруға бағытталған міндетті оқу пәндерін оқытуда, сондай-ақ кейбір пәндерді тереңдетіп оқытуда басшылыққа алынады.
Оқу бағдарламалары - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті негізгі білім, іскерлік, дағды көлемін сипаттайтын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасында меңгерілетін музыка пәнінің материалдарын жылдарға бөлу мерзімі, әр тақырыпқа қажетті сағат сандары жөнінде ұсыныстар беріледі.
Музыка пәні оқу бағдарламасы өзінің құрылымдық жағынан үш негізгі компоненттен тұрады:
-түсінік хат немесе кіріспе. Онда жалпы білім беретін мектептегі оқу пәндері жүйесінде оқылатын музыка пәнін оқыту бойынша мақсатты бағыттар анықталады;
-білім берудің нақты мазмұны. Ол дегеніміз – музыка пәні бойынша негізгі ақпарларды, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, сондай-ақ пәнді меңгерту барысында қалыптастырылуға тиісті дағды, іскерліктердің міндетті аясы және пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асырылатын жалпы дағды, іскерліктердің тізбесі қарастырылған оқу материалдары болып табылады;
-әдістемелік нұсқаулар. Бұл нұсқауларда бағдарламаны жүзеге асыру жолдары, әдістері, ұйымдастыру формалары, оқыту құралдары жәнесол пәнді оқыту процесінде оқушылардың алған білімін, дағды іскерліктерін бағалау туралы мағлұматтар беріледі.
Музвка пәні оқу бағдарламасының мазмұны оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс табады. Оларды негізгі білім көзі және оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың ең маңызды оқу құралдары ретінде қарастырамыз. Оқулықтағы оқу материалдары ең қажетті және жеткілікті көлемдегі нақты мөлшерде, сонымен қатар қысқа да ықшамды, мейлінше қорытындыланған түрде көрініс алуы тиіс. Оқулықтағы және оқу құралдарындағы материалдарда нағыз ғылым жетістіктері баяндалады және оқушылардың жас шамасына лайықтылығын, қызығушылықтары мен психикалық процестердің (қабылдау, ойлау, ес, т.б.) ерекшеліктерін есепке алу, оқушылардың танымдық белсенділігі мен қажеттіліктерін, еркін ынталандыру, оқыту процесіндегі жауапкершіліктерін арттыру мәселелері қарастырылады.
Оқу құралдарына жататындар: хрестоматиялар, жаттығулар мен тапсырмалар, нота жинақтары, сөздіктер, анықтамалық сөздіктер, фотохрестоматиялар, сыныптан тыс оқуға қажетті кітаптар және т.б. Музыка пәні бойынша оқу құралдарындағы оқу материалдарын жаңа мағлұматармен барынша байытып, толықтыратындай кеңейтілген түрде беріледі. Оқу құралдары, сөйтіп, оқушыларды оқу материалдарын баяндап беруге, талдауға толықтыруға, саналы тұрғыдан зерделеуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет