Музыкалық білім берудің заманауи əдістемесіндегі музыка сабағын ұйымдастыру міндеттері. Жоспар:
1. Музыкалық білім беру теориясы.
2. Заманауи әдістемедегі музыка сабағы.
3. Музыка сабағын ұйымдастыру.
4. Музыка сабағын ұйымдастыру міндеттері.
1. Музыкалық білім беру теориясы. Музыкалық білім беру теориясы педагогика ғылымы саласының бір бөлігіне жатады. Білім процесінде музыкалық өнерге деген арнайы зейін түрлері, музыка жүйесіндегі жеке тұлғаның қалыптасып дамуы, музыкалық білім беру компоненттері мен музыка мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері мен іс-әрекеттері өте маңызды. Музыкалық білім беру бір елде дамуына, әр дәуір, әр уақытта болған музыкалық тәрбие мен білімнің қалыптасуы, даму тарихы, белгілі ғалым-педагогтардың, музыканттардың осы бағыттардағы ізденістеріне байланысты.
Әр түрлі мемлекеттерде музыкалық білімнің пайдалану өрісі, өсуі, дамуы, тарихы, әдісі, әдіснамасы өзара байланыста қаралады. Оның ішінде Қазақстан Республикасының музыкалық білім беру дамуына ғалымдар тарапынан зерттеген: М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Б.Ғизатов, С.А.Ұзақпаева, Ө.Байділдаев, П.М.Момынов, Р.Р.Жәрдемәлиева, А.Райымбергенов, М.Х.Балтабаев, Ш.Құлманова т.б.
Музыкалық білім беру теориясы төмендегідей мәселелерді қарастырады: - музыканы оқыту теориясы мен музыка тарихын пән ретінде оқыту;
- білім процесіндегі музыкалық өнердің орны;
- музыкалық білім беру жүйесіндегі баланың тұлға ретінде
қалыптасуы;
- музыкалық білім берудің мақсаттары, талабы, принциптері;
- музыкалық білім берудің негізгі мазмұнының элементтері;
- музыкалық іс-әрекеттердің түрлері, музыкалық білім беру әдістері;
- музыкалық білім беру формасы;
- музыка мұғалімінің музыка-педагогикалық іс-әрекеттері;
- музыка мұғалімінің тұлғалылығы, кәсіби сапасы мен сипаты.
Осы мәселелермен бірге баланың жас ерекшелігі, музыкалық икемділігі мен дағдылары, іс-әрекеттерінің түрлері, музыка сабағы, сыныптан-мектептен тыс жұмыстары, тарихы, вокалды, аспапты іс- әрекеттері, музыка бағдарламаларына шолу, репертуар, тыңдау, орындаушылық шеберлігі, ізденіс ретінде іс-әрекеттері т.б.
Болашақта өз ісінің білікті маманы болғысы келетін музыка пәнінің мұғалімі музыкалық білім беру теориясын жете меңгеруі тиіс, онсыз кәсіби шеберлікке жету мүмкін емес.
Музыкалық білім беру теориясы:
- оқушыларды оқытып, дамытуда музыкалық тәрбие берудегі өнер мен педагогиканың қағида, заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік жасайды;
- балаға музыкалық білім берудің субьектісі ретінде қарайды;
- маман ретіндегі музыка пәні мұғалімінің өзіндік сапалық тұлғасын қалыптастырады;
- музыкалық білім берудің біртұтас жүйелі үлгісін көрсетеді;
- музыка пәні мұғалімі кәсіби қызметінің мәнін, түрлері мен ерекшеліктерін айқындайды.
Музыкалық білім беру теориясын меңгеру үшін музыка пәні мұғалімі пәнге қатысты терминдерді білуі тиіс.